11 -сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)



Дата22.02.2018
өлшемі208.48 Kb.
Тақырыптың мазмұны «Ел тарихы»

11 -сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Кіріспе (1 сағат)



  1. XVIII - XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректер (2 сағат)

Қазакстан тарихнамасы. XVIII - XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы.

  1. VIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі Қазақстанның саяси жағдайы (2 сағат) Ішкі саяси жағдай. Әбілқайыр ханның билік басында келуі.

  2. Қазақ халқының XVIII ғасырдың 20 - жылдарындағы жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы (3 сағат)

Қазақ халқының XVIII ғасырдың басындағы жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің күшеюі. Отан соғысының басталуы (Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары). Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарысты ұйымдарыстару.

  1. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы (XVIII ғасырдың 30-40 жылдары) (3 сағат)

Патша үкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуымен Қазақстандағы әскери - отаршылдық әрекетінің басталуы. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандағын қабылдауы. XVIII ғасырдың 40 - жылдарындағы қазақ - ойрат қатынастары және Ресейдің аймақтағы саясаты

  1. XVIII - XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы (2 сағат) Қазақтардың шаруашылығы. Сыртқы сауда.

  2. Қазақстанның солтүстік - батысындағы Ресей билігінің күшеюі (2 сағат)

Нұралы хан билік еткен жылдардағы Кіші жүздегі саяси жағдай (1749 - 1786). Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

  1. XVIII ғасырдың 50 - жылдары - XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Орталық және Оңтүстік - шығыс Қазақстандағы саяси үрдістер. Абылай хан (4 сағат)

Орта жүз бен Ұлы жүз аумағындағы жоғарғы биліктің нығаюы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. «Шаңды жорық» - екі жүз жылдық соғыстың ақыры. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі жеңісінің тарихи маңызы.

  1. XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың алғашкы үштен біріндегі Оңтүстік Қазақстан (3 сағат)

Қазақтардың Ташкент иелігінің құрамында болуы. Қоқан және Хиуа хандықтарының соғыс экспансиясы. XIX ғасырдың 20 - жылдарында Жетісуға Ресей империясы ыкпалының таралуы.

  1. XIX ғасырдың екінші ширегінде Қазақстанда Ресей әкімшілік- саяси жүйесінің енгізілуі. (2 сағат) Әскери отарлаудың күшеюі. Әкімшілік - аумақтық құрылыстың жаңа жүйесінің енгізілуі.

  2. Қазақтардың Ресей отаршылдык үстемдігінің орнатылуына қарсы ұлт - азаттық күресі. (2 сағат) Орта жүздегі патшалық реформаларға оппозиция. Кенесары хан бастаған халық - азаттық көтерілісі.

  3. Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы. Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы. (2 сағат)

Оңтүстік Қазақстан Ресей мен Англияның Орта Шығыстағы сыртқы саяси стратегиясында. Сырдария бойында Ресей әскери шебінің құрылуы.

  1. Қазақстанның XX ғасырдың басындағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. (2 сағат) Ғасырдың басындағы өлке халқы. Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі.

  2. Қазақстанның XX ғасырдың басындағы әлеуметтік - саяси дамуы. (2 сағат)

XX ғасырдың басында Қзақстандағы саяси өмірдің жандануы. 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс.

  1. Қазақстанның XX ғасырдың басындағы мәдени өмірі. (2 сағат) Оқу - ағарту ісі. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті


Түсінік хат

Бағдарлама мектептегі тарих курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, тарихқа қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушылардың қиындык келтіретін тапсырмалар, тест құрастыру, логикалық тапсырмалар,Отан тарихындағы тарихи кезеңдерді салыстыру, өз көзқарастарын ашық айту, дүниетанымын кеңейтуге, пікірін ашық айтуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады.

Тарих-өткенді зерделеп болашаққа жол ашуға мүмкіндік беретін ғылым.

Бағдарламаны құруда 11-сынып оқушыларына арналған қосымша материалдар пайдаланылады.



Курстың өзектілігі: Өз тарихымызды зерделеу арқылы білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;

Сонымен қатар бұл курс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, негізгі тарих бағдарламасы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.

Бұл курстың оқушылардың қазіргі заманғы біліктілігін дамытуға, заманауи білімдерін жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сабақтар дәріс, әңгіме, пікірталас , өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тексеру, шығармашылық жұмыстар жүргізу, өз бетілік тапсырма жұмыстарын жүргізу арқылы өтеді.

Сабақ барысында зерделеніп отырған әрбір тақырып, тарихи кезеңдер , тарихи жеке тұлғалар, ұлттық қозғалыстар, ел басқару жүйелерін салыстыру арқылы оқушының есте сақтау қабілетін қалыптастырады. Бұл әдіс оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді.



Курстын мақсаты және міндеттері:

Курстың негізгі мақсаты- ғылыми білімнің іргелі негізін қамтып, негізгі тарих тағылымдарын зерделеу және шығармашылық жұмыстар жүргізе білуге үйрету.Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:



  • білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;

  • мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу, пәнаралык (эдебиет, география, математика, сурет,музыка ) байланысты нығайту, Отан тарихының қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;

  • белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру,

  • жаңашылдыққа баулу; алған теориялык білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;

  • оқушылардың негізгі тарих курсындағы білімдерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру;

Курстың практикалық маңыздылығы

Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, шығармашылығын шыңдауға өз бетінше ізденуінің қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.



Курстын құрылымы:

Бейімделген курс бағдарламасы дамыта оқыту проблемасы бойынша жасалған



Сабақты жүргізу әдістері: Дәріс, баяндау, пікірталас, семинар сабақтар. Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:

  • Тарихи оқиғаларды талдау;

  • Тарих пәніне қызығушылық, тарихи оқиғаларды талдау;

  • Өзін-өзі тексеру, ортақ шешімге келу.

Біліктері:

Оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы; алған білімдерін талдап, жүйелеу;



  • тарихи кезеңдерді салыстыру ;

  • жеке тұлғалардың өмірі мен қызметінен үлгі алу;

  • логикалық тапсырмалар орындау ,

  • тест тапсырмаларын шешу, өзін-өзі бағалау;

Оқушылардың білімін бағалау:

І.Тестілеу



    1. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар

    2. ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан

    3. Голощекиннің гендерлік саясаты

    4. 30-жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыс

    5. Қазакстан II дүниежүзілік соғыс жылдарында

    6. Қазақстан 60-80ж ортасында

    7. Қазақстан 80-90 ж ортасында

    8. Тәуелсіз Қазақстан

Бейімделген бағдарламамен оқыту арқылы оқушылардың материалды терең түсінуіне мүмкіндік туындайды және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназия

тарих пәнінің мұғалімі З.У.Бактыбаеваның

«Ел тарихы» атты 11-сынып оқушыларына

арналған таңдаулы курс бағдарламасына



ПІКІР
Бағдарлама арқылы оқушылардың білімдерін бекіте түсіп, адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім қалыптастырады. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың қоныстарын, алғашқы тайпаларды кәсіби, шаруашылығын, ерте орта ғасырлардағы феодалдық мемлекеттерді , манғол-татар , жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің отарлау дәуірі, 1916 жылғы ұлт-азаттык қозғалыстың қазақтың саяси өміріне жасаған ықпалы, ауыл-шаруашылық ұжымын ұйымдастыру, қазақ зиялыларын қуғындау, Қазақстанның екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесі туралы оқытуды кең көлемде қамтиды.

Бұл бағдарлама мектептегі тарих курсының бағдарламасына қосымша ретінде ұсынылған. Бағдарлама 11-сыныпта тарих пәнінен оқушылардың білім сапасының жоғарылауына, ойлау қабілетін, көзқарастарын және жеке тұлғаның интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламаларына қосымша материалдарды қамти отыра тереңдетілген және шығармашылық жұмыстар, теориялық материалдар толық қарастырылған.

Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыруда, өз бетінше жұмыс атқаруына және оқу материалдарын жаңа технологияларды пайдалана отырып меңгертуге мұғалімге көмек ретінде ұсынады.

Пікір жазған: К.Ж.Жұбаназарова

директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары




Әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы .Алматы, -1995 ж

  2. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. Алматы 2005ж

  3. Журнал «Қазақстан тарихы» , 93-95 жылдар

  4. Б.Куатов «Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме», Алматы , 1993 жыл

  5. Т.Қаратаев «Жүз жылдың ақ-қарасы». Алматы ,1993 жыл

  6. М.Қойгелдиев, Т.Омар би «Тарих тағылым не дейді?» 1993 ж, Алматы

  7. Х.Сейткемелов, «Шұбырынды қанды босқын» , 1993ж

  8. В.Михайлов «Ұлы жұттың жазбалары» , Алматы, 1992 жыл

  9. А.Тасымбеков «Жан дауысы» , Алматы, 1994 жыл

  10. М.Шаханов «Алматы ,1986 ж Желтоқсан: Аңыз бен ақиқат» ,Алматы ,1991

  11. М.Қозыбаев «Бесеудің хаты» , «Казахстанкая правда» газеті 02.10.1990 жыл

  12. Т.Омарбеков «Босқындар» «Ана тілі» газеті 20.09.1990жыл

  13. С.Мәшімбаев «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты», Алматы 1994 жыл

  14. М.Қанин «Қазақтың көне тарихы» , Алматы 1993 жыл

  15. М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы 1994 жыл

  16. «Егемен Қазақстан» газетіндегі әртүрлі мақалалар

  17. «Ана тілі» газетіндегі әртүрлі мақалалар

  18. Ұлттық тәуелсіздік және қазақ философиясы. Ә.Н.Нысанбаев, Алматы,2011

  19. Қазақ хандығы. Т.Жұмаханов, Б.Жұматаев, Аруна,2006

  20. Абылай хан. Ж.Қасымбаев, Аруна,2007


Оқу- тақырыптық жоспар


р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

Білім нәтижесі

Әдіс, тәсілдері

Дәріс

Баяндау

Семинар

1

Кіріспе

1













Пікірлесу

2

Қазақстан тарихнамасы













Танымын кеңейту

Ауызша түсіндіру

3

XVIII - XX ғасырдың басындағы Қaзақстан тарихы проблемаларының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы

1










Қызығушылығын арттырады

Ауызша түсіндіру. Лекция

4

Ішкі саяси жағдай




1







Танымын кеңейту

Ауызша түсіндіру

5

Ресеймен өзара катынастар




1







Танымын кеңейту

Түсіндіру

6

Қазак халқының XVIII ғасырдың басындағы жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің күшеюі




1







Танымын кеңейту

Түсіндіру

7

Отан соғысының басталуы




1







Шығармашылыққа баулиды

Түсіндіру

8

Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалыктық тойтарысты ұйымдастыру. Батырлар

1










Қызығушылығын арттырады

Шығармашылыкқа баулу

9

Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуымен Қазақстандағы әскери - отаршылдық әрекетінің басталуы







1




Теориялык білімін кеңейтеді

Өз-бетілік тапсырма

10

Кіші жүз бен Орта жүз қазақстарының Ресей бодандығын қабылдауы







1




Танымын кеңейту

Өзін-өзі тексеру

11

XVIII ғасырдың 40 - жылдарындағы қазақ - ойрат қатынастары және Ресейдің аймақтағы саясаты







1




Танымын кеңейту

Өз-бетілік тапсырма

12

Қазақтардың шаруашылығы







1




Шығармашылыққа баулиды

Өзін-өзі тексеру

13

Сырткы сауда

1










Қызығушылығын арттырады

Өз бетінше іздену

14

Нұралы хан билік еткен жылдардағы Кіші жүздегі саяси жағдай

1










Теориялык білімін кеңейтеді

Өз-бетілік тапсырма

15

Бөкей хандығының қүрылуы




1







Танымын кеңейту

Түсіндіру

16

Орта жүз бен ¥лы жүз аумағындағы жоғарғы биліктің нығаюы







1




Танымын кеңейту

Кесте толтыру

17

Абылай ханның ішкі және сыртқы жағдайы







1




Танымын кеңейту

Өзін-өзі тексеру

18

«Шаңды жорық» - екі жүз жылдық соғыстың ақыры

1










Қызығушылығын арттырады

Шығармашылық тапсырма

19

Абылай хан мирасқорлары билік еткен кезеңдегі Орта жүз аумағындағы саяси жағдай




1







Қызығушылығын арттырады

Ауызша түсіндіру

20

Қазақтардың Ташкент иелігінің құрамында болуы







1




Қызығушылығын арттырады

Шығармашылық тапсырма

21

Оңтүстік қазақтарының жаулап алушыларға қарсы азаттық күресі

1










Теориялык білімін кеңейтеді

Шығармашылық тапсырма

22

XIX ғасырдың 20 - жылдарында Жетісуға Ресей империясы ықпалының таралуы

1










Теориялық білімін кеңейтеді

Шығармашылық тапсырма

23

Орта жүздегі патшалык реформаларға оппозиция







1




Қызығушылығын арттырады

Өз бетінше іздену

24

Саржан сұлтан бастаған көтеріліс (1825 - 1836жж)







1




Қызығушылығын арттырады

Шығармашылық тапсырма

25

Оңтүстік Қазақстан Ресей мен Англияның Орта Шығыстағы сыртқы саяси стратегиясында







1




Қызығушылығын арттырады

Өзін-өзі тексеру

26

Арал өңірі қазақстарынң XIX ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт - азаттық күресі







1




Қызығушылығын арттырады

Өз бетінше іздену

27

Патша үкіметінің аграрлық саясаты







1




Қызығушылығын арттырады

Өз бетінше іздену

28

Аймақтағы әскер күшінің артуы







1




Қызығушылығын арттырады

Өз бетінше іздену

29

Өнеркәсіптің дамуы







1




Қызығушылығын арттырады

Өз бетінше іздену

30

Жұмысшы кадрлардың қалыптасуы







1




Қызығушылығын арттырады

Өзін-өзі тексеру

31

Қазақстан I дүниежүзілік соғыс қарсаңында







1




Қызығушылығын арттырады

Өзін-өзі тексеру

32

Қазақстандағы Ақпан революциясы







1




Теориялык білімін кеңейтеді

Өз бетінше іздену

33

Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі

1










Қызығушылығын арттырады

Қайталау

34

XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті







1




Танымын кеңейту

Шығармашылық тапсырма

Аудандық эксперименттік комиссиясында қаралып, мектепішілік пайдалануға ұсынылды.

Хаттама № _____ ___________ _______________________ 2016 жыл

Эксперименттік комиссия төрағасы: Ә.О.Оспанова

Аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімше меңгерушісі

Құрастырған: З.У.Бактыбаева

Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Пікір жазған: К.Ж.Жұбаназарова



Шалқар ауданы № 2 мектеп-гимназия директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары
Каталог: uploads -> doc -> 1260
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1260 -> Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі бұл-ұйымдасқан түрде төтенше жағдайлар туындағанда ақпарат пен хабарлау белгілерінің таратылуын қамтамасыз ететін байланыс жүйесі мен арнайы техникалық хабарлау құралдарымен қамтамасыз етілуі болып


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет