18. 2 «Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу»



Дата28.10.2017
өлшемі21.15 Kb.
18.2 «Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу»
1. Зерттеудің негізгі объектісі ретіндегі мәтін ұғымы.

2. Адамның ар-намысын, қадір-қасиетін қорлау белгілері бар объектілерді зерттеу әдістемесі.

3. Сот психологиялық-филологиялық сараптама өндірісінің әдістемесі (этникалық, нәсілдік, діни және басқа да алауыздық тудыру тақырыбына). Зерттеу кезеңдері.

4. «Ар-намыс», «қадір-қасиет», «іскерлік бедел», «қорлау» ұғымдары.

5. Адамның ар-намысын және қадір-қасиетін қорлау белгілері бар объектілерге сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу жөніндегі әдістеме. Зерттеу кезеңдері.

6. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы объектілерін пайдалану тәртібі: қабылдау, зерттеу.

7. Нұқсан келтіретін және масқаралайтын мәліметтер ұғымы.

8. Діни ағымдардың ара жігін ажырату белгілері.

9. Ақпараттандыру, сендіру иландыру - психологиялық әсер ету тәсілдері ретінде.

10. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы әдістемелерінің негізгі ережелері.

11. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы шеңберінде жүргізілетін кешенді, комиссиялық зерттеулер. Зерттеудің аталған түрлерін жүргізудің ерекшеліктері. Маманның қатысуымен жүргізілетін зерттеу.

12. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы қорытындысының мазмұны мен құрылымы.

13. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының аралас сараптамалармен (сот автортану сараптамасымен, сот бейнефонографиялық сараптамасымен) байланысы.

14. Мәтінде жасырын және жанама мағына құрастыру тәсілдері.

15. Телефон арқылы болған әңгімелердің мәтінін зерттеу ерекшеліктері.

16. Мәтінде қолданылатын негізгі психологиялық тәсілдер мен әдістер.

17. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықтар пен алауыздықты қоздыру белгілері.

18. «Мәлімет», «пікір», «пайымдау», «болжамдау», «кесімді пікір» ұғымдары.

19. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы объектілерінің жалпы ұғымы. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының тектік және нақты объектілері. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қосымша объектілері.

20. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қазіргі кездегі күйі мен мүмкіндіктері.

21. Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған діни ұйымдар.

22. Сөздік коммуникацияның негізгі ұғымдары. Сөздік коммуникация мәдениеті.

23. Филологияның, психологияның, риториканың негізгі теориялық қағидалары мен тәжірибелік әзірленімдерін сот психологиялық-филологиялық сараптамасы аясында қолдану.

24. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының сот сараптамаларының жалпы жіктеушілік жүйесіндегі орны.

25. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының пәні мен міндеттері.

26. Үндеу түсінігі. Үндеудің белгілері.

27. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасын жүргізу кезінде қолданылатын әдістер.

28. Жасырын және жанама мағына ұғымдары. Мәтіндегі сөзбе-сөз және сөздің астары ұғымы.



29. Нормаға сәйкес келмейтін лексиканың топшалары.

30. Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы қорытындыларының нысандары.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет