2015 жылғы 10 наурыздағы №43-ө бұйрық 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы»



жүктеу 367.82 Kb.
бет1/3
Дата25.04.2017
өлшемі367.82 Kb.
  1   2   3
Бекітемін:

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Кадырбекова З.К.

2015 жылғы 10 наурыздағы

43-ө бұйрық


2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі

ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА
Осы тендерлік құжаттама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 30 қазандағы № 1729 қаулысының (ары қарай - Ереже) 5 тарауына сәйкес құрылып, бекітілген және 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Жамбыл облысы емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды өткізу тәртібін анықтайды.
2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу:

1) сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы әрі тиімді жұмсау;

2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасында әділетті бәсекелестік;

4) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

5) отандық тауар өндірушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып жүргізіледі.


1. ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ҚҰРАМЫ


  1. Осы тендерлік құжаттама мыналарды қамтиды:

  1. 1-қосымша – сатып алынатын тест сызықтарының тізімі және көлемі;

  2. 2-қосымша - тендерге қатысу өтінімінің нысаны;

  3. 3-қосымша – әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімін толтыру нысаны;

  4. 4-қосымша – берешектің жоқтығы туралы анықтаманың нысаны;

  5. 5-қосымша – әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінім баға кестесінің нысаны;

  6. 6-қосымша – банк кепілдіктің нысаны;

  7. 7-қосымша - 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы үлгілік шарт.


2. ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ


  1. 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Жамбыл облысы емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу барысында әлеуетті өнім беруші Ереженің 3-тарауы 8 тармағына сәйкес келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:

  1. фармацевтикалық қызметпен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметтің басқа түрлерімен айналысуға лицензиясының және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарлама көшірмесінің немесе электрондық құжат нысанындағы талонның болуы;

  2. кәсіби біліктілікті меңгеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);

  3. жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

  4. шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілікті меңгеру;

  5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болу, таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;

  6. жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы;

  7. дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісінің сатып алуға ұсынылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесі болуы тиіс;

  8. үш айдан асатын мерзімде салық берешегі болмауы тиіс.

  1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың бір ғана өндірушісін білдіреді.

  2. Әлеуетті өнім беруші өзінің кәсіби біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға Ережеде көрсетілген құжаттарды ұсынады.


3. ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША САТЫП АЛЫНАТЫН ЖӘНЕ БОСАТЫЛАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алған жағдайда) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен органдық препараттардан басқа, дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасында тіркелген болуы және Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс;

  2. төмен температураларда сақтауды және мұзданудан сақтауды талап ететін дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тиеу пунктінен тұтынушының соңғы пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз етуге арналған арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы тиіс;

  3. дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарын таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптіңталаптарына сәйкес болуы тиіс;

  4. кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын құрауы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс, кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда). Кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі кемінде он екі ай болуы тиіс (жарамдылықтың қалған мерзімі жеткізу сәтіне кемінде он төрт айды құрауы тиіс, кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді қоспағанда);

екі жылдан кем жарамдылық мерзімі бар, бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өнім берушіден бұдан бұрын қабылданған тауардың ауыспалы қалдығы немесе төмендемейтін қордағы тауар болып табылатын, тапсырыс берушіге жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізу сәтіне жарамдылығының қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің отыз пайызынан кем болуы мүмкін, ал кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауардың жарамдылық мерзімі жеткізу сәтіне өндіруші көрсеткен жалпы жарамдылық мерзімінен сегіз айдан кем болуы мүмкін;

  1. Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың өндіруші елде клиникалық немесе биобаламалылығы сыналғаны және Қазақстан Республикасында және (немесе) ТМД елдерінде кемінде бір жыл қолданылу тәжірибесі туралы дәйекті деректер болуы тиіс (бұл талаптар тендерді ұйымдастырушының және (немесе) бірыңғай дистрибьютордың қарауы бойынша белгіленеді);

  2. Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, биосимилярлардың дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған сәйкестігі, клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі туралы деректері болуы тиіс.


4. ЖЕТКІЗУДЕ ТАЛАП ЕТІЛЕТІН МЕРЗІМДЕР МЕН ШАРТТАР, ОРНЫ


  1. Вакциналарды шарт жасасқан сәттен бастап тендерлік құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша жеткізілуі тиіс.


5. ТӨЛЕМ ШАРТЫ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ ЖОБАС


  1. Төлем келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

1) 30 пайыз алдын ала төлеу;

2) 70 пайыз жеткізу фактісі бойынша



  1. Шарттың жобасы 7-қосымшаға сәйкес 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Жамбыл облысы емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы үлгілік шарттың негізінде жасалады.


6. ТЕНДЕРЛІК ӨТІНІМНІҢ ВАЛЮТАСЫ


  1. Тендерлік құжаттаманың валюталық бағасы – қазақстандық теңге болып саналады.

  2. Тендерлік өтінімнің бағасы өзге валютада ұсынылған болса, онда тендерлік өтінім салынған конверттерді ашылатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми курсы бойынша тендерлік өтінімнің бағасы теңгеге аударылады.


7. ТЕНДЕРЛІК ӨТІНІМДІ, САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ ТІЛІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


  1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы сәйкес жасалады.


8. ТЕНДЕРЛІК ӨТІНІМДІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


  1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тендерді ұйымдастырушыға ұсынады.

  2. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған тендерлік өтінімдер ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

  3. Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.

Қолданылу мерзімі тендер шартында көрсетілген мерзімнен қысқа тендерлік өтінім қайтарылады.

  1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:

  1. Тендерлік құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім. Тендерлік құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі электрондық нұсқада міндетті түрде беріледі;

  2. әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;

тиісті мемлекеттік орган (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) берген, заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген үш айдан асқан салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органының басшысы не орынбасары қол қойған және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы. Көрсетілген анықтама электрондық түрде берілген кезде уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;

әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк фидиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды;

біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет,;



егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;

  1. тендерлік құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, қосалқы қызметтердің құнын қоса алғанда, түпкі бағасын құрайтын, әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуға тиіс әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға кестесі;

  2. ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген doc* форматындағы қағаз және электрондық түрдегі техникалық ерекшеліктер;

  3. ұсынылатын қосалқы қызметтер;

  4. тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттардың түпнұсқасы;

  5. ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

  6. мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген «суыту тізбегі» болуы қажет болған жағдайда дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың бар-жоғын тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс);

  7. дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілермен не өндірушінің ресми өкілдерімен (дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері мен тізбесі көрсетілген) шарттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;

  1. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді ұсынудың мерзімі аяқталғанға дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ол өзінің тендерлік өтінімінің кепілдік қамтамасыз етілуін қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді қайтарып алу туралы хабарламасы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей, сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша түрде жіберілуі тиіс.

  1. Тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

  2. Тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген тігілген түрде ұсынады және соңғы беті мөрімен куәландырылады.

  3. Тендерлік өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы беті заңды тұлғаның немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс), кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және осы тендерлік құжаттаманың 22 тармағына сәйкес ресімделген тендерлік өтініммен бір конвертке салынып, жабылады.

  4. Тендерлік өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс.

  5. Тендерлік өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

  6. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді конвертке желімдейді. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конверт Тендерлік құжаттамада көрсетілген мекен-жай бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі және мынадай жазулар болуы тиіс: 080400, Жамбыл обысы Қордай ауданы, Қордай а., Төле би көш., 54, 2-ші қабат, № 1 кабинет және «2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК емдеу – алдын алу ұйымдары үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тендері» мен «2015 жылдың 20 наурызы сағат 11:00 дейін ашпаңыз». Тендерлік құжаттама салынған конверттер 2015 жылдың 20 наурызы сағат 10:00 дейін қабылданады.

  7. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомадан үш пайыз мөлшерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, тендерді өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша бір мезгілде кепілді міндеттеме енгізеді.

Тендерлік өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар құнының бір жарым пайызы мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсілімен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған нысанда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

  1. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:

  1. келесі дерекетемелер бойынша банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік: БСН 990240002463, БСК– HSBKKZKХ, ЖСК – KZ926010161000024236, «Қазақстан халық банкі» АҚ, Бенфециар - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, төлемнің мақсаты – тендерлік өтінімді қамтамасыз ету.

  2. осы тендерлік құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік.

  1. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.

  2. Әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыдан тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендерлік құжаттамаға түсініктеме сұрауға құқылы. Тендерді ұйымдастырушы өтінімді алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұраным жасаған авторды көрсетпей тендерлік құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге тиісті түсініктеме жіберуі тиіс.

  3. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұранымына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы тендерлік, құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдердегі осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде бес жұмыс күніне ұзартады.

  1. Тендерді ұйымдастырушы тендер шарттарын түсіндіру үшін тендерлік құжаттамада көрсетілген белгіленген орында және белгіленген уақытта әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуге құқылы.

Көрсетілген кездесуді өткізу кезінде мазмұнында кездесу барысында тендер шарттарын түсіндіру бойынша берілген сұрақтар мен жауаптар бар хаттама жасалады, бұл кездесу қорытындысы бойынша тендерлік құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу жіберіледі.
9. ТЕНДЕРЛІК ӨТІНІМДЕР САЛЫНҒАН КОНВЕРТТЕРДІ АШУ


  1. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия мына мекен-жайда Жамбыл обысы Қордай ауданы, Қордай а., Төле би көш., 54, 2-ші қабат, № 1 кабинетте 2015 жылдың 20 наурызы сағат 11:00 ашылады.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.

  1. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде тендерлік комиссияның хатшысы қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекен-жайын, олардың ұсынған бағаларын, жеткізу және төлеу шарттарын, егер құжатта көрсетілген болса өтінімдерін кері қайтару және өзгерістер, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты хабарлайды және аталған ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.


: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


  1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет