2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы



Дата04.12.2017
өлшемі144.55 Kb.


2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 5464 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының:

      1) 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымдық орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу, ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50%-ға дейінгі мөлшерін өтеу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің, асыл тұқымды ешкі сатып алу, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;

      2) 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;

      3) 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13 "2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5264 тіркелген, 2017 жылғы 21-22 ақпандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.



      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы әкімінің
міндетін атқарушы

Ж.Бексары

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 1-қосымша

Асыл тұқымдық орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу, ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 пайызға дейінгі мөлшерін өтеу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің, асыл тұқымды ешкі сатып алу, бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері


 

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшем бірлік

1 басқа субсидия нормативі,
теңге

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5 000

2.

Ауыл шаруашылығы малдарының мал азығының шығындар құнын арзандату*:

х

х

2.1.

алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

46 000

2.2.

3000 бастан бастап мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары

бас

49 000

2.3.

орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

90 000

2.4.

орташа жылдық сауымы 5000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

40 000

3.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

3

4.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

5.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92

6.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

7.

Асыл тұқымды ешкі малын сатып алу

бас

40 000

8.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

9.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бал ара ұясы

20 000

      * Ескерту: субсидия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігіні және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдықтарына сәйкес бөлінеді.

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары



Субсидиялау бағытының атауы

Өлшемдер және талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.

2.

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50%-ға дейінгі мөлшерін өтеу

1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. 3000 бастан бастап мал бордақылау алаңдары үшін:
мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.
4. Орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг кем болмауы тиіс.

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері



Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия- лар норматив- тері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия- лар сомасы, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1.1.

Тауарлы аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

77 292

772 920,0

2)

Қосымша норматив











80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

8 000

40 000

320 000,0



60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

6 000

27 292

163 752,0

1.2.

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

13 988

139 880,0

2)

Қосымша норматив

2.1

80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

6 900

138 000,0

2.2

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15 000

6 898

103 470,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

5 941

891 118,0

3.

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1)

Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап

бас

45 000

13 648

614 160

2)

Нақты бордақыланғаны 2 500 бастан бастап

бас

40 000

1 500

60 000

3)

Нақты бордақыланғаны 2 000 бастан бастап

бас

35 000

3 000

105 000

4)

Нақты бордақыланғаны 1500 бастан бастап

бас

30 000

200

6 000,0

5)

Нақты бордақыланғаны 1 000 бастан бастап

бас

25 000

1 000

25 000

6)

Нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап

бас

20 000

925

18 500,0

7)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

бас

20 000

1 750

35 000,0

Барлығы

3 392 800,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1.

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық норматив

бас

10 000

3 000

30 000,0

2)

Қосымша норматив











80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

1 500

30 000,0



70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15 000

558

8 370,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

Отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

бас

170 000

200

34 000,0

2)

Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал



Еуропа және ТМД елдерінен

бас

150 000

100

15 000,0

3.

Сүт өндірудің құнын арзандату

1)

Жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

25

8 603 000

215 075,0

2)

Жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

15

500 000

7 500,0

3)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

килограмм

10

16 200 000

162 000,0











501 945,0

Мал шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5000

10 000

50 000,0

2.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағу

бас

100 000

1 500

150 000,0

Барлығы

200 000,0

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату









1)

1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

килограмм

50

2 200 000

110 000,0

Барлығы

110 000,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа құнын арзандату

1)

100 млн.данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,5

85 000 000

212 500,0

2.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

3

4 000 000

12 000,0

Барлығы

224 500,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

1)

Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап

килограмм

100

3 000 000

300 000,0

Барлығы

300 000,0

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

Асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

9 100

22 750,0

2)

Тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

130 000

195 000,0

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу









1)

Тұсақтар

бас

8 000

1 585

12 680,0

2)

Тұқымдық қошқарлар

бас

20 000

1 000

20 000,0

3.

Қозы етін өндіру құнын арзандату

бас

1 500

3 000

4 500,0

Барлығы

254 930,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

бас

100 000

50

5 000,0

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

бас

40 000

79

3 160,0

3.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

200 000

12 000,0

4.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92

250 000

23 600,0

Барлығы

43 760,0

Түйе шаруашылығы

1.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

10 000

550,0

Барлығы

550,0

Ешкі шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды мал сатып алу

бас

40 000

150

6 000,0

2.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

15 000

900,0

Барлығы

6 900,0

Бал ара шаруашылығы

1.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Бал ара ұясы

20 000

350

7 000,0

Барлығы

7 000,0

Азық өндіру

1.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналғаншығындар құнын 50%-ға дейін арзандату

бас

*

**

763 460,0

2.

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрама жем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату

тонна

20 000

5 502

110 040

Барлығы

873 500,0

БАРЛЫҚ СОМАСЫ

5 915 885,0

      Ескерту:* субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2 тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.

      ** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: sites -> default -> files -> osnovnaya
osnovnaya -> 2016 жылдың қазан айының 1-31 қазан аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
osnovnaya -> Ақтөбе облысының аумағында жануарларды ұстау Қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»
osnovnaya -> Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
osnovnaya -> 2015 жылғы 4 тоқсанда Ақтөбе облысы әкімдігімен қабылданған актілер тізбесі Қазан айы
osnovnaya -> Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет