2011 жылғы АӨК саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер



жүктеу 112.5 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі112.5 Kb.
2011 жылғы АӨК саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

2011 жылы «Агроөнеркәсіп кешеніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулер» 042 бюджеттік бағдарламаның үшжылдық кезекті кезеңің Ауыл шаруашылығы министрлігімен іске асыру аяқталды, оның шеңберінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белгіленген төмендегі бағыттар бойынша 40 жоба іске асырылды:

        1. Ауылшаруашылық дақылдарының ортаның күйзелі факторларына тиімді және жоғарыөнімді сорттар мен бударндарын жасап шығару және жетілдіру.

        2. Қолданудағы және жаңа ресурссақтау агротехнологияларды жетілдіру және әзірлеу.

        3. Ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу және сақтау бойынша технологиялар мен жабдықты жетілдіру.

        4. Ауылшаруашылық малдар, құстар мен балықтардың тұқымдарын, типтерін және желілерін жасап шығару және жетілдіру; оларды бағу және азықтандыру технологияларын әзірлеу; диагностикумдер, емдеу препараттар мен вакциналар жасап шығару.

        5. Алыстағы фермерлік шаруашылықтар арналған ресурссақтау агротехнологиялар мен қуат және сумен қамтамасыз ету автономдық техникалық құралдар үшін машиналар кешенін әзірлеу.

        6. Табиғат ресурстарын оңтайлы басқару.

        7. Агроөнеркәсіп кешенінің стратегиялық дамуының ғылыми негізін әзірлеу.

        2011 жылы мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

        Ауыл шаруашылығы дақылдарының 103  сорты мен буданы құрылды және мемлекеттік сорт сынауға берілді (жоспар – 30), оның ішінде: дәнді – 37 және дәнді-бұршақты – 2, жармалы – 4 және майлы – 12 (4 күнбағыс, 3 қытайбұршақ, 2 мақсары, 2 рапс, 1 майлы зығыр), қант қызылшасы – 2, картоп – 5, көкөніс – 15, жеміс-жидекті дақылдар және жүзім – 7, мал азығы дақылдары – 19.

        Шетел селекциясының 300-ден астам ең жақсы сорттарын экологиялық сынау жүргізілді, олардың басым бөлігі дәнді-бұршақты, майлы, мал азығы және техникалық дақылдарды өндіруді жеделдетілген арттыру үшін басым болып табылады.

        Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының 17 тұқымы, типі және тобы құрылды және сынап тексеруге өтінімдер берілді, оның ішінде: қойдың

        2 тұқымы, 4 типі және 1 тобы,; ІҚМ қазақтың ақбас сиырының тұқымдық бұқаларының 3 тобы; жылқының 1 зауыттық типі және 2 тобы; жұмыртқа және ет бағытындағы тауықтың 4 тобы.

        Өсімдіктерді қорғау және карантині саласында зиянкес жәндіктерге қарсы неғұрлым жоғары биологиялық тиімділігі бар саңырауқұлақ және бактерия текті биопрепараттар құрылды

        Орман шаруашылығы саласында екпелердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін кәдімгі қарағайдың Бурабай 22 және Бурабай 44 сорты шығарылды.

        Есептік кезеңде барлығы 138 технология әзірленді және/немесе жетілдірілді: егіншілікте – 86, мал шаруашылығында – 10, қайта өңдеуде – 17, су шаруашылығында – 5, орман шаруашылығында – 19, балық шаруашылығында – 1.

        Ветеринария саласында бруцеллезді, лейкозды, А, О, Азия-1 типтес аусылды анықтауға арналған 4 диагностикум және 6 ветеринариялық препарат құрылды.

        2011 жылдан бастап Францияның, Австралияның, Израильдің, Ресейдің, ИКАРДА және басқа жетекші шетелдік ғылыми орталықтарымен бидайды, арпаны, қойды, ірі қара малды, балықтарды геномды селекциялау бойынша, АӨК экономикасы мәселелері және басқалары бойынша 10 бірлескен ғылыми жоба іске асырылуда.

        Аграрлық ғылымның әртүрлі салаларында ғылыми әзірлемелерге 192 патент және инновациялық патент алынды.

        АӨК ғылыми қамтамасыз етудің әртүрлі мәселелері бойынша 233 ұсыным шығарылды.

        Барлығы 2051 ғылыми мақала Қазақстанның (1477), ТМД мен алыс шет елдердің (574 ғылыми баспаларында), оның ішінде импакт факторы жоғары

        (0,5 астам) 6 рейтингті шетелдік ғылыми журналда жарияланды.

        2011 жылы АӨК аясында білімді тарату жүйесін дамыту жөніндегі жобаның шеңберінде 90 оқыту семинары өткізілді, оларда ауыл шаруашылығының әртүрлі бағыттары бойынша 2386 АӨК қызметкері оқытылды. 2 оқыту бейне материалы, 59 оқу құралы шығарылды.

        ҚР АШМ, әкімдіктер мен «ҚазАгроИнновация» АҚ ғылымдарының бірлескен жүйелі шараларының нәтижесінде, бұқаралық ақпарат құралдарында ғылыми әзірлемелерді насихаттау, құрылған білім тарату орталықтарында ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін семинарлар, дала күндерін өткізу негізінде:

        – отандық селекция сорттары егілген дәнді дақылдар егістіктерінің үлесі жалпы егін алқабынан 42% немесе 6,8 млн. га. құрады;

        – АӨК-те ресурс үнемдеу технологияларының алқабы 11,7 млн. га. дейін арттырылды.

        Ғылыми институттар мен тәжірибелік кәсіпорындар соңғы 20 жылда алғашқы рет техникалық толық жабдықталу мүмкіндігіне ие болды. 3 бірлік техника жеткізілді, «ҚазАгроИнновация» АҚ бес еншілес ұйымы үшін 40 бірлік техника жеткізуге өнім берушілермен шарттар жасалды.



        Қазіргі заманғы зертханалық жабдықпен жабдықталған ғылыми зертханаларды халықаралық стандарттардың талаптарына, оның ішінде GLP – тиісті зертханалық практикаға сәйкес қайта жаңғырту басталды. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ негізінде жаңа аспаптық жабдықпен жабдықталған қазіргі заманғы зертхананы құру аяқталды.

        Өсімдік шаруашылығында селекциялық зерттеулердің нәтижелілігін арттыру үшін селекциялық-биотехнологиялық кешенді – А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО негізіндегі жылыжайды салу аяқталды.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет