2015 жылы атқарған және 2016 жылға жоспарлаған жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіз. Жалпы басқарманың құрылымы 2



жүктеу 201.62 Kb.
Дата05.07.2017
өлшемі201.62 Kb.
Облыстың энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының 2015 жылы атқарған және 2016 жылға жоспарлаған жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіз.

Жалпы басқарманың құрылымы 2 орынбасардан және 3 бөлімнен тұрады және 19 адам қызмет етеді. Олар:



  1. Энергетиканы дамыту бөлімі (1 – Бөлім басшысы, 3 – бас маман, 2 – инспектор)

  2. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі (1 – Бөлім басшысы, 3 – бас маман, 1 – инспектор)

  3. Әкімшілік-қаржы бөлімі (1 – Бөлім басшысы, 2 – бас маман, 2 – инспектор)

Басқарманың басым бағыттары: облысты



  1. Электрмен қамтамасыз ету

  2. Газбен қамтамасыз ету

  3. Жылумен қамтамасыз ету

  4. Сумен қамтамасыз ету

  5. Су бұрумен қамтамасыз ету

  6. Тұрғын үйлерді жөндеу

Қазіргі таңда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі – МАЭК) облыстағы электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және облыстың барлық тұтынушыларын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.



2015 жылы облыс бойынша энергия жүйеде ең жоғары жүктеме 777 МВт құрады. Ал электр энергиясын өндіру көлемі 5,2 млрд.кВт/сағ құрап, өткен жылға қарағанда 2,3% өсті.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әрекеттегі электр қуатын өндіру көздерін қайта құрылымдау және жаңа құрылысын салудың жөнділігін анықтай отырып, электр желілерін дамытудың Кешенді Жоспарына сәйкес «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2025 жылға дейінгі теңгерімді қалыптастыру жағдайлары бойынша 2020-2022 жылға таман электр қуатының жетіспеушілігі күтіліп отыр.

Осыған байланысты, аталған мәселені шешу мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы» жобасына ТЭН әзірленді. Оның құны 63,219 млрд теңгені құрап отыр. Жобаны іске асыру нәтіжесінде электр энергияға деген тапшылықты шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «КазАзот» ЖШС мекеме қаражаты есебінен қуаттылығы 40 МВт құрайтын газ поршенді электр станциясын салу жобасын іске асыруда. Жобаның аяқталу мерзімі 2017-2018 жыл. Бұл өз кезегенді жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Маерск» ЖШС мекеме қаражаты есебінен қуаттылығы 18 МВт құрайтын газ-турбиналық электр станциясын салу жобасын іске асыруда. Жобаның аяқталу мерзімі 2017-2018 жыл. Бұл өз кезегенді жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Баламалы энергетиканы дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Сондықтан Маңғыстау облысында жел электр стансасының құрылысы бойынша 4 компания тіркелді, бұлар - «Инвест Грин» ЖШС, «Саус уинд пауэр» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ бірге Toshiba компаниясы және «Евразиан инвест груп» ЖШС. Осылардың ішінен бүгінгі күні іске асыруға болатын ең нақтысы Toshiba компаниясымен бірге жоспарланған Түпқараған ауданындағы қуаты 42 МВт жел электр стансасының құрылысы жобасы болып табылады.

Бүгінгі күні «Саус уинд пауэр» ЖШС-тігі энергияның жаңғыртылатын көзі саласында жобаларды іске асыру үшін 2009 жылы құрылды. 2010 жылы компания Түпқараған ауданыынң Форт-Шевченко қаласының ауданында қуаты 42МВт ЖЭС құрылысын салудың жобасын әзірлеуге кірісті, Түпқараған ауданы әкімінің 01.07. 2010 ж. № 158 қаулысымен 375 га жер телімін ұзақ мерзімге жалға алуға (49 жыл) құқық рәсімделді, ТЭН әзірленді, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілді (предОВОС), санитарлық-эпидемиялогиялық және экологиялық қызметтердің оң қорытындысы алынды.

Сондай-ақ, «Бест-Групп НС» ЖШС Ақшұқыр елді мекенінде қуаты 5 МВт күннің көзінен қуаттанатын электр станциясының құрылысын салу жоспарлап отыр.

Электрмен қамту бойынша

Облыстың қалалары мен аудандарында электр қуатын тасымалдау «МЭБК» АҚ электр желілері арқылы, ал Ақтау қаласы бойынша – «АЭЖБ» МКК, Жаңаөзен қаласы бойынша "Өзенэнергосервис" ЖШС, Бейнеу ауданында - «Бейнеуэнергосервис», Қарақия ауданында «Тұрмыс-Сервис» МКК, Маңғыстау ауданында – «Дария» МКК, Мұнайлы ауданында – «Маңғыстауэнерго» МКК, Түпқараған ауданында «Түпқараған тоқ жүйесі» МКК электр желілері бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда «МЭБК» АҚ 2016-2020 ж.ж. кезеңге 27,716 млрд. тенге капиталдық салым сала отырып, мына инвестициялық бағдарламаларды іске асырып жатыр:


  1. ОРУ-110кВ құрал-жабдықтарын жаңғырту (қайта құрылымдау) – 2,4 млрд.тг;

  2. ОРУ-35кВ құрал-жабдықтарын жаңғырту (қайта құрылымдау) – 1,7 млрд.тг;

  3. ЗРУ-6-10кВ құрал-жабдықтарын жаңғырту (қайта құрылымдау) – 3,1 млрд.тг;

  4. ЭЖЖ (ЛЭП-220кВ) (467км) құрылысы – 13,8 млрд.тг.;

  5. Ағаш тіректерді бетон тіректерге ауыстыра отырып, РС-0,4кВ қайта құрылымдау, сонымен қатар СИП и КТП ашық тұрған сымдарды ауыстыра оытрып қайта құрылымдау;

  6. (ЭҚКЕААЖ (АСКУЭ), СКАДА, РЗ және А ендіру – 1,7млрд.тг.

Олардың негізгілері Өзен (9,2 млрд теңге) және Қаражанбас (8,6 млрд тенге) энерготүйіндерін күшейтуге арналған жұмыстар болып табылады. Оның ішінде: 1х250MBA автотрансформаторлы Актау-Жаңаөзен ЛЭП-220кВ құрылысы, 1х150MBA автотрансформаторлы Актау-Қаражанбас ЛЭП-220кВ құрылысы қаралған.


Бізге белгілі, электр энергетикасы өңіріміздің экономикасының сала қызметінің сенімді және тиімді қызмет істеуін, тұтынушыларды электр қуатымен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ететін базалық саласының бірі және тұрғындар өмірінің өркениетті жағдайын қамтамасыз етудің ажырамас факторы болып табылады.

Бүгінгі күні Ақтау қаласы солтүстік бағытта қарқынды екпінмен дамып келеді және жаңа шағын аудандар құрылуда.

Осыған байланысты, Ақтау қаласының солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін бірқатар жобалар әзірленді:

Бірінші – бұл ӘЖ – 220 кВ және 2х250 МВА ГПП «Орталық» қосалқы станциясының құрылысы. Жобада АТДЦТН-250000/220/110-У

түріндегі әрқайсысының қуаты 250 000 кВА, кернеуі 230/121/10,5 кВ үш фазалық екі қуаттық автотрансформаторларды орнату қарастырылған.

Бұл жобаны іске асыру өңір тұрғындарына электр қуатын беруді арттыруға мүкіндік береді, бұл сонымен қатар Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарындағы жаңа әлеуметтік және басқа нысандарды, Каспий энергетикалық хабын электрмен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жобаға түзету енгізу қажет.



Екінші – «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымының құрылысы» аясында кернеуі 110кВ электр жеткізу желісінің және 2 дана ПС 110/10 кВ қосалқы станцияның құрылысы. Жобада әрқайсысының қуаты 63 000 кВА, кернеуі 110/10 кВ екі қосалық станцияны орнату қарастырылған.

Жұмысшы бойынша №01-182/11 қорытынды 06.06.2011 ж. әзірленгендігін айта кеткен жөн. Мерзімнің ескілігіне және түзету енгізу қажеттілігіне байланысты 2015 жылы жергілікті бюджеттен 20 000,0 мың теңге бөлінді. ЖСҚ түзету 2016 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс.

Бұдан өзге, әрекеттегі ГПП жүктемелерін азайту және Ақтау қаласының төменгі шағын аудандарында қосымша жүктемелерді қосу мүкіндігі тудыру мақсатынды "Ақтау қаласының «Хазар» ГС ауданында жаңа «Хазар» ГПП 110/6 кВ құрылысы" жобасы әзірленуде.

Бүгінгі күні жоба жасақталды, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Жобаның шамамен алғандағы сомасы – 2,5 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар Ботаникалық бақ подстанциясын салу және Пребережная подстанция қуаттылығын 2*16 МВт-тан 2*25 МВт-ға ауыстыру қажеттілігі туындап отыр.

Газбен қамту бойынша

Тұтастай алғанда облыс бойынша елді мекендерді газбен 100% жабдықтауға қол жеткізілді. Облыстағы газ құбыры желісінің жалпы ұзындығы – 2689,2 км құрайды.

2015 жылы «КазТрансГазАймак» АҚ бірегей газ операторы арқылы облысымызға 2,7 млрд м3 газ жеткізілді. Оның ішінде ірі көлемдегі тұтынушы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС – 2,0 млрд м3 газ тұтынды, облыс тұрғындары 395,8 млн м3, қалдандары 0,0 млн м3 газ тұтынды.
Қазіргі сәтте «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бұрынғы иесіз газ желілерін өзінің теңгеріміне алды және мақсаты тұтынушыларды газбен толассыз жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылатын газ желілерін қайта құрылымдау және алыс жерлерде орналасқан елді мекендерде заманауи АГБС орнату бойынша инвестициялық жобаны әзірледі. Инвестициялық жобаның құны 24,091 млрд теңгені құрайды.

Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде:


  • Тұрғын үй массивтері үшін жаңа инфрақұрылымдарды құру;

  • Батыр, Жарма және Басқұдық елдімекендерін газбен қамтамасыз ету;

  • Облыс тұтынушыларына газды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 1125,5 км газ желілерін салу және қайта құру;

  • Жаңаөзен қаласы, Шетпе және Бейнеу ауданы елдімекендерін қыс мезгілінде тұрақты қысыммен қамтамасыз ету.

Маңғыстау облысының әкімдігі, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ арасындағы газ инфрақұрылымын 2015-2020 жыларға дейін дамыту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыру бойынша келесі іс-шаралар орындалды.

Мұнайлы ауданының ірі елді мекендірінің бірі Батыр селосын газдандырудың 2 кезегі аяқталды. Газ әкелетін ұзындығы 18 км газ құбырының құрылысы салынды, газбен қыздырылатын алты газ стансасы орнатылды, жалпы құны 1 435, 34 млн теңгелік 93 км квартал ішілік және көше аралық газ тарату желісі жүргізілді.

Осы жобаның 1 кезегі бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген 200,0 млн теңге игерілді, бұл жалпы жұмыс көлемінің 17,2% құрайды. Осы жобаның бірінші кезегін аяқтау «КТГА» МӨФ АҚ инвестициялық бағдарламасының аясында ағымдағы жылға жоспарланып отыр. Сметалық құны 1 161,0 млн.тг.

Сонымен қатар ұзындығы 30км «Таушық-Жыңғыды» жоғары қысымдық газ құбыры пайдалануға берілді, оның құрылысына 417 млн. теңге бағытталды.

2015 жылы Бейнеу селосының 23 көшесіндегі газ құбырының құрылысы бойынша жұмыстар және Бейне ауданындағы жоғары қысымдық газ құбырының құрылысы басталды, оларды осы ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Ақтау қаласының солтүстік бағытқа қарай өсуіне байланысты бүгінгі күні жаңа шағын аудандарды газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымының құрылысы аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан бастау алатын АГБС орнатылатын магистралдық газ құбырының құрылысы» (қуаты 50,0 мың нм³/сағ) жобасының ЖСҚ түзету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінды. Қазіргі таңда жоба түзетілуде.
Жылумен жабдықтау

Облыста жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін бірнеше коммуналдық кәсіпорын бар:

Ақтау қаласы бойынша "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС – энергия өндіретін кәсіпорын және «Каспий жылу, су арнасы» - энергия тарататын кәсіпорын Жаңаөзен қаласы бойынша –«Өзенжылу» МКК, Қарақия ауданы - «Турмыс-сервис» МКК, Маңғыстау ауданы - «Маңғыстау жылу, су», Мұнайлы ауданы - «Мангистау Жылу» МКК. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 779,6 км.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 2015 жылы Ұлттық қордан кредиттік қаражат есебінен «Инженерлік желілердің құрылысы және қайта құрылымдау (жылумен жабдықтау) 2 кезек» жобасына 927 241 млн теңге қаражат бөлінді. 2015 жылы 6,371 км жылу құбырлары салынды. Аталған жобалар 2016 жылға өтпелі болып табылды.

Жоба аяқталған кезде жылумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлар санын азайтуға, техникалық қызмет көрсету, пайдалану, жөндеуге кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданының КТҮ және әлеуметтік нысандарын жылумен жабдықтау ұзындығы 20 км «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құбыры арқылы қамтамасыз етіліп келгендігін айта кеткенді жөн санаймыз. Бұл жағдай күзгі-қысқы жылу беру маусымы кезінде жылудың үлкенкөлемде жоғалуына алып келетін еді. Осыған байланысты Мұнайлы ауданында жергілікті қазандықтар сатып алу және оларды орнатуға ЖСҚ әзірленді. Осы жобаға үстіміздегі жылы Нурлы Жол бағдарламасы аясында 710,0 млн тенге қаражат бөлінді.

Төменгі шағын аудандарды жылумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында ЕҚҚДБ қоса қаржыландыруымен «Ақтау қаласының жылу желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасының аясында 67 км жылу желісін ауыстыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленіп, жалпы сомасы 7,7 млрд теңгені құрады.

Сумен жабдықтау

Өздеріңізге белгілі, облысымыздың өзекті мәселелерінің бірі облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Жалпы облысымыздың тұрғындарын үш су көзі арқылы ауыз сумен қамтылуда. Олар:


  • Теңіз суын тұщыту арқылы («МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС);

  • «ҚазТрансОйл» АҚ-ң теңгеріміндегі «Астрахань - Маңғышлақ» су құбыры;

  • жерасты сулары.

Жүргізілген талдауға сәйкес, 2014 жылы барлық тұтынған судың балансы – 35,006 млн.текше метр, ал 2015 жылы 37,78 млн.текше метрді құрады.

Тұрғындардың ауыз сумен қамтылу көрсеткіштері келесідей:



  1. «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС – ң тұщытылған суын 31,88 % немесе 195,144 мың адам тұтынады;

  2. «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС – ң тұщытылған суын 23,92 % немесе 146,416 мың адам тұтынады;

  3. «Астрахань – Маңғышлақ» су құбырынан 35,81% немесе 219,210 мың адам тұтынады;

  4. Жерасты суынан 8,37 % немесе 51,256 мың адам тұтынады.

Тұтынылған судың негізгі бөлігі «Астрахань - Маңғышлақ» су құбырымен тасымалданатын «ҚазТрансОйл» АҚ – на (2014 жылы – 16,319 млн.текше метр, ал 2015 жылы 18,2 млн.текше метр су), одан кейін «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС – не (анықтама: 2014 жылы – 14,328 млн.текше метр, ал 2015 жылы 14,26 млн.текше метр су), одан кейін жерасты суларына (2014 жылы 3,56 млн.текше метр, ал 2015 жылы 3,3 млн.текше метр су) және «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС-не (анықтама: 2014 жылы – 0,790 млн.текше метр, ал 2015 жылы 1,976 млн.текше метр су) тиесілі
Ақтау қаласы бойынша су шығынының жалпы көрсеткіштері (шаруашылық – тұрмыстық, өндірістік және басқа) 1 адамға тәулігіне 185 литр су шығындалады. Жаңаөзен қаласында бұл көрсеткіш – 149 литр, Бейнеуде – 44 литр, Маңғыстау ауданында – 58 литр, Мұнайлы ауданында – 40 литр, Қарақия ауданында – 63 литр, Түпқараған ауданында – 39 литр.
2020 жылға қарай су тапшылығы 65,7 млн м3 (тәулігіне 180,0 мың м3) құрайды деген болжам бар. Өткен жылдың өзінде Жаңаөзен қаласы және Бейнеу, Жетібай селоларында әсіресе жаз мезгілінде ауыз су тапшылығы сезілді.
«Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры.

«Астрахань-Маңғышлақ» су таратқышы пайдалануға 1986 бастап 1990 жылдар аралығында, бір тін болып орындалған, «ҚазТрансОйл» АҚ теңгерімінде.

Жоғарыда атап өткендей су таратқыш бойынша 2014 жылы суды тұтынудың нақты көлемі 16,319 млн.м3, ал 2015 жылы 16,603 млн.м3 құрады.

Облыстағы су тұтынудың жалпы теңгерімінде еділ суының үлесі 38,0% құрайды, оның ішінде техникалық және ауыз су бар.

«Астрахань - Маңғышлақ» су құбырының алдын ала тазарту қондырғылары арқылы өлкенің Бейнеу ауданындағы Бейнеу, Боранқұл, Ақжігіт, Сыңғырлау, Сарға, Төлеп, Есет, Маңғыстау ауданының Тұщықұдық, Шебір, Қызан, Ақшымырау, Қарақия ауданының Жетібай, Мұнайшы, Болашақ елді мекендері, Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты Рахат, Теңге Қызылсай елді мекендерінің тұрғындары ауыз сумен қамтылады.

2014 жылдың 10 шілде айында жұмыс сапармен келген ҚР Премьер-Министрі К.Масимовтің тапсырмасына сәйкес аталған су құбырының қуаттылығын тәулігіне 35,0 мың м3 ұлғайтуға «КазТрансОйл» АҚ тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты «КазТрансОйл» АҚ су құбырының қуаттылығын ұлғайтуға қатысты құны шамамен 31,6 млрд теңге құрайтын 7 бағыттан тұратын іс-шара жасақтап, жүзеге асыруда. Олар:

1. Қиғаш желілік өндірістік диспетчерлік станциясы. Қиғаш желілік өндірістік диспетчерлік станциясы НМ10000-210 № 2 және 4 магистральдық су айдағыштарға төменгі қуаттылығы 7000 м3/сағат (7000-210) роторларды алу және орнату. Қазіргі таңда төменгі қуаттылығы 5000 м3/сағат ротор орнатылды – 18 191,6 мың теңге (2015 жылдың бағасы).

2. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырының 0-56 км учаскесіндегі ұзындығы 56 км су құбырын (ішкі цементті-құмды жабындысыз, сырты полиэтиленмен оқшауланған болат құбыр) ауыстыру жобасын жүзеге асыру - 17 665 994,57 мың.теңге (2015 жылдың бағасы).

3. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырымен су тасымалдауды арттыру үшін 5-Су айдау станциясын қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру – 6 089 709,42 мың. теңге (2015 -2016 жылдардың бағасы).

4. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры 8-Су айдау станциясының шығысы, 4490-460 км учаскесіндегі ұзындығы 11 км су құбырын (ішкі цементті-құмды жабындысыз, сырты полиэтиленмен оқшауланған болат құбыр) ауыстыру (1 км-ге 315 464,19 мың.теңге есебімен)- 3 154 641,94 мың теңге (2015 жылдың бағасы).

5. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры 667 км Су айдау станциясы, 2 қосу кешені» жобасын жүзеге асыру өзгерістермен – 871 644,855 мың. теңге (2015 жылдың бағасы).

6. 667 км Су айдау станциясының сыртқы электр желілерін жасақтау және енгізу жобасы – 399 480,538 мың.теңге (2015 жылдың бағасы).

7. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры 667 км-Су айдау станциясының шығысы, 667-677 км учаскесіндегі ұзындығы 10 км су құбырын (ішкі цементті-құмды жабындысыз, сырты полиэтиленмен оқшауланған болат құбыр) ауыстыру (1 км-ге 315 464,19 мың.теңге есебімен)- 3 470 106,09 мың.теңге (2015 жылдың бағасы).

Барлығы: 2015 жылдың бағасы бойынша жобамен сомасы – 31 669 769,01 мың теңге құрайды.

Қазіргі күн бойынша, баға 50,0 млрд.теңге құрауы мүмкін.

Іс-шараға сәйкес кезең-кезеңіне (2015-2017 ж.ж., 2017-2019 ж.ж., 2019-2020ж.ж.) қосымша 35 мың м3 дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде әсіресе жаз мезгілінде су тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ауыз су тапшылығын кезең-кезеңмен жою мақсатында іс-шара жасақталып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ:


  1. Каспий су тұщыту зауыты:

2004 жылы салынған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мен өнімділігі тәулігіне 20000 м3 кері осмостық әдіспен су тұшытатын зауытының тұздан айыру учаскесінің құрал-жабдықтарын жаңғыртуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 145,0 млн тенге бөлініп, нәтижесінде тәулігіне 12 000 м3 тұщытылған су өндірілді. Өндірілген ауыз суын Мұнайлы ауданы және Құрық елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ «Өнімділігі тәулігіне 20 000 м3 «Каспий» су тұщыту зауытын күрделі жөндеу және жаңғырту» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталды. Жалпы сметалық құны 1660,0 млн тенгені құрады. Аталған жобаны бастауға 2015 жылы жергілікті бюджеттен 300,0 млн тенге қаражат қарастырылып, конкурс өткізілді. Жеңімпаз болып «SM-Trade Construction» ЖШС танылды.

Қазіргі таңда аталған мекеме «Өнімділігі тәулігіне 20 000 м3 «Каспий» су тұщыту зауытын күрделі жөндеу және жаңғырту» жобасы бойынша жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауда.

Сонымен қатар, жобаны толықтай аяқтау мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қаражат бөлуге ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданған болатын.

Бүгінгі таңда «Каспий» су тұщыту зауытына 1582,0 млн теңге көлемінде пайызсыз несие беруге алдын ала қолдау тауып, үстіміздегі жылы қаражаты толықтай бөлінеді.

Жоба іске қосылған кезде тәулігіне 32 000 м3 тұщытылған су өндіруге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде Мұнайлы ауданы елдімекендерін және Құрық селосын тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Каспий» су тұщыту зауытының өндірген суын тарату бағытында Құрық селосынан Жетібай селосына дейін магистралды су құбырын салуға жобалық сметалық құжаттама жасақтау жұмыстары басталды. Оған жергілікті бюджеттен 34,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Жобаның негізгі мақсаты Жаңаөзен қаласының суға деген тапшылығын азайту және Жетібай селосы тұрғындарына жаз айларында жеткілікті дәрежеде ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша

Өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету мақсатында 2002 – 2010 жылдары «Ауыз су» және 2011 – 2020 жылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламалары бекітілді.

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатырған «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін қалалардағы орталықтандырылған сумен қамту жүйесін 100 % - ға жеткізу, ал ауылдық елді мекендерде 80% - ға жеткізу жоспары қаралған.

Осы бағытта облыс көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Ақбұлақ бағдарламасына 2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алған мерзімде барлығы 57 жоба енгізілді. (оның ішінде 11 жаңа жоба 2014 жылдан басталды). Оның ішінде бүгінгі күні 50 жоба пайдалануға берілді.

Нәтижесінде, облыс бойынша 417 197 тұрғын немесе 67,29 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 60 ауылдық елді мекенінің 29 орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бағдарлама аясында 11 505, 342 км су құбыры тартылып, 129,78 км су құбыры жаңғыртылды.

Оның ішінде 2015 жылы 11 өтпелі жоба бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 6,8 млрд теңге бөлініп, келесідей жұмыстар атқарылды:

Мұнайлы ауданының тұрғындарын тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктер үшін сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында сметалық құны 1,021 млрд теңге құрайтын «Дәулет селосындағы кентішілік су құбырының құрылысы» жобасы іске асырылды. Нәтижесінде 51,07 км су құбыры тартылып аталған село толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, Қарақия ауданы бойынша Жетібай және Мұнайшы кенттерін сумен жабдықтау мақсатында құны 1 188,967 млн. теңгелік «ст. Жетібай, Жетібай және Мұнайшы селоларындағы шағын аудандардағы су құбырларының жетіспейтін желілерін сумен жабдықтаумен қамту құрылысы» жобасы іске асырылды. Нәтижесінде 63, 997 км су құбыры тартылып аталған селолар толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Ақтау қаласы бойынша жаңадан бой көтерген шағынаудандарды (17, 17а, 18 и 19, 31а, 32, 32б, 34, 34а,), Шығыс-1-2-3 шағынауданын, Түпқараған ауданының С.Шапағатов және Ақшұқыр елдімекендерін ауыз және техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатында құны 480,466 млн теңге құрайтын СҚОТ -4 (ЦУВС-4) пайдалануға берілді. (резервуар – 4000м3*4). Сондай-ақ Сметалық құны 1, 093 млрд теңге құрайтын «СЖОТ-4 бастап Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарына дейінгі сумен жабдықтаудың магистралдық желілері» жобасы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарында ауыз суға деген тапшылығын жою мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды:

2015 жылға дейін халықаралық әуежайдың суға деген сұранысының және Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов селолары тұрғындарының санының артуына байланысты Ақтау-Әуежай су құбыры арқылы толықтай сумен қамтамасыз ету қуаты жеткіліксіз болды.

Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашлық министрлігінің Су ресурстар комитеті арқылы құны 761,485 млн.теңге құрайтын Ақтау-Ақшұқыр магистралдық су таратқышы салынып, пайдалануга берілді. Нәтижесінде елді мекеннің су тапшылығы мәселесі өз шешімін тапты.

Сондай-ақ, С.Шапағатов елдімекенін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында құны – 1,451 млрд теңге құрайтын «С.Шапағатов селосында кентішілік су құбырының құрылысын салу» жобасы жүзеге асырылуда. Оған «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 1,158 млрд теңге қаражат бөлінді. Аталған жоба үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 50,0 км су құбыры тартылып аталған село толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап Ақшұқыр елді мекенін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 390,978 млн теңге қарастарылды. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Бұл жоба келесі жылға өтпелі болып табылады.

Сондай-ақ, сметалық құны – 1,2 млрд.теңге құрайтын Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (№1, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 ш/а су құбыры желілері) жобасы бойынша 47,0 км су құбыры жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, сметалық құны – 752,847 млн.теңге құрайтын Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (№3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 ш/а өздігінен ағатын кәріз желілері №12 көше бойындағы өздігінен ағатын кәріз желілері және ағындық коллекторлар КНС № 1А, 2, 5, 10) бойынша 18,1 км кәріз желілері жаңғыртылды.

Нәтижесінде, сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі апаттық жағдайлар санын азайтуға, техникалық қызмет көрсету, пайдалану, жөндеуге кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, тұрғындар саны 40 мыңнан астам адамды құрайтын Бейнеу ауданының Бейнеу аудан орталығында кентті сумен жабдықтау жобасы бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Жұмыстың жалпы сметалық құны 6,4 млрд теңгені құрайды және 6 кезеңнен тұрады. 2014 - 2015 жылдар аралығында «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында 4,405 млрд. теңге бөлінді. Аталған жобаны ағымдағы жылы толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

Өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үшін тұтынушыларға берілетін судың сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2014-2015 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджеттен Жаңаөзен қаласында тәулігіне 30 мың м3 еділ суын ауыз су деңгейіне дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту имаратының құрылысын салуға 1648,6 млн.тенге және Жаңаөзен қаласының Жұлдыз және Мерей шағын аудандарын сумен жабдықтаудың су бөлу желілерінің құрылысына 1630,0 млн.теңге бөлінді (су тарату желісінің жалпы ұзындығы 133 км). Бұл жобалар үстіміздегі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қорытып айтқанда, 2016 жылға «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жалпы сомасы 2,81 млрд.теңге. Құрылыс салуға жоспарланған су құбырының жалпы ұзындығы ағымдағы жылы 173,41 шақырым. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік дәрежесін селолық елді мекендерде 52% жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс бойынша 12 (Ақшұқыр, Есет, Төлеп, Сарға, Боранқұл, Басқұдық, Бекі, Жыңғылды, Тұщыбек, Жармыш, Батыр, Атамекен) елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құны 18,097 млрд теңге құрайтын жобалық сметалық құжааттамалары жасақталды. 2 (Қызылтобе, Басқұдық) елді мекен бойынша жобалық сметалық құжаттамалары жасақталу үстінде.



8 (Тұрыш, Сам, Ноғайты, Сыңғырлау, Жарма, Аққұдық, Бопай, Қызылөзен) елді мекен бойынша ЖСҚ жасақтауды қажет етеді.

Осы аталған елді мекендер толықтай орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген жағдайда ауылдық елді мекен бойынша 87% құрайтын болады немесе облыс бойынша 597,5 адам (97%) сумен қамтылады.


Тұрғын үй секторын дамыту

2011-2014 жылдардағы кезеңде ТКШ жаңғырту бағдарламасының аясында тұрғын үй секторын дамытуға және тұрғын үй қорын ұстауды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1261,5 млн теңге бөлінді. Бұл сомаға облыс бойынша 33 көп пәтерлі үйлерде күрделі жөндеу жүрігізілді. (Ақтау қ.– 17 үй; Жаңаөзен қ.– 2; Шетпе с. – 8; Курык с. – 1; Форт-Шевченко қ. – 1; Маңғыстау с.– 4).

2015 жылы республикалық бюджеттен 204,452 млн теңге бөлінді. Бұл сомаға Ақтау қаласының 6 көп пәтерлі тұрғын үйінде күрделі жөндеу жүргізілуде.
: media -> uploads
uploads -> Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение. Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение
uploads -> Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
uploads -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы (2010. 15. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
uploads -> Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
uploads -> Опрос (анамнез, жалобы)




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет