1001 –мақал, 101 жұмбақ Төлеген В. Т



Дата22.01.2018
өлшемі56.72 Kb.
1001 –мақал, 101 жұмбақ
Төлеген В. Т.,

Қоғамдық тамақтандыру және сервис

колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы, Астана қаласы



Сабақтың мақсаты: Қазақтың өшпес мұрасы мақал-мәтелдің қадір-қасиетін студенттерге түсіндіру. Өз елін, жерін, тілін құрметтеуге деген

сүйіспеншіліктерін арттыру.Мақал-мәтел арқылы студенттердің сөздік қорын дамыту.



Өткізілу барысы: Балалар екі топқа бөлінеді. Мақалшылар тобына «Алғырлар», ал Жұмбақшылар тобына «Тапқырлар» деген атау беріледі. Екі топқа бөлінген соң, жүргізуші оларды ойын шартымен таныстырады. Өткізілетін сайыс презентация, слайд және музыкалық әрлеумен жабдықталған.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті көрермендер, ұстаздар және ойынға қатысушылар! Сіздерді дәл осы жерде көргенімізге өте қуаныштымыз. Ойынды бастамас бұрын ортаға әнші қызымыз Сабинаның орындауында «Наз қоңыр» өлеңін қабыл алыңыздар!

I кезең.1-айналым. «Мақалшылар»жарысы

Шарты:Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай қатысушылар жалғастыруы тиіс. Әр жауап 10 ұпай. Соңында ұпай саны аз қатысушы ойыннан шығады.

Алғашқы айналым:

1.Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

2. Отанға опасыздық еткенің, опасыз боп кеткенің

3. Өз елімнің басы болмасам да, тасы болайын

4. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер

5. Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы

6. Өнер алды-қызыл тіл

7. Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, әкеден жаман ұл туса өзінің қамын жейді

8. Атаңның ұлы болма,адамның ұлы бол

9. Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра



2-айналым. «Көрермен көзайымы»

Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады. Құрастырған көрермен ұпайын өзі таңдаған ойыншыға сыйлайды. Әр жауап 10 ұпай.



Көрермен көзайымы:

  • Еңбек (еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей)

  • Достық (жүз теңген болғанша, жүз досың болсын)

  • Әке (әке қөрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер)

  • Ер (ер азаматтың мойнында қыл арқан шірімес)

  • Жолдас (жаман жолдас жауда қалдырар, жаман ат жолда қалдырар)

  • Жақсы (жақсының жақсысын айт, нұры тасысын)

  • Туған жер(туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас)

  • Ырыс (ырыс алды-ынтымақ)

  • Отан (отан оттанда ыстық)

3-айналым.«Мақал жарыстыру»

Қалған ойыншылар бір-біріне кезекпен мақал айтады. Сол мақалда бар сөздермен екінші ойыншы мақал құрастырады. Әр қатысушы 10 мақал айтуы тиіс. Әр айтылған мақалға 10 ұпай. Ұпай саны аз қатысушы ойыннан шығады.



Жүргізуші: Мақалшыларға аздап демалуға мүмкіндік жасайық. Алдарыңызда колледждің мың бұралған биші қыздарының «Би шашуын» тамашалаңыздар!

II кезең. «Жұмбақшылар» жарысы

Шарты:

1. Алғашқы айналым

Ойыншыларға жұмбақ жасырылады. Ең аз жауап берген қатысушы ойыннан шығады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.



Алғашқы айналым:

1. Ти десем, тимейді,

Тиме десем тиеді. (ерін)



2. Мұздай мөлдір жұмыртқа,

Жарық берер ымыртта.  (электр шамы)



3. Бірі үй күзетіп қалса да,

Бірі жүрер қалтада(кілт пен құлып)



4. Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.(қырыққабат)

5. Егізқайың,

Бой-бастарытеңөскен.

Іскедайын,

Бұтақтары бес-бестен.(қолдың саусақтары)

6. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр.(қызылша)

7. Қиындықта тастамайтын,

Жамандықтан аластайтын,

Ұстанғаны ізгі ниет,

Бұл қандай қасиет?  (достық)



8. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(түйе)



9. Қабат –қабат қаттама,

Ақылың болса аттама!(кітап)



10. Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.(мысық)



11. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.(мысық)



12. Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп,

Қайсы құсты мақтаймыз?(көгершін)



2. Көрермен көзайымы.

Көрермендерге жұмбақ жасырылады. Жауабын тапқан көрермен ұпайын өзі таңдаған ойыншыға сыйлайды. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.


Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

 Көзге ілінбейді,


Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,   


Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз)

Шым - шытыр,   


Шидай қотыр. (Жұлдыздар)

 Қанаты жоқ, ұшады,   


Аяғы жоқ, жетеді.   
Аузы жоқ,ұлиды.(Боран)

Ат шаптырым аумағы,


Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.(Бұлт)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,


Жарық түссе,бірден сөніп қалады.(Жұлдыз)

Аяқсыз жетіп барады,


Қолсыз есік қағады.(Жел)

Арыстан арқырады,


Орман жарқырады.(Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,


Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.(Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,


Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Әуеден күбі түсті,   


Күбінің түбі түсті.(Күн күркүреуі)

Қонақтап күнде қонар су бетіне,   


Сүйсінер барлық адам келбетіне.   
Тұлғасы су ішінде көрінеді,   
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,   


Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.   
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,   
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк аспан)

Тең, тең, тең киіз,   


Екі ортасы кең киіз.(Аспан, жер)

Көк жиекті шай табақта,   


Алтын алма тербеледі.   
Кейде бүркер алма жүзін,   
Ұлпа мақта перделер.(Күн)

Сатайын десем ауыр кілем,   


Сатпайын десем тәуір кілем(Жер)

Таңмен көзін ашады,


Әдемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады,


Ұстасан қолын тоңады.(Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,


Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?(Көктем)

  • 3. Келесі кезек.

Қалған ойыншылар бір-біріне жұмбақ жасырады. Әр дұрыс табылған жауапқа 10 ұпай беріледі. Ойын соңында ұпайы аз қатысушы ойыннан шығады.

III кезең. «Шешуші сәт»

Бұл кезеңде берілетін тапсырма шарты: «Мақалдар» сайысы мен «Жұмбақтар» сайысының жеңімпаздары өзара жарысады. Қойылған жұмбақтың жауабын тауып, сол сөзге мақал құрастыруы тиіс. Әр жауап 20 ұпай. Алдыңғы айналымдарда жинаған ұпай сандары жойылады. Ойын соңында ұпайы жоғары ойыншы жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: - Міне, бүгінгі ойынымыздың асыға күткен сәті де келіп жеткен сыңайлы, олай болатын болса ,қанеки ойыншылар ұпайларыңызды санаңыздар, қай топтың ұпайы көп болса сол жеңіске жететінін білеміз. Сонымен бүгінгі ойынның жеңімпаздары «Алғырлар» тобы. Жарайсыңдар, құттықтаймыз!

  • Құрметті, көрермендер, ұстаздар! Алтын уақыттарыңызды бөліп, біздің қуанышымызға ортақтасқандарыңыз үшін көптен-көп рақмет, кездескенше күн жақсы!

Қорытынды: жеңімпаз ойыншылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталады.
Каталог: uploads -> doc -> 0ad5
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0ad5 -> Сабақтың мақсаты: Алқа тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілерімен танысу


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет