2010 жылдың қорытындысы бойынша Чапаево селолық округі Әкімінің есепті баяндамасы Әкім мен ол басқаратын аппараттың өткен жылға есебі алдағы онжылдыққа арналған «Бағдарлама 2020»



Дата18.12.2017
өлшемі81.87 Kb.


2010 жылдың қорытындысы бойынша Чапаево селолық округі Әкімінің есепті баяндамасы
Әкім мен ол басқаратын аппараттың өткен жылға есебі алдағы онжылдыққа арналған «Бағдарлама 2020» іс жүзіне асыру аясында, жергілікті атқару органдарының жұмысының жариялылығы негізінде жасалып отыр. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған барлық деңгейдегі атқарушы биліктің алдына қойған мақсаттарын орындай отырып, округ әкімінің аппараты өз жұмысында Қазақстан Республикасы.

Конституциясы баптарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс Кодексі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарын бұлжытпай орындау талабын басшылыққа алуда.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес селолық округ әкімі туралы Ережеге өзі басқаратын ұжым мамандарының сыбайластық әрекеті үшін бірінші басшының жауапкершілігі туралы тармақ енгізілді. Сонымен қатар

республикалық «Өзіңнен баста» акциясы аясында 2010 жылдың 20.05. Заря Востока газетінде округ әкімі мен оның отбасы мүшелерінің жылдық табысы жария етіліп, салық комитетіне жыл сайын әкімнің, аппарат мамандары мен олардың жұбайларының табыстары туралы декларация тапсырылады. Әкім аппараты орналасқан үйде мемлекеттік қызмет жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Агенттіктің атына жазылған әкім мен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің құқық бұзушылық, сыбайластық әрекеттері туралы азаматтардың арыз – шағымдарына арналған жәшік ілінген. Өткен жылы аппарат атына мұндай арыздар түскен жоқ. Дегенмен тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуде қолайсыздықтар орын алғаны рас. Мысалы, бас маман Столярова С.М. нотариат бойынша аттестациядан өткен 2010 жылдың 01.06. дейін нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін болмады. Бұл - ветеринария бойынша маман мәселесі шешілгенше 2010 жылдың тамызынан 09.11.ветеринарлың анықтама беру. ҚР «Ветеринария туралы» заңында бекітілген, ҚР Үкіметі қойған маңызды міндет – округте мал сою алаңдарын ашу міндеті тұр. Бұл мәселе көп жағдайда мемлекетке сапалы ет өткізуге, заңнамада көрсетілген мал өнімдерін өткізу ережелерін орындауды қамтамасыз етуге мүдделі шаруашылық нысандарына байланысты.

Чапаев орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысын бастау мәселесі бойынша жұмыс жалғасуда. 2010жылы мектепке жер телімін таңдау актісіне қол қойылып, инженерлік құрылыстың техникалық талаптары алынды, жерге орналастыру жобасы әзірленуде. Мектеп апатты нысандар реестріне және Аймақты дамыту жоспарына енгізілді. 2011 жылға жоба – сметалық құжаттарға 8 млн. теңге жопарланды. Пролетарка селосында тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатты жылдамдықтан сақтандыратын үш жерге «жолда жатқан полиция» белдеуін жасау мәселесі шешілді.

Өткен есепті жиналыста Чапаево селосындағы ауыз су құрылғысын жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі қойылып, экономика және қаржылық жоспарлау бөліміне құжат жіберілген еді, содан дұрыс қорытынды күтудеміз.Бастамашыл топтың күшімен, сіздің түсінушілік пен қолдауыңыздың арқасында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылды, негізгі трассада және тұрғындардың жеке өтініштері бойынша апатты жағдайларда шұғыл жөндеу жұмыстары уақытында орындалды. Су жіберу жүйесіндегі алты кірпіш қаланған құдықтар жөндеуден өткізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінде су қорын барлаудың жобалық- іздестіру жұмыстары аса маңызды. Аудандық маңызы бар осы мәселе бойынша әкімдік және аудан мәслихаты жоғары тұрған органдарға хат тапсырған еді.Біздің облыстан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - В. Доскалов, С. Ферхо, А. Милютина, Е. Апсалямовтардың көмегімен 2011 жылы Чапаево селосы іздеу – барлау жұмыстарын жүргізу үшін геология және республикалық жер пайдалану қаржылық инвестициялық жобалар Комитетінің жоспарына енгізілді.Алдағы уақытта әкім аппаратының міндетінде ауыз сумен қамтамасыз ету мен канализация жүйесін (әділет органдарында тіркеу) заңдастыру мәселесі тұр. Объективті себептерге байланысты «Нива» ш/қ (Денисова Л.И.) қарасты жұмыс істеп тұрған су жіберу станциясын коммуналдық меншікке көшіру мәселесі шешілмей отыр.

Өткен жыл ктиматтық жағдайлармен - боранды, қалың қарлы қысымен, көктемгі су тасқынымен көп мәселелер туындатты. Округ селоларының кіре беріс жолдары мен көшелерін тазалауға бір жылға бөлінген 1470 мың теңге көктемде толық жұмсалды. IV қосымша 620 мың теңге бөлініп, жұмсалды. 2011 жылға селолардың кіре беріс жолдарын тазалауға 3265 мың теңге бөлінді. Снегирево селосында су тасқынына қарсы шараларға 545 литр дизельді жанармай алынып, пайдаланылды. Шаруашылық және ұжымдармен төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөнінде келісімшарттар жасалған. Мамыр айында округ селоларындағы су тасқынының зардаптарын тексерудің аудандық комиссиясы жұмыс істеп, бұзылған, су басқан нысандарды қалпына келтіру сметасы жасалып, облысқа жіберілген еді, бірақ қаржы түскен жоқ. Пролетарка, Крестовка, Орловка селоларындағы көпірлер жөнделіп, «Нивы Чапаево» ЖШС (Бугубаев Ж.К.), «Байгузин» ш/қ (Байгузин(Ю.К.) , «Ел мен жер» (Едильбаев) шаруашылық нысандарының күшімен қалпына келтірілді. «Көріктендіру» бағдарламасы бойынша округ әкімінің бюджетіндегі 30 мың теңгеге Крестовка өзені арқылы Чапаево селосының Заречная көшесіне өтетін жаяу жүргіншілер көпірі жөнделді. Алдағы уақытта осы көпірді судан биіктетіп салу мәселесі тұр және аудан басшылығы осы мәселені шешуге көңіл бөледі деген ойдамыз.

Есепті кездесуде қаралған тағы бір мәселе – көшелерге жарық беру мәселесі еді. Жыл соңында осы мақсатқа округ бюджетінен 30 мың теңге бөлініп, 2011 жылға Чапаево, Пролетарка селоларының көшелеріне жарық берудің техникалық қызметіне, жөндеуге 268 мың теңге жоспарланған еді, берілгені 32 мың теңге.

Пролетарка селосының тұрғындары Қазақстан ретрансляциялық серігінен серіктік антенна арқылы республикалық бағдарламамларды көруге мүмкіндік алды.

Бұрын көтерілген мәселелердің ішінен шешілмегені – қаржының жоқтығы себеп боып отырған қатты – тұрмыстық қалдықтар полигонына және өлген малды көму мен фильтрациялау алаңына жер бөлу мәселесі.Сондай – ақ қаржы бөлінбеген себепті мына сұрақтар шешімін таппай отыр:


  • Снегирево селосы(1км) және Орловка селосына (1,5 км) кіре беріс жолдарды жөндеу;

  • Шағын селоларда клубтар ашу мен мәдениет қызметкерінің ставкасын бөлу;

  • Мал соятын алаң құрылысы;

  • ауыз сумен қамтамасыз ету құрылғыларының жүйесін жөндеу;

Осы сұрақтарды шешу жұмыстары болашақта жалғасын таппақ.

Селолық (ауылдық) әкімнің құзыреттілігі анықталған ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес мына жұмыстар жүргізілді:



Салық комитетіне шаруашылық нысандарымен жұмыс істеуде көмек көрсетілді.

  • Халықтың ауысуын (миграция) есепке алу;

  • Әскери есеп, броньдау, округ аумағындағы қалалық қорғаныс бөліміне қарасты ТӘҚП (техника әзірлеудің қозғалмалы пункті), әскери міндеттілерді жинаудың қозғалмалы пункті командаларын комплекстеу және жаттықтыру, жастарды әскерге тіркеу, әскере шақыру компаниясы, жасына байланысты есептен шығару;

  • Жұмыспен қамту бөліміне әлеуметтік карта толтырып, құжаттар жинауда көмек көрсетілді және атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік карталарды жмыспен қамту әне әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруда көмек берілді.

  • Жыл бойы 35 отбасы әлеуметтік көмек алса, 30 отбасы – тұрғын үй субсидиясын алып отырды.

-Көп алалы аналарға (6 және одан көп бала) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапаттауға ұсыну. Ұсынылған 12 ананың 9 –ы алқамен марпатталып, отбасы қаржысына қосымша алды.

- Жыл бойы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қоғамдық жұмысқа тартылған 4 адам 2 айдан әлеуметтік нысандардың ғимараты төбесінен қар тазалау, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіштерді көркейту, санитарлық жұмыстар жүргізу, жол жиегіндегі шөпті шабу, округ жолдарының шетіндегі арамшөптерді жою жұмыстарын ақылы түрде атқарды.

- Азық – түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру туралы Үкімет Қаулысына сәйкес дүкен иелерімен меморандум жасалып, Снегирево селосының дүкендерінде кәсіпкерлердің келісімімен төмен бағалы азық – түлік сататын әлеуметтік бөлімдер ашылды.

- Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп Зырян қаласында Чапаево селолық округінің демалыс жәрмеңкелері ұйымдастырылды, облыстық жәрмеңкелерге қатыстық.

- Тұрғысын селосындағы мал сою цехымен Чапаево селолық округі тұрғындарының малын қызметтің 50% жеңілдікпен сойып, етті демалыс жәрмеңкелеріне өткізу туралы меморандум жасалды.Қазіргі кезде жәрмеңкеге ет өткізу үшін мал «Сеитов» ЖК Никольск селосында сойылады. Ерышев С.М. («Востов» ш/қ) мал сою алаңы құрылысын бастады.

- Облыс әкімінің орынбасары Абденовтың тапсырмасы бойынша шаруашылық субъектілерімен шаруашылықтардың экономикалық даму алгоритмі және бюджеттен тыс сала жұмыскерлерінің жалақысын көтеру мақсатында жалақыны 20 000 теңгеге дейін көтеруге жұмыстар жүргізілді.

- Әкім аппаратының бақылауында егін егу науқаны, жемшөп әзірлеу, астық ору, мемлекетке астық өткізу болды. Назарда диқандарды арзан ЖЖМ қамтамасыз ету, элеваторда астық қабылдауды ұйымдастыру мәселелері болды.

Мал шаруашылығы саласында малдарды сәйкестендіру жұмыстары, малы егуге мемлекеттік тапсырысты орындау, жеке меншік малды жаю сұрақтарын шешу жұмыстары жүргізілді.

Жер қатынастары бөлімімен жеке меншік шаруашылық жүргізуге, құрылысқа жер бөлу мәселелерін шешіп, жекешелендіру кезеңіндегі жіберілген құжаттағы қателіктерді жөндеу, мемлекеттік жер қорынан жер теліміне тендер өткізу туралы жер комиссиясының жұмысына қатыстық.

Жыл бойы әкім аппараты сыбайлас жемқорлық, нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің Аймақтық бағдарламасын іске асыру шараларын орындау жолында жұмыстар жүргізіп, ҚІІБ және оқу орындарымен құқық бұзушылық жәнге қылмыспен бірлескен жұмыстар жүргізді.Қалалық ішкі істер бөлімі Басшылығының бағасы бойынша Чапаево селолық округінде өткен жылы криминалдық жағдай қанағаттанарлық деп бағаланды.Бұл, әрине, әрі қарай әрекет етуге итермелейтін жағдай.

Есепті кезеңде әкім аппараты округ тұрғындары құрамынан сот ісіне қатысатын адамдардың кандидатурасын ұсыну, жеке бас куәлігін ауыстыруда ауру және төсекке таңылған адамдарға көмек көрсету, оларды суретке түсіру, үйде қызмет көрсету жұмыстар жүргізілді.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы Қарттар күнінде (17 адам) көмекке зәру зейнеткерлерге 2000 теңгеден материалдық көмек, аз қамтылған (9 отбасы) 81 кг азық – түлік берілді.

Шаруашылық субъектілерінің көмегімен қаза болған майдангерлер ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, ауған оқиғаларына қатысқан әскерилерге құрмет көрсету рәсімдері жасалды.

Округ тұрғындарына формасы бойынша олар мен олардың шаруашылығы бойынша барлық деректер енгізілген жаңа шаруашылық кітаптарының негізі қалануда.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі Президенті Н.А.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуға референдум өткізудің қажеттігі туралы қолтаңба алу өткізіліп, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы нақтыланды.

Округ әкімі мен оның аппаратының заңды және жеке тұлғалардың арыз – шағымдарымен жұмысының сапасы және орындалу мерзімі сондай ақ бекітілген реестрге сәйкес (жеке меншік шаруашылық туралы анықтамалар) мемлекеттік қызметті атқарудың сапасы және орындалу мерзімі үнемі жоғары атқарушы және бақылаушы органдардың ( прокуратура, қаржы полициясы) бақылауында .Келіп түскен барлық өтініштер мен шағымдар арнайы компьютерлік бағдарламада тіркеледі, бірінші күннен соңғы орындалған мерзімге дейін жазылып назарда болады. Жыл бойы 37 өтініш пен сұраныс тіркеліп, орындалды. Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес 452 анықтама берілді. Бұл жұмыста қателіктер болған жоқ. Тұрғындар сұранысы бойынша барлық тапсырылған анықтамалар саны – 834 дана.

Өз баяндамамның соңында әкім және округ әкімі аппаратының мамандары өз жұмыстарын белгілі бір заңнамада анықталған өкілеттік шеңберінде орындап отырғанын тағы айтқым келеді. Өз өкілеттігінен тыс әрекет етсе, лауазымдық қызметтен босатуға дейінгі әкімшілік шара қолданылады. Сондықтан біздің сіздердің алдарыңыздағы жауапкершілігіміз және сіздердің біздің құқықтар мен міндеттерімізді, өкілетігімізді білулеріңіз селолардың әлеуметтік мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бермек

Құрметті ауылдастар!



Өткен жыл дүниежүзілік саяси аренада Қазақстанды жаңа биікке көтерді – Республика ЕҚЫҰ төрағалық қызметін атқарды.Елдің экономикалық дамуы, дүниежүзілік қауымдастықтағы ел мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың беделі біздің еліміздің дамуынд жаңа инвестицияларға, ауыр өнеркәсіпті, көліктік инфраструкткраны, энергетиканы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұның барлығы азық – түлікпен қамтитын ауыл шаруашылығын дамыт, оны жаңа деңгейге көтеру деген сөз.


Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет