1735 адам, Қызыл-Туда – 91 адам. Ауылдық округ бойынша тіркелген мал саны; ірі қара – 3146



Дата24.01.2018
өлшемі67.22 Kb.
Бесқоспа ауылдық округі әкімінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі.
2016 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округ халқының саны – 1826 адам, оның ішінде Есет батыр Көкіұлы ауылында 1735 адам, Қызыл-Туда – 91 адам. Ауылдық округ бойынша тіркелген мал саны; ірі қара – 3146, қой-ешкі – 6474 бас, жылқы – 924 бас, түйе – 87 бас, шошқа – 21, құс барлығы – 1 948 бас тіркелген.

Мемлекетттік қызметтер көрсету саласы бойынша: ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтің 22 түрі көрсетіледі. Жыл басынан ауылдық округі әкімінің аппараты ММ. мемлекеттік қызмет көрсету заңының стандарттарына сәйкес тұрғындарға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы – 98 анықтама электронды түрде қызмет көрсетілді, он сегіз жасқа дейінгі балалы отбасыларына тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақыға – 90 азаматтың құжаттары қабылданып, ХҚК-орталығына тапсырылды. Мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою бойынша – 24 балаға жолдама берілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі – 2.

Ветеринария саласы бойынша – ірі қара – 2 210 бас, түйе – 10 бас, қой-ешкі – 3300 бас сырғаланды және 90 бас жылқы таңбаланып құжаттары берілді.



Нотариалдық қызмет бойынша: 2016 жылы ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша – 56 сенімхат берілді.

Тұрғын үй салу мақсатында жер телімдерін бөлу: 2012 жылы Есет батыр Көкіұлы ауылының бас жоспары жасалып, жоспарға сәйкес азаматтардың сұранысына қарай жер телімдерін бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында жер телімдерін бөлу үшін, келіп түскен өтініштер бойынша 17 жер учаскесі бөлініп, 10 адам кезекке қойылды.

Міндетті салық түсімі бойынша: жыл басынан бері жалпы салық түсімі – 2 204 606 теңге, олардың ішінде мүлік салығы – 49820 теңге (111 %), көлік салығы – 1 446 525 теңге (296%), жер салығы – 175 905 теңге жиналып – (172%-ға) орындалды.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерліктен – 344 263 теңге(80%), заңды тұлғалардың жер салығынан 74 686 теңге(304%), заңды тұлғалардың көлік салығынан – 113 407 теңге жиналып (90%-ға) орындалып аудандық кірістер басқармасына тапсырылды. 2016 жылдың жоспары бойынша жиналуға тиісті 1 226 600 теңге болса, жиналған түсім 2 204606 теңге, жоспар (115%-ға) орындалды.



Ауылшаруашылығы және ветеринария: жыл басынан ауылшаруашылығы жануарларына түрлі жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы егу, қан алу сияқты ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуде. Осыған сәйкес ірі қара малдарынан бруцеллез ауруына қарсы – 4895 бас ірі қарадан және 87 бас түйеден қан алынып, олардан 23 бас ірі қара мен 15 бас түйе ауруға оң нәтиже беріп, анықталған малдар жойылды және мал қоралары залалсыздандырылды.

11313 бас қой-ешкіден қан алынып, ауруға 3 бас қой және 1 бас ешкі аталған ауруға оң нәтиже беріп, малдар жойылды.

Сондай-ақ қарасан, сібір жарасы, туберкулез ауруларына қарсы екпе және тексеру жұмыстарының жоспары 100%-ға орындалды.

Сонымен қатар көктемгі далалық егіс жұмыстары жүргізіліп, «Рамазан» ЖШС-і мен «Меңдібай-Қарағаш» ш/қ-ы жалпы 1382 га жерге арпа, қара бидай -200 га., сұлы-200 га., тары-318 га. және сафлор майлы дақылы-750 га. жерге себілді.

Ауа – райының қолайлығынан егілген егіс бітік шығып арпадан 2340 т, қара бидайдан 28 т., сұлыдан – 124 т, тарыдан – 324 т. және сафлор майлы дақылынан - 304 т., өнім жиналды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мал қыстату жоспарына сәйкес қажетті 10560 т. мал азығын дайындау тапсырмасы берілген болатын, тапсырма толығымен орындалып қажетті мал азығы дайындалды.

Жол мәселесі; Ауылдық округ аумағындағы аудандық маңызы бар Алға-Есет батыр Көкіұлы арасындағы тас жолы өтуде. 2016 жылы жолдарды тазалау, күтіп ұстау мақсатында жергілікті бюджеттен 1млн. 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін жолдарды күтіп ұстауға «Есет Әулие» ӨК-і мердігер мекеме болса, Наурыз айындағы тендерлік комиссия шешімімен «Арай-М» ШҚ-ы жыл соңына дейін жолдарды тазалауға мердігер мекеме атанды.

Денсаулық сақтау саласы: Ауылдық округ аумағында 1 дәрігерлік амбулаториясы халыққа қызмет көрсетеді. Қажетті мамандар мен құрал жабдықпен және автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері 44 сәби дүниеге келді. Сонымен қатар мантуға тексеруден жоспар бойынша 276 бала болса, егілгені – 311 бала, жоспар – 113%-ға орындалды. Сіреспе, қызылша, сары ауру сияқты індеттерді алдын-алу үшін 237 балаға екпе жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жылдық қорытынды бойынша толығымен орындалды.



Шағын және орта бизнес; Ауылдық округтегі шағын бизнес субъектілерінің саны – 12, оның 100% жұмыс жасап тұр. (12 бірлік). Сонымен қатар «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Ақтөбе филиалына өз кәсіптерін ашуға немесе кеңейту мақсатында несие алуға бірнеше ауыл тұрғыны өтініш білдірді. Солардың ішінен мал басын көбейту мақсатында жеке кәсіпкер Хайтбаев Аян – 4 млн теңге, «Өркен» ШҚ-ы – 2 млн. теңге, Бұхарбаева Назерке – 1 млн. 400 мың, «Меңдібай-Қарағаш» ш/қ-ы – 5 млн. Умирзакова Сагира – 1 млн. 500 мың, Наушин Мырзағали – 5 млн. теңге, Қаратаев Сансызбай – 5 млн. теңге көлемінде несие алып, қазіргі уақытта қаржы толығымен мақсатты игерілді.

Ал, құс шаруашылығын дамытуға жеке кәсіпкер Қонысбаев Танат 3 млн. 200 мың және қоян өсіруге азамат Сагиев Асылбек 1млн. 500 мың теңге несие алды. Жалпы алынған несие көлемі – 28 млн, 600 мың теңгені құрады.



Мәдениет және спорт саласында: Биылғы жыл баршамызға белгілі ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы аясында, аудан бойынша түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ «Тамаша», «Екі езу» театрларының концерттері, «Наурыз» мерекесі, ауыл күні, аудан орталығында ауыл күндері мен «Жұлдызды 25 күн» атты іс-шарары мен Тұңғыш Президент күні мерекелері жоғары деңгейде атап өткізілді.

Сонымен қатар ауыл жастары мен мектеп оқушылары аудандық, облыстық түрлі спорттық турнирлерге қатысып жүлделі орындарды иеленді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, осы акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, облыс, аудан кәсіпкерлері тарапынан түрлі мұқтаждыққа байланысты қаржылай көмектер көрсетілді. Атап айтқанда «Сағыз петролиум» кәсіпорны, азамат Ж.Джуманиязовтың үйіне газ жүргізу және жылыту жүйесін жасауға – 300 мың теңге, көп балалы С.Боранбаева мен Э.Будашеваның отбасыларына балаларын қысқы киіммен қамту мақсатында Ақтөбелік кәсіпкер Ш. және «Аққұс» АҚ-ы 100 мың теңгеге сертификаттар табыстады. Бұл шара ауылдық округінде де жалғасын тауып, І-топ мүгедегі Кенжалин Жансеріктің үйіне ауыл тұрғындары Түйешин Ж., Т.Жанибеков жылыту жүйесін тегін жасады және «Нүрке» ш/қ-ы азық ретінде бір бас қой берді.

Сондай-ақ ауыл әкімінің ұйымдастыруымен жаңа жыл қарсаңында тағы бес отбасына көмек көрсетіліп, балаларына қалың қыс киімдері табысталды.



«Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша: Биыл біздің ауылдық округке республикалық бюджеттен 1529,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыны игеру үшін жұмыс жоспары бекітіліп, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен, бағдарлама талабына сай ауылды абаттандыру бойынша және орталық стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына конкурстың қорытындысымен «Алем-Икрам» ЖШС-і жеңімпаз атанып, жоғарыда аталған 1 млн. 529 мың теңгенің 881 мың теңгесі игерілді. 648 мың теңге көлемінде қаржы үнемделіп, жергілікті қоғамдастық шешімімен үнемделген қаржы есебінен абаттандыру жұмыстарын жалғастыруға толықтай игерілді.

Құқықбұзушылық және қылмыс: Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан жергілікті полиция ашылып, осы полиция құрамына кіретін учаскелік полиция инспекторы жұмысының жылдық қорытынды есебі бойынша орта дәрежедегі 13 қылмыс тіркелсе, олардың 10-ы ашылды, ал ашылмай тұрған мал ұрлығына қатысты 3 қылмыс.

Сонымен қатар түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 68 әкімшілік хаттама толтырылған және 13 қорғау нұсқамасы ашылып, есепке алынған бір азаматқа учаскелік полиция инспекторымен ерекше талап қойылған.



«Бесқоспа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет