2017 жылы Қазалы ауданы бойынша ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы анықтама егіс көлемі



Дата01.03.2019
өлшемі133.23 Kb.
2017 жылы Қазалы ауданы бойынша

ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Егіс көлемі. 2017 жылы барлығы 17 355 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты. Оның ішінде дәнді дақылдар 7230 га, көкөніс, бақша 2250 га, мал азықтық дақылдар 7405 га майлы дақыл 470 га.

Негізгі дақыл күріш 6800 гектар.



Егілген егістіктен межеленген өнім алу мақсатында шаруашылықтар биылға барлығы 4221 тонна минералдық тыңайтқыш және егіс арамшөптеріне қарсы барлығы 7376 литр гербицид сатып алып, күріш егісінің 6240 гектарына үстеп қоректендіру және 5550 гектар күріш егісі арам шөптеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізілді.

Тұқым. Ағымдағы жылы күріш егісіне 1856,7 тонна пайдаланылды. Оның 1472,7 тоннасы (79,3 %) І класс, 229 тоннасы (12,3 %) ІІ класс, 135 тоннасы (7,4 %) III класс.

Пайдаланған тұқымының 70 тоннасы элита, 1349,7 тоннасы І репродукция, 344,6 тоннасы ІІ репродукция, 92,4 тоннасы ІІІ репродукциялы.
Күріш дақылының сорттар бойынша егіс көлемі


Р/с

Сорты

Егіскөлемі, га

%

Жұмсалған тұқым, тн

1

Каз-Ер-6

336

4,9

92

2

Янтарь

2539

37,4

693,2

3

Лидер

2097

30,8

572,6

 4

Новатор

1402,5

20,7

382,9

5

фоварит

96

1,4

26

6

Маржан

329,5

4,8

90




Барлығы

6800

100

1856,7


Жанар-жағар май. Мемлекет тарапынан кепілді бағамен көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстары үшін барлығы 3010 тн дизель отыны бөлініп, таратылды (о.і. көктемде 1405 тн, күзде 1605 тн әр литрі 128 теңгеден, жеткізіп беруші оператор «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС). 2017 жылы аудан бойынша апзандатылған жанар-жағармайдан 2605 тонна алынды.

Техника. 2017 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1 дана ауыл шаруашылығы техникаларын (1 дана класс комбайнын) сатып алынған. Алайда алынған техниканың ақаулылығына сәйкес кірістелмей отыр.

Суармалы су пайдалану. 2017 жылы егілген 17 355 га ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін 411,36 млн м3 және экологиялық мұқтаждыққа 270,0 млн м3 (меже 270) барлығы 681,36 млн м3 су лимиті бөлініп пайдаланылды.

Биыл, егістікті сумен қамтуда проблемалық мәселелер болған жоқ, су көлемі жеткілікті болды.

Егін жинау. Аудан дихандары биылғы жылы егілген 6705 гектар күріштің әр гектарынан 45,0 центнерден (2016 жылы 49,6 ц/га) өнім жинап, ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйды.

Сондай-ақ, басқа да ауылшаруашылығы дақылдарының орташа гектар түсімі өткен жылдармен салыстырғанда біршама жоғары болды.

410 га жаздық бидай дақылы түгел жинап алынды, гектардың орташа түсімі 10,5 центнерден айналды. 460 гектар мақсары дақылы түгел жиналып барлығы 170 тонна өнім алынп, орта өнім 3,7 цн айналды.

Сондай-ақ, күтімге алынған 4210 га ескі жоңышқаның 600 гектарын тұқымға қалдырып, 2 орымында 3610 гектары ораққа түсіп, барлығы 8673 тн (3437 тн шөп және 1452 тн пішендеме) өнім жиналып, орта өнім 20,6 цн айналуда.

600 гектар сүрлемдік жүгері дақылы 100 % жиналды, одан барлығы 8550 тонна өнім алынып орта өнім 142,5 центнерден айналды.

Сонымен қатар, бүгінге 88,0 мың (меже 86 мың) тонна табиғи шөп дайындалды.


Мемлекеттік қолдау. 2017 жылға егіншілік саласын субсидиялауға байланысты бүгінгі күнге барлығы 339,7 млн теңге субсидия төленді, О.і.

Басым дақылдар үшін 159,8 млн теңге (оның ішінде күріш 120,7 млн теңге, жаңа жоңышқа 23,2 млн теңге, сүрлем жүгері 13,8 млн мақсарыға 2,1 млн теңге);

Минералды тыңайтқышқа 91,0 млн теңге (оның ішінде карбамид 65,3 млн теңге, сульфат аммония 25,7 млн теңге);Гербицидке 46,5 млн теңге, (оның ішінде Гулливер 2,9 млн теңге, Рейнбоу 37,2 млн теңге, Солито 4,3 млн теңге, Роундап-Экстра 2,1 млн теңге);

Сатып алынған (пайдаланған) тұқымға 28,6 млн теңге есептелініп облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдалданып аударылды.

Суармалы су қызметі үшін 13,8 млн теңге есептелініп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы өтінімдер қабылданып, субсидия төленді.

2018 жылғы егіс көлемі. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру барлығы 17 790 гектарға межеленіп отыр (2017 жылы 17 355 га), оның ішінде;

дәнді дақылдар 7630 га (2017 жылы 7230 га),

мал азықтық дақылдар 7480 га (2017 жылы 7405 га),

картоп, көкөніс, бақша 2250 га (2017 жылы 2250 га),

майлы дақылдар 430 га (2017 жылы 470 га),

Басты дақыл күріш егісінің көлемі 6950 гектар (2017 жылы 6800 га).



Дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді.

Сондай-ақ, 2018 жылдың егісі үшін 3602 тн (қажеті 1946 тн) күріш тұқымы, 137 тн (қажеті 117 тн) жаздық бидай, 40 тн (қажеті 32 тн) жоңышқа және 15 тн (қажеті 10,5 тн) мақсары дақылы тұқымдары дайындалды.

«Казагрэкс» АҚ тұқым сараптау зертханасы мәліметі бойынша бүгінгі күнге барлығы күріштен 3602 тн барлығы 1015 тн 28 %, бидай тұқымы барлығы 25 тн 62,5 % себу дәрежесіне жеткізілгендігі анықталып отыр. Қазіргі таңда шаруашылықтарда күріш тұқымын тазалап, себу дәрежесіне жеткізу жұмыстары жалғасуда.

«Рза-Агро» ЖШС-гі Түгіскен шаруашаылғынан 30 тн элита тұқымын, «Сыр Маржаны» ЖШС-гі Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен 30 тн Титан тұқымын алуға келісім шартқа отырды.

Сонымен қатар, алдағы жылдың егісі үшін 5200 га (меже 7335 га) сүдігер көтеріліп, 150 га (меже 150 га) жер қандыра суғарылса, 4,0 мың га (меже 20,0 мың га) шабындық пен жайылымдық суландырылды.

Аудан бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 4527 тн минералды тыңайтқыш және күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын 6110 литр гербицид қажет.


Мал шаруашылығы саласы

Aудандық статистика басқармасының жедел есеп мәліметіне сәйкес 2017 жылдың 1 желтоқсанына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 903,0млн теңге, өткен жылмен салыстырғанда нақты индекс көлемі 105,8%.



Өндірілген өнім бойынша: ағымдағы жылдың 11 айында сүт өндірісі 13 666,3 тонна (2016 жылдың 11 айында 13 567,3тонна)100,7 пайыз, ет өндірісі 4375,3тонна (4277,1 тонна) 102,3 пайыз, жұмыртқа өндірісі611,1 мың дана (607,5 мың дана) 100,6 пайызға орындалып отыр.

Аудан бойынша барлық мал басының 3,0 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесінде, 29,0 пайызы шаруа қожалықтардың үлесінде, 67,5 пайызы жеке жұртшылық үлесінде.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың мал басының үлес салмағы:

МІҚ малы бойынша 1 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша МІҚ мал басының 4,1 пайызын құрайды. (1464 бас);

Жылқы малы бойынша 4 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша барлық жылқы мал басының 7,2 (1995 бас) пайызын құрайды. («Шекер» - 472 бас, «Жеңіс» шқ – 413 бас, «Аржиков Б» шқ – 441 бас, «Атамекен-2» шқ – 669 бас);

Түйе малы бойынша 4 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша барлық түйе мал басының 16,9 (1622 бас) пайызын құрайды. («Жеңіс» шқ –468бас, «Аян» шқ – 230 бас, «Алау» ЖШС – 540 бас, «Серимов К» шқ – 384 бас).



Мал басы: 2017 жылдың 1 желтоқсанына МІҚ 35313 басқа жетіп, (2016 жылдың 1 желтоқсанына 33 987 бас) өткен жылдың осы кезеңіменсалыстырғанда 1326 басқа (103,9пайыз) өскен;

оның ішінде аналық сиыр 15106 бас (2016 жылы 14 369 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 737 басқа (105,1пайыз) өскен;



қой61031 бас (2016 жылы 57625 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3406 басқа (105,9 пайыз) өскен;

ешкі 45555 бас (2016 жылы 43807 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1748 басқа (104,0 пайыз)өскен;

жылқы27102 бас (2016 жылы 22470 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4632 басқа (120,6 пайыз) өскен;

түйе 9579 бас (2016 жылы 8536 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1043 басқа (112,2 пайыз) өскен;

құс 5774 бас (2016 жылы 6738 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 964 басқа (85,7 пайыз) азайған.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 2017 жылға 262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланып, қазіргі таңда 6шаруашылық 29,8 млн теңгеге 162 бас аналық және 11 бас бұқа сатып алды. Оырындалуы 61,8 пайыз.

«Құлан» бағдарламасы арқылы 2017 жылға 62 бас аналық бие, 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күнге 5 шаруашылық 56,1 млн теңгеге 181 бас бие және 18 бас асыл тұқымды айғыр сатып алды. Орындалуы 3 есе.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2017 жылға 125 бас аналық қой 5 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған, алайда әзірге сатып алғандар болмауда.
Су шаруашылығы саласы бойынша:

Канал тазалау: Аудан бойынша 2017 жылға облыстық бюджеттен «Горсовет» каналына 87 764,0 мың теңге және «Дәулет–арық» каналына 51 296,7 мың теңге барлығы 139 060,7 мың теңге қаржы бөлініп, бойындағы гидротехникалық құрылыстарына жөндеу жұмыстары мен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Каналдарды құжаттандыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар:

Елбасымыздың биылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге жерді тиімді пайдалану тиімділігін арттыру және суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажеттігін тапсырды.

Осыған орай, облыста Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарланып отыр.

Бұл ретте 29 мың гектар суармалы жердің ішінде Қазалы ауданының үлесі 4720,28 гектар.

2016 жылдың желтоқсан айындағы кезектен тыс Х сессиясымен 2017 жылға облыстық бюджеттен, Қазалы ауданы бойынша айналымнан шыққан 4720,28 гектар суармалы жерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген шаруашылық каналдарымен ішкі шаруашылық каналдарын құжаттандыруға 79,4 млн теңге бөлінген.

Қазіргі таңда ауылдық округтердің теңгеріміндегі шаруашылық каналдарды құжаттандыруға 35,7 млн теңге және Қазалы ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің теңгеріміне алынған ішкі шаруашылық каналдарын құжаттандыруға 43,7 млн теңге берілді.

Атап айтқанда, жобаға енгізілген 23 шаруашылық каналдарды құжаттандыру барысында Майдакөл, Аранды, Өркендеу, Қарашеңгел, Мұратбаев, Көларық, Ақжона, Алға ауылдық округтері тарапынан тиісті мелиоративтік (жер акті, техпаспорт, бағалау) жұмыстар толық аяқталды.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне берілген ішкі шаруашылық каналдарының жер актілері мен техникалық құжаттары толығымен жасалынып, Әділет басқармасына тіркеуге алынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 4720,28 гектар айналымнан шыққан суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген карталық су арықтары мен карталық су тастау (қашыртқы) жүйелерінің құжаттарын заңдастыруға 74,2 млн теңге қаржы бөлініп, Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы жер актісі мен техникалық құжаттары толығымен әзірленді, және бағалау жұмыстары мен Әділет басқармасына тіркету жұмыстары 2018 жылға жүргізілетін болады.

Жоғарыда аталған су шаруашылығы нысандарына толығымен құжаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін республикалық меншікке өткізіліп, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Содан кейін, аудан бойынша барлық айналымнан шыққан суармалы жерлер қайта айналымға қосу күтілуде.


Өндірістік кооперативі туралы. Аудан бойынша 2016-2017 жылдары ауылдық округтерде 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері сүт, ет және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағытында құрылды.

Құрылған кооперативтердің ішінде 27-і мал шаруашылығы, 9-ы егін шаруашылығы, 1-і мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өндіру және 1-і көкөніс өнімдерін өңдеу саласына бағытталған.

2017 жылы кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 307,0 млн теңге қаржы алып, жұмыстар жүргізуілуде.

Атап айтсақ, Ауыл шаруашылығы өндірісі кооперативі «Kazaly Agro» - құрамында 88 адам. Кооператив «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Береке» бағдарламасы бойынша мал бордақылау жұмыстарымен айналысуға 267,0 млн теңге несиеалған. Қәзіргі таңға кооперативте бірігу арқылы жұмыс жасау тиімділігін көрсетуде. Сонымен қатар, өз қаржысына (450 мың теңге) мал азығын дайындайтын кормоцех техникасын (ДМП-1,5) алып, іске қосты.

«Қонай» АӨК-і 24 мүшеден құрылған, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Береке» бағдарламасы бойынша 40,0 млн теңге несие алған, 240 бас мүйізді ірі қара малын алып, бордақы бағытында жұмыс жүргізуде.

«Өңірлік инвестициялық орталықтан» 2 кооператив 32,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Атамекен 77» кооперативі: құрамында 20 адам, 18,0 млн теңге қаржы алып, қой тұқымын асылдандырып, көбейту жұмыстарын жүргізуде.

«А-Арсен» кооперативі құрамында 20 адам. 14,0млн теңге несие алып, жылқы малын өсіруде.



Аудан орталығынан құрылған«Бахча» кооперативі Байқоңыр қаласы әкімшілігімен меморандумға отырып, Байқоңыр қаласынан 7 сауда нүктесін (дүңгіршек) ашып, бақша өнімдерін өткізуді ұйымдастыруда.
Дипломмен ауылға жобасы бойынша: «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 95 маманға 323 332,0 мың теңге қаралып, 2017 жылдың 1 қазан айына 100 маманға әлеуметтік қолдау ұсынылды.
Жәрмеңке. Облыс әкімі бекіткен жәрмеңке кестесіне сәйкес, ауыл шаруашылық тауар өндірушісінен тікелей қамтамасыз етуге байланысты бағаны тұрақтандыру және ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін 646,5 тонна азық-түлік тауарларын жалпы сомасы 107,4 млн. теңгеге 19 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айларында Қызылорда облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Астана қаласында 4 рет өткізілді, жәрмеңкеде 98,0 тонна азық-түлік тауарлары сатылды.
Каталог: bugingroup zend -> kazaly -> public -> admin
admin -> Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы.
admin -> АТҚарылған жұмыстар мен жаңа міндеттер
admin -> Қазалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
admin -> «Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің I жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы анықтама егін шаруашылығы
admin -> Қазалы ауданы әкімінің 2017 жылы атқАРҒан жұмыстары мен алдағы жаңа міндеттері туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет