2-жаттығу. Алматы қаласы, Әуезов аудандық соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға Талапкер: «Сейнұр» жшс – ның президенті А. Мырзахметов Жауапкер: «Есіл» аақ талапарыз



Дата11.04.2018
өлшемі72.67 Kb.
ТАЛАПАРЫЗ
Талапарыз қандай да бір келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады. Талапарыз аудандық не қалалык соттың төрағасына жазбаша түрде беріледі Сотта сол талапарыз бойынша іс қозғалып, заң жүзінде шара колданылады.

Арызда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • Талапарыз берілетін соттың атауы.

  • Талапкердің немесе оның өкілінің аты-жөні, мекенжайы.

- Жауапкердің аты-жөні.

- Талапарыз жазуға дәлелдері.

- Талапкердің талаптары.

- Талаптың бағасы.

- Арызға тіркелетін қосымша кұжаттар тізімі.
Егер талапарызды талапкердің өкілі берсе, оның құқығын куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат тіркеледі.

Талапарызда, ең бірінші, кімге екені (Мысалы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының төрағасы Ж.Асанов мырзаға) және кімнен екені ( онда талапкер мен жауапкер туралы мәлімет) жазылады. Сосын жолдың ортасынан «Талапарыз» деген сөз және азат жолдан талапарыздың мәтіні жазылады. Онда талапарыз жазуға негіз болған жағдай толық көрсетіліп, сол мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдану сұралады. Соңында талапарыз берушінің аты-жөні көрсетіледі.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қандай жағдайларда жазылады ?

  2. Талапарыз қандай мекемеге жазылады ?

  3. Талапарызда қандай мәліметтер керсетілуі тиіс ?

  4. Сотта талапарыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады ?

  5. Талапарыздың құрылымы қандай?

2-жаттығу.

Алматы қаласы, Әуезов аудандық

соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға

Талапкер: «Сейнұр» ЖШС – ның президенті

А. Мырзахметов

Жауапкер: « Есіл» ААҚ


ТАЛАПАРЫЗ
2006 жылдың 25 сәуірінде «Сейнұр» ААҚ мен «Есіл» ЖШС – ның арасында шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасалған болатын. Өзара келісім бойынша «Сейнұр» ААҚ «Есіл» ЖШС-на әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын. 2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Есіл» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Сейнұр» ЖШС 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде зиян шекті.

Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.


«Сейнұр» ЖШС – ның президенті А. Сапаров.

2006 ж., 10 желтоқсан


3-жаттығу. Талапарыз бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қай сотқа жазылған ?

  2. Сот төрағасы кім ?

  3. Талапкер кім ?

  4. Жауапкер қай мекеме ?

  5. «Сейнұр» ААҚ неліктен 150 000 (жүз елу мың теңге) зиян шекті?


4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісім талаптары, бас тартқан жағдайда, келісімде көрсетілген талаптар, орындалмаған жағдайда, талапарыз бойынша, шара қолдану, заң жүзінде, талапкердің талаптары, қосымша құжаттар, кұжаттар тізімі, жауапкер туралы мәлімет, шикізат жеткізілімі туралы.




Талап-арыздың бір үлгісі:

                                                                       _________________________________ облысының


__________________________ қалалық (аудандық)
сотына
Талапкер:___________________________________
(аты-жөнi, тұратын жерi)
Жауапкер:__________________________________
(аты-жөнi, тұратын жерi)
талаптың бағасы_____________________________

Еңбектегi мiндеттерiн орындау кезiнде
қызметкер келтiрген зиянның орнын толтыру туралы
ТАЛАП АРЫЗ

____________________________, _______________________________ жұмыс iстейдi.


(жауапкердiң аты-жөнi) (жұмыс орны мен қызметi)
Онымен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасқан болатын.
200___ жылдың «____»______________ жүргiзiлген тексеру( түгендеме) барысында жауапкердiң мойнындағы заттардың жетiспейтiндiгi анықталды_______________________
(жетiспейтiн заттардың тiзiмiн көрсету керек)
Жетiспеушiлiк мына жағдайларға байланысты болды___________________________
(жетiспеушiлiктiң болу себептерi)
______________________________________________________ кiнәсi тауар-материалдық
(жауапкердiң аты-жөнi)
құндылықтардың жетiспеушiлiгiне байлынысты____________________________________ _________________________________________________ расталды.
(талапты растайтын дәлелдер)
ҚР АІК-нің 8, 24, 27, 150-баптарын басшылыққа ала отырып, жазылғандар негізінде

ӨТIНЕМIН:

______________________________ _________________________ пайдасына
(жауапкердiң аты-жөнi ) (талапкердiң аты-жөнi)
_________________________________зиянды және_________________________________
(сомасы жазбаша түрде)
теңге сот шығындарын өндiрiп берсiн.
Талапты қамтамасыз ету үшiн жауапкердiң мүлiктерiне тыйым салынсын _________ _____________________________________________________________________________
(мәлiметтерi бар болса, мүлiктердiң қайда екендiгi көрсетiлсiн)

Қосымша:
1. 200___жылғы «___»______________ №_____ жеке еңбек шартының көшiрмесi.


2. 200___жылғы «___»______________№______ жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi
3. Толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарттың көшiрмесi.
4. 200___жылғы «___»_______________ тексеру(түгендеме) актiсiнiң көшiрмесi.
5. Талаптың негiздiлiгiн растайтын басқа да құжаттар__________________________________
(тексерудiң материалдары, түсiнiктемелер,
баяндау хаттар)
6. Талап арыздың көшiрмесi.
7. Мемлекеттiк баж салығын төлегендегi туралы түбiртек.

Басшының қолы


Мөр
Күнi


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет