«№2 Қашар орта мектебі» кмм «Салауатты өмір салты»



жүктеу 59.52 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі59.52 Kb.
«№2 Қашар орта мектебі» КММ

«Салауатты өмір салты»

(Дөңгелек үстел)

http://cs622124.vk.me/v622124722/9701/rslf30fmnww.jpg

Сыны: 2 «Ә»

Мұғалім: Ганиева Г.Ж.

2016-2017 оқу жылы
Күні: 03.12.2016

Күні: 02.12.2016

Сынып: 2 «Ә»

Пән: Сыныптан тыс шара

Тақырып: «Салауатты өмір салты»

Сабақтың үлгісі: Дөңгелек үстел

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау. Жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.

Ә)дамытушылық: Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту

Б) тәрбиелік: Өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету; тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Суреттер, мақал – мәтелдер, слайд.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабаққа кіріспе

ІІІ. Негізгі бөлім

Ү. Қорытынды


Дөңгелек үстелдің ортасына өсірілген гүл қойылады. Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі. Әдемі ой салар әуен қойылып, оқушылар орнына отырады

Қазақстан Республикасының әнұранымен ашу.



Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр.
    Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:

  1. Ойға шабуыл

  2. Бүгінгі менің ойым

  3. Балаға анкета

  4. Сүйіспеншілік сипаты

  5. Қорытынды



1.«Ойға шабуыл». Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі.
2.Бүгінгі менің ойым. Оқушылардан төмендегі сұрақтарға жауап алынады:

Салауатты өмір сүру дегеніміз не?    (Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу)
Зиянды әрекет дегеніміз?   (Ол  – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
3. Балаға анкета

1.Есірткінің әлеуметтік салдары отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы

А) иә Ә) жоқ
2.Құрамында этил спирті бар. Ол ішімдік

А) иә Ә) жоқ
3.Темекі құрамындағы улы зат - никотин
А) иә Ә) жоқ
4.СПИД қорқынышты.Себебі, ауырғаннан кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, СПИД-тің емі жоқ
А) иә Ә) жоқ
5.СПИД нашақорларға ортақ қолданылған ине арқылы жұғады?
А) иә Ә) жоқ
6.1-желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД- пен күрес күні

А) иә Ә) жоқ
7."Бірінші байлық - денсаулық" 

А) иә Ә) жоқ

8. Дәрумендер денсаулыққа пайдалы

А) иә Ә) жоқ

9. Фастфуд денсаулыққа пайда

А) иә Ә) жоқ лы

10.Спортпен жиі шұғылдану қажет

А) иә Ә) жоқ
5.Сүйіспеншілік сипаты.Оқушылар алдына бала суреті беріледі. Оқушылар сол суретке салауатты бала болып өсуі үшін қандай болу керектігін туралы (тірек сызба арқылы) жазады.
    Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.      


Сабаққа өзіндік талдау

Күні: 03.12.2016

Сынып: 2 «Ә»

Пән: Сыныптан тыс шара

Мұғалім: Ганиева Г.Ж.

Тақырып: «Салауатты өмір салты»

Түрі: Дөңгелек үстел

Мақсат: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау. Жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.Өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету,тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, нақыл сөздер


+

-

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, зейіндерін дөңгелек үстелдің тақырыбына аударту.


Сабаққа кіріспе

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылардың салауатты өмір салты туралы ойларын білу.
Жаңа сабақ

Оқушылардың салауатты өмір салты ұстау үшін қалыптастыру.

Оқушыларға
Қорытынды

Бүгінгі мерекенің маңызын түсіндіріп, өз еліне арнап тілектерін жеткізу.







e:\2 ә сынып 2016-17 оқу жылы\2ә сынып жетекші папкасы\сыныптан тыс шаралар\дөңгелек үстел\дөңгелек үстел.фото\э 004.jpg

e:\2 ә сынып 2016-17 оқу жылы\2ә сынып жетекші папкасы\сыныптан тыс шаралар\дөңгелек үстел\дөңгелек үстел.фото\э 008.jpg

e:\2 ә сынып 2016-17 оқу жылы\2ә сынып жетекші папкасы\сыныптан тыс шаралар\дөңгелек үстел\дөңгелек үстел.фото\э 012.jpg
: uploads -> doc -> 0ff2
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет