14 баспасөз релизі базалық мөлшерлеме туралы



Дата01.07.2017
өлшемі26.84 Kb.

14 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ



Базалық мөлшерлеме туралы
2016 жылғы 6 маусым Алматы қ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі +/-1% болатын дәлізбен базалық мөлшерлемені 15% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Сараланған пайыздық саясатты ұстана отырып, Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты сақтау тәуекелдерін ескерді, олар қаражаттың ақша нарығынан валюта нарығына ықтимал ауысуы жағдайларында теңгедегі активтерге сұранысты қолдау және ортамерзімді болашақта баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін көрсетеді.

Бұл шешімді қабылдаған кезде бірнеше фактор қаралды.

Халықтың шетел валютасын сатып алудан гөрі оны сату көлемінің асып кетуі тұрақты түрде сақталып отыр. Шетел валютасында номинирленген депозиттердің теңгедегі депозиттерге ауысуы жалғасуда. Жеке тұлғалардың депозиттерінің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің үлесі 2016 жылғы сәуірде 72%-ға дейін, заңды тұлғалардікі 53%-ға дейін төмендеді. 2016 жылғы сәуірде 2015 жылғы қазаннан бастап алғаш рет ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі тіркелді.

Инфляция күтілетін үрдіс шеңберінде қалыптасуда. Ұлттық Банк пікіртерімінің нәтижелері 2016 жылғы мамырда халықтың инфляциялық күтулерінің іс жүзінде өзгермегенін көрсетеді. Келесі 12 айда бағаның өсу қарқынының жеделдеуін немесе оның осы деңгейде сақталуын күткен қатысушылардың үлесі 37,7%-ды құрады (2016 жылғы сәуірде – 37,1%).

Экономикалық белсенділіктің деңгейі және ішкі сұраныстың көрсеткіштері экономикалық өсу қарқындарына жағымсыз әсер ете отырып, төмендеуін жалғастыруда. 2016 жылғы қаңтар-сәуірде базалық салалар бойынша шығарылым индекстерін өзгертуге негізделген және экономиканың даму үрдістерін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор төмендеді. Сонымен бірге, мемлекеттік сектордың шығыстарының өсуі аясында инвестициялық сұраныстың жоғары деңгейі сауда жағдайлары нашарлауының жағымсыз әсерін теңестіруде.

Базалық мөлшерлеме 15%-ға дейін төмендегеннен кейін және 2016 жылғы 6 мамырда пайыздық дәліз тарылғаннан кейін ақша-кредит талаптарының аздап жұмсарғаны байқалады. Ақша нарығындағы мөлшерлемелер базалық мөлшерлеме дәлізінің төменгі шегінде. Валюталық депозиттерді теңгелік депозиттерге үнемі айналдыру есебінен, сондай-ақ фискалдық факторлардың есебінен болып жатқан өтімділіктің құрылымдық профицитінің ұлғаюы байқалады.

Валюталық және ақша нарықтарының жай-күйіне, сондай-ақ инфляциялық күтулердің қалыптасуына әсер етуі мүмкін сыртқы және ішкі тәуекелдер сақталуда. Базалық мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құны іс жүзінде өскен жоқ және ақша нарығы мөлшерлемелерінен төмен деңгейде қалуда.

Тәуекелдердің азаюына және байқалған жағымды үрдістер орнықтылығының расталуына қарай базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін. Мөлшерлемелердің төмендеу жылдамдығы экономиканың сыртқы күйзелістерге ден қоюына және бір жыл және одан көп мерзімде болжанатын инфляцияны, валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құнын, банк салымшыларының валюталық таңдауларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатынан алынатын кері байланысқа тәуелді болады.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланатын болады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 2704 585

+7 (727) 3302 497

e-mail: press@nationalbank.kz



www.nationalbank.kz
: file -> info
info -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
info -> 47 баспасөз релизі валюта нарығындағы ағымдағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 5 баспасөз релизі «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан
info -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №9 баспасөзрели зі
info -> 20 баспасөз релизі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы
info -> Памятка по домашнему компостированию растительных отходов


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет