2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық



жүктеу 39.53 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі39.53 Kb.
Атырау облысы әкімдігінің қаулысы

2013 ж. 31 мамыр №203 Атырау қаласы

2013 жылғы 6 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2736 болып енгізілді

2013 жылға арналған басым дақылдардың

тізбесін және көктемгі егіс және егін

жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті

жанар-жағар май материалдары мен

басқа да тауарлық-материалдық

құндылықтардың құнын арзандатуға

арналған субсидиялар нормаларын

белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын аттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары белгіленсін.

2. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

_________ А.Мамытбеков

2013 жылғы «31» мамыр

Атырау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «31» мамыр

№203 қаулысына

1-қосымша



2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі




р\с

Басым дақылдардың атауы

1

Тары

2

Арпа

3

Майлы дақылдар (мақсары)

4

Картоп

5

Көкөніс және бақша дақылдары

6

Жабық топырақтағы көкөністер

7

Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

8

Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

Атырау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «31» мамыр

№203 қаулысына

2-қосымша

2013 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған

субсидиялар нормалары




р\с

Басым дақылдарының атауы

1 гектарға бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге

1

Дәнді дақылдар (бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы)

400

2

Майлы дақылдар (мақсары)

3 400

3

Картоп (дәстүрлі технология)

20 000

4

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару немесе басқа да озық технологияларды қолдану арқылы өсірілетін картоп

40 000

5

Көкөніс және бақша дақылдары

(дәстүрлі технология)



15 000

6

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару технологиясын қоданумен өсірілетін көкөніс және бақша дақылдары

40 000

7

Жабық алаңдағы, өндірістік үлгідегі көкөністер (1 дақыл айналым)

2 500 000

8

Жабық алаңдағы, оңайлатылған үлгідегі көкөністер (1 дақыл айналым)

2 000 000

9

Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

45 000

10

Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

900





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет