2 бөлім Гидросфера



жүктеу 77.79 Kb.
Дата27.09.2018
өлшемі77.79 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

2 бөлім Гидросфера

Мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттау. 7.3.3.4




  1. Мектеп: Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ

  1. Мұғалімнің аты-жөні: Хамраев Д.А

  1. Сыныбы: 7-сынып

  1. Қатысқан оқушылар саны:

  1. Қатыспағандар:

Оқыту мақсаты;

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Дүниежүзілік мұхит ұғымын түсіндіру.

Мұхиттың құрамдас бөліктерін ажырату және жіктеу




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар гидросфера ұғымын түсінеді, құрамдас бөліктерін ажыратады және жіктей алады, кескін картаға дүниежүзілік мұхит бөліктерін сыза алады,.

Оқушылардың басым бөлігі мұхиттар көрстеткіштерін пайдаланып өз беттерімен диаграмма сыза алады



Жекелеген оқушылар мұхиттардың нақты өлшемдерін біледі, өз бетімен сипаттап бере алады.

Жетістік критерийлері

ОБ сілтеме




Дағдылар

Жетістік критерийлері

Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхит ұғымын түсіндіру.
Мұхиттардың құрамдас бөліктерін ажырату және жіктеу

Білу және түсіну

Гидросфера ұғымын және оның құрамдас бөлімдерін айта алады, дүниежүзілік мұхит бөліктерін жіктей алады.

Қолдану

Картаны қолдана отырып, кескін картаға дүниежүзілік мұхит бөліктерін сыза алады, мұхиттарды салыстыру арқылы диаграмма сыза алады

Қалыптастыратын құндылықтар

Өзі-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: Оқушы сыныптастарының пікірлерін сыйлайды және пікірталасқа ат салысады

Жауапты азаматтық позиция: Берілген тапсырмаларды нақты жазады және уақытында орындайды. Алған білімін өмірмен байланыстарады

Академиялық шындық: Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындауда өз біліміне сүйенеді, өзара бағалауда шынайылық танытады.

Ашықтық: Топтық жұмысты орындау кезінде оқушылар өзара байланысқа түсу арқылы берілген тапсырмадағы мәселені бірігіп шешуге ат салысады. Оқушылар өздері жасаған туындыларын оқу кезінде бір-біріне сын пікірлер айтады.

Тілдік міндеттер

Жазылым

Тыңдалым

Айтылым

Оқылым

Берілген тапсырмаға қорытынды жазады

Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.

Жасалған қорытындыларын сыныптастары алдында қорғау барысында өз ойларын еркін жеткізеді.

Берілген мәтінді, тапсырманы түсініп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Дүниежүзілік мұхит суының қозғалысын және толқындардың әсер етуі мен мұхит ағыстарының карталарын түсіне алады; мәтінді оқи отырып мұхит бөліктерін зерделейді, зерттеу жолдарын сипаттайды.

Пән бойынша сөздер мен терминдер:

Мұхит, теңіз, мұхит ағыстары, тұздылығы, жағалау, толқын ұзындығы, толқын биіктігі, соқпа толқын, судың толысуы мен қайтуы, тұздылығы, геология, түбек, шығанақ, бұғаз, тайфун, цунами, ластану, консервация.



Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер:

Гидросфера дегеніміз ..............................................

Гидросфера құрамына ............., .............., ................ кіреді

Дүниежүзілік мұхит ............ ....................... тұрады.



Алдыңғы білім

Оқушылар гидросфера, табиғаттағы дүниежүзлік су айналамы (кіші және үлкен) түсініктерін білулері қажет. Оқушылар гидросфераның құрылымын білу керек. Табиғаттағы судың ғаламдық айналым үрдісі және оның мәні. Гидросфера, литосфера және атмосфера арасындағы өзара қатынас үрдістері, сонымен қатар халық үшін судың мәні

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

ресурстар

Сабақтың басы



Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу: «Тынық», «Атлант», «Үнді», «Солт.мұзды мұхит », сөздері жазылған парақшалар тарату арқылы.


Мультимедиялық презентация

Дәптер





Әр топқа: оқушыларға ой түрткі ретінде «гидросфера» сөзжұмбағын шешу ұсынылады.

(қосымша 2)






Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерийлерімен, жоспарымен танысады

Сабақ ортасы

Сұрақ қою «Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?»

Топтық жұмыс: «Мұхиттардың адам өміріндегі ролі қандай?» «Конверт» тәсілі :хат келді айдарымен.





Мультимедиялық презентация

Постер, түсті қарындаштар






Мәтінмен танысады:

Оқушылар тапсырманы орындайды: мәтін бойынша (қосымша 4) гидросфераның құрамдас бөліктерін жіктеп, дәптерге иерархиялық сызба жасайды (мұхиттар, көлдер, теңіздер, өзендер, шығанақтар, бұғаздар, мұздықтар, батпақтар, жер асты сулары

Баяу жұмыс істейтін оқушыларға сызба жобасы беріледі. (қосымша 5)

Шығанақ, бұғаз, арал, түбек, канал, архипелаг суреттеріне қарап атауларын сәйкестендіріп белгілейді





Мультимедиялық презентация

тапсырма парақтары


Дискриптор


Толық жауап-2

Толық емес-1

Жауап жоқ-0





Дүниежүзілік мұхит бөліктері тізімі (географиялық номенклатура) ұсынылады (қосымша 6).

Оқушылар жұппен жұмыс істеп нысандарды атлас карталарынан табады.

Кескін картаға (қосымша 7) дүниежүзілік мұхит бөліктерін түсіру



Мультимедиялық презентация,

тапсырма парақтары


Саралау


Дүниежүзілік мұхит бөліктері көрсеткіштерін пайдаланып диаграммалар салу: (қосымша 8)

Мұхиттардың аудандарының үлестік диаграммасы;



Мұхиттардың тереңдіктерінің бағандық диаграммасы.





Мультимедиялық презентация, тапсырма парақтары

Дискриптор


Толық жауап-2

Толық емес-1

Жауап жоқ-0





Оқушылар стикерлерге сабақта не ұнағанын, ұнамағанын, не білгенін, нені білгілері келетінін белгілейді

Стикерлер


Бағалау

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

1.Жетістік критерийі бойынша өзін-өзі бағалау

2.Тақырып бойынша терминдерді еске сақтау. Мұхит бөліктерін кескін картаға түсіру. Кері байланыс; « бес саусақ»


Бағдаршам арқылы бағалау Жасыл түс-өте жақсы Сары-жақсы Қызыл-орташа

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар


Баяу оқушыларға мұғалім тарапынан нұсқаулар беріліп, түрткі сұрақтар қойылады.

Жылдамдығы жоғары оқушыға тапсырмалар арнайы күрделеніп беріледі.

Үй жұмысы: Дүниежүзілік мұхит бөліктері номенклатураны кескін картаға түсіруді аяқтау, жатқа білу


Критерий:

Дүниежүзілік мұхит ұғымын және оның құрамдас бөлімдерін айта алады, дүниежүзілік мұхит бөліктерін жіктей алады.

Картаны қолдана отырып, кескін картаға дүниежүзілік мұхит бөліктерін сыза алады, мұхиттарды салыстыру арқылы диаграмма сыза алады


АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жүктелген карталармен жұмыс істей алады.

Құндылықтар – өз еліміздің мысалдарымен байланыстыра алуына көмектесу.



Ой толғау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?


: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы Бөліп шығарудың маңызы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тоғы»
post02 -> Тобы: Еркетай Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Экология Тақырыбы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Жабайы андар
post02 -> Сабақтың тақырыбы : §39. Шөл және шөлейт зонасы Мұғалімнің аты-жөні
post02 -> Дене тәрбиесі (баяндама)
post02 -> 1-нұсқа Генетикалық психология адамның несін зерттейді?
post02 -> Рухани жаңғырту- ұрпақ санасының дамуы
post02 -> Қыз және ер баланың психологиялық ерекшеліктері




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет