1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас



бет9/11
Дата22.12.2017
өлшемі2.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

25 нұсқа


1. Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүргенін табыңыз.

A) 1835-1865 жж.

B) 1845-1875 жж.

C) 1833-1863 жж.

D) 1830-1860 жж.

E) 1840-1870 жж.



2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Әке мен бала»

B) «Өнер – білім бар жұрттар»

C) «Қыпшақ Сейітқұл»

D) «Өлең – сөздің патшасы»

E) «Ғылым таппай мақтанба»



3. Шәкәрім поэмасын табыңыз.

A) «Еңлік-Кебек».

B) «Батыр Баян».

C) «Масғұт».

D) «Медғат-Қасым».

E) «Ескендір».



4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

A) Мардан.

B) Мәмбет.

C) Ақан сері.

D) Күйші.

E) Қарашаш.



5. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Шоқпыттың шаруасы».

B) «Сүт заводы».

C) «Балқаш».

D) «Майға сәлем!».

E) «Кедей баласы».



6. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.

A) Шолпан

B) Сұлушаш

C) Баян сұлу

D) Айман

E) Қамар сұлу



7. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.

A) Жарылғас.

B) Жайнақ.

C) Қанай.

D) Баймағанбет.

E) Орынбай.



8. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз

A) 1803 – 1846 ж.ж.

B) 1818 – 1881 ж.ж.

C) 1802 – 1874 ж.ж.

D) 1857 – 1931 ж.ж.

E) 1846 – 1945 ж.ж.



9. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

A) Оспанға.

B) Құнанбайға.

C) Ақылбайға.

D) Әбдірахманға.

E) Мағауияға.


10. С.Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімін табыңыз.

A) Сейфқожа.

B) Сейфолла.

C) Сағындық.

D) Сәдуақас.

E) Сарыпбек.



11. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

A) «Мен таулықпын».

B) «Анау – аспан, мынау – бақ».

C) «Поэзия».

D) «Фантазия».

E) «Қара өлең».


12. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

B) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

C) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

D) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

E) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.


13. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) Т.Айбергенов.

B) Қ.Мырзалиев.

C) М.Шаханов.

D) Т.Молдағалиев.

E) А.Бақтыгереева.



14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.

A) Ашаршылықтан құтылу үшін.

B) Туысқандарына жолығу үшін.

C) Жаулардан құтылу үшін.

D) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.

E) Туған жерге жетіп өлу үшін.



15. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.

A) «Оғыз-наме».

B) «Күлтегін», «Тоныкөк».

C) «Диуани хикмет».

D) «Құдатғу біліг».

E) «Диуани лұғат ат-түрік».



16. ’’Қаңбақ шал’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз.

- Кел, жердің ішек- қарынын шығарайық.

A) Кемпір.

B) 2- дәу.

C) Түлкі.

D) Шал.


E) 1- дәу.

17. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз.

A) Тоқтарбай.

B) Қарасай.

C) Байбөрі.

D) Сарыбай.

E) Тұяқбай.



18. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.

A) Айтыстың бір шарты.

B) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.

C) Шабыт шақыру мақсаты.

D) Елдің көңілін аудару амалы.

E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.



19. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Шұрайлы жер іздеу.

B) Өлеңдерін тарату.

C) Саяхат жасау.

D) Өзінің кәсібі.

E) Игі жақсыларды жинау.



20. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

A) Тәуке хан.

B) Жәңгір хан.

C) Қасым хан.

D) Абылай хан.

E) Есім хан.



21. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.

A) Кереку.

B) Қостанай.

C) Семей.

D) Ақмола.

E) Көкшетау.



22. Граждан деген есімнің Мағжан Жұмабаев өміріне қатысын табыңыз.

A) Ешқандай қатысы жоқ.

B) Досы.

C) Лақап аты.

D) Өлеңінің аты.

E) Баласы.



23. Ғ. Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірін белгілеңіз.

A) ’’Жат қолында’’.

B) ’’Ақан сері- Ақтоқты’’.

C) ’’Қазақ солдаты’’.

D) ’’Қос Шалқар’’.

E) ’’Алғашқы адымдар’’.



24. Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз.

A) Әлі әлемдік деңгейге жеткен жоқ.

B) XVІІІ ғ.екінші жартысы.

C) XІX ғ.екінші жартысы.

D) XX ғ.

E) XІX ғ.бірінші жартысы.



25. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.

A) Он.


B) Жиырма.

C) Он екі.

D) Сегіз.

E) Алты.



26. Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Шаңқұтты.

B) Ақсүйек.

C) Өзі.


D) Би.

E) Хан.



27. "Әй, Махамбет жолдасым" деген өлеңді шығарған кім екенін анықтаңыз.

A) Исатай.

B) Ығылман.

C) Ақтамберді.

D) Дулат.

E) Махамбет.



28. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.

A) 1818-1881 жж.

B) 1858-1931 жж.

C) 1843-1906 жж.

D) 1870-1904 жж.

E) 1858-1912 жж.



29. Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазғанда неше жаста екенін табыңыз.

A) Он тоғызда.

B) Жиырмада.

C) Жиырма үште.

D) Жиырма екіде.

E) Жиырма бірде.



30. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жерді атаңыз.

A) Жаңа өзен.

B) Тарбағатай.

C) Сарыөзек.

D) Жерұйық.

E) Ош.







26 нұсқа


1. Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз.

Түйе сүйеді баласын «…» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.

A) «қозым»

B) «боташым»

C) «лағым»

D) «бұзауым»

E) «құлыным»



2. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.

A) Әбілқайыр

B) Есет батыр

C) Шернияз

D) Исатай

E) Жәңгір



3. Бес арыстың бірін белгілеңіз.

A) Ахмет Байтұсынұлы.

B) Қасым Аманжолұлы.

C) Ғабиден Мұстафин.

D) Сәбит Дөнентаев.

E) Мағауия Абайұлы.



4. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.

A) Ж.Жабаев.

B) Б.Майлин.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) С.Сейфуллин.

E) І.Жансүгіров.



5. 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз.

A) «Айман – Шолпан»

B) «Түнгі сарын»

C) «Еңлік – Кебек»

D) «Қарақыпшақ Қобыланды»

E) «Қарагөз»



6. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.

A) Жәдігер.

B) Құлтай.

C) Байбөрі.

D) Алпамыс.

E) Тортай.



7. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Ақжайлау мен Сандықтас»

B) «Жас дәурен»

C) «Әр нәрсенің парқы бар»

D) «Өлеңнің аққан көзі едім»

E) «Адамдық іс»



8. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының туған жылын көрсетіңіз.

A) 1841 жыл.

B) 1845 жыл.

C) 1858 жыл.

D) 1818 жыл.

E) 1843 жыл.



9. С.Бегалиннің Ш.Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз.

A) «Ш.Уәлиханов».

B) «Аққан жұлдыз».

C) «Ариадна жібі».

D) «Қашқарға саяхат».

E) «Бала Шоқан».



10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1866 ж. Омбыда.

B) 1864 ж. Торғайда.

C) 1863 ж. Ырғызда.

D) 1865 ж. Орынборда.

E) 1865 ж. Қостанайда.



11. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.

B) ’’Әкеме’’.

C) ’’Жазғытұры’’.

D) ’’Өзен’’.

E) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.



12. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды табыңыз.

A) Қ.Бұғыбаева.

B) М.Мақатаев.

C) Қ.Баянбаев.

D) Т.Айбергенов.

E) Т.Молдағалиев.



13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

A) ²Әдебиет майданы².

B) ²Тіршілік².

C) ²Орда².

D) ²Кедей сөзі².

E) ²Еңбекші қазақ².



14. М.Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға қалай түсіндіргенін белгілеңіз.

A) Саудагер болу үшін көп елдің тілін білу.

B) Саудагер болу үшін мол білім игеру.

C) Саяхатшы болу.

D) Ғылым мен өнердің шамын жағу.

E) Саудагер болу.



15. Саиф Сараи- қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.

A) Орта түркі дәуірі.

B) Алтын Орда дәуірі.

C) Түркі бірлестігі дәуірі.

D) Көне түркі дәуірі.

E) Хандық дәуірі.



16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.

A) "Ер Төстік".

B) "Аяз би".

C) "Керқұла атты Кендебай".

D) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".

E) "Ұшқыш кілем".



17. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.

A) «Айман-Шолпан».

B) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

C) «Мақпал мен Сегіз».

D) «Қыз Жібек».

E) «Күлше қыз».



18. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.

A) Саятшы.

B) Әнші.

C) Малшы.

D) Педагог.

E) Ақын.



19. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1675-1768 жж.

B) 1706-1778 жж.

C) 1668-1781 жж.

D) 1670-1730 жж.

E) 1465-1560 жж.



20. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.

A) Байғазы.

B) Итбай.

C) Амантай.

D) Тұрлығұл.

E) Құрымбай.



21. М.Жұмабаевтың оқиғасы мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал соғысты көрсетуге арналған шығармасын белгілеңіз.

A) «Қойлыбайдың қобызы».

B) «Ертегі».

C) «Тоқсанның тобы».

D) «Бала мен құс».

E) «Орман патшасы».



22. Ғ.Мүсіреповтің 1950-70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.

A) «Алғашқы адымдар».

B) «Ақлима».

C) «Өмір жорығы».

D) «Амангелді».

E) «Ақан сері-Ақтоқты».



23. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.

A) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.

B) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.

C) Табиғат көркін суреттеу.

D) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.

E) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.



24. Ш.Айтматовтың «Кездесу» әңгімесінде ұрыларды іздеу кезінде балаға кімнің кездескенін табыңыз.

A) Керуенші.

B) Жолаушы.

C) Ана.


D) Досы.

E) Бейтаныс шал.



25. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы уәзірдің атын табыңыз.

A) Ұғділміш.

B) Дана-дәруіш.

C) Күнтуды.

D) Айтолды.

E) Оғдұрмыш.



26. Жиембет жырау:

Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,

Кешегі өзің ұрып өлтірген

Тілеуберді құлыңдай... деген өлең шумағын кімге айтқанын анықтаңыз.

A) Ахметке.

B) Жәңгір ханға.

C) Есім ханға.

D) Жолымбетке.

E) Абылай ханға.


27. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,

Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,

Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.

A) Ақтамбердінікі.

B) Махамбеттікі.

C) Жиембеттікі.

D) Исатайдікі.

E) Шернияздікі.



28. «Адамнан адам озар немен артып,

Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» - деген тармақтардың авторын табыңыз.

A) Ш.Құдайбердиев.

B) Ш.Бөкеев.

C) Ғ.Қараш.

D) А.Қорамсаұлы.

E) А.Құнанбаев.


29. «Ботагөз» романының ақырында Ботагөздің атқан таңды қарсы алған жерін табыңыз.

A) Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста.

B) Шортанды көлінің ортасындағы діңгек таста.

C) Қалың орман ортасында.

D) Бурабай көлінің ортасындағы діңгек таста.

E) Сексенкөлдің ортасындағы діңгек таста.



30. «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады» деген нақыл сөздің иесін табыңыз.

A) О.Сүлейменов.

B) Б.Момышұлы.

C) Д.Исабеков.

D) Ш.Мұртаза.

E) Б.Бұлқышев.








27 нұсқа


1. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл».

B) «Бай баласы мен кедей баласы»

C) «Атымтай Жомарт».

D) «Әке мен бала»

E) «Талаптың пайдасы».



2. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.

A) «Шолпан».

B) «Өткен күндер».

C) «Домбыра».

D) «Маса».

E) «Асау тұлпар».



3. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) Б.Майлин.

C) І.Жансүгіров.

D) М.Жұмабаев.

E) Ж.Жабаев.



4. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.

A) Алматы.

B) Орск.

C) Орынбор.

D) Шымкент.

E) Қызылорда.



5. Мына жолдарды айтқан қай пьесаның кейіпкері екенін табыңыз.

«Өз көңілімді барласам, дүниенің бәр дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос…Сауық құрам - ән сүйем, саят құрам – сән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем.»

A) «Еңлік-Кебек» - Кебек.

B) «Ақан сері - Ақтоты» - Ақан.

C) «Айман-Шолпан» - Арыстан.

D) «Қарагөз» - Сырым.

E) «Қыз Жібек» - Төлеген.


6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.

A) XІ ғ.


B) ІX ғ.

C) X ғ.


D) XІІ ғ.

E) VІІІ ғ.



7. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.

A) «Ер Төстік»

B) «Тұлпар»

C) «Керқұла атты Кендебай»

D) «Түлкі, аю, қойшы»

E) «Аққудың күйі»



8. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.

A) Алпамыс.

B) Байбөрі.

C) Тортай.

D) Жәдігер.

E) Құлтай.



9. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.

A) Ақындар айтысы.

B) Бәдік айтысы.

C) Жануарлар мен адам айтысы.

D) Жұмбақ айтысы.

E) Жар-жар айтысы.



10. Таза мінсіз асыл тас,

’’Су түбінде жатады.



Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады’’

Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Ақтамберді.

B) Доспамбет.

C) Шалкиіз.

D) Қазтуған.

E) Асан қайғы.


11. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.

A) М. Тынышбаев.

B) А. Байтұрсынов.

C) Х. Досмұхамедов.

D) Ш. Уәлиханов.

E) Ы. Алтынсарин.



12. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

A) Ақылбайға.

B) Оспанға.

C) Құнанбайға.

D) Әбдірахманға.

E) Мағауияға.


13. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.

A) 1927 ж.

B) 1920 ж.

C) 1925 ж.

D) 1926 ж.

E) 1930 ж.



14. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.

A) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.

B) Бір адамның ұзақ сөзі.

C) Адамның сырт бітімін суреттеу.

D) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.

E) Оқиғалар арасындағы байланыс.



15. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

A) Рахымжан Қошқарбаев.

B) Мәлік Ғабдуллин.

C) Бауыржан Момышұлы.

D) Талғат Бигелдинов.

E) Қасым Қайсенов.



16. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Шалкиіз.

B) Қазтуған.

C) Доспамбет.

D) Жиембет.

E) Асан қайғы.



17. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Жиембет.

B) Шалкиіз.

C) Шернияз.

D) Қазтуған.

E) Ақтамберді.



18. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Бекболат.

B) Алмажан.

C) Шәңгерей.

D) Шернияз.

E) Мұрат.



19. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен » деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.

A) «Көкшетау».

B) «Дала».

C) «Кім жазықты».

D) «Қамар сұлу».

E) «Қалың мал».



20. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.

A) С.Дөнентаев.

B) С.Торайғыров.

C) М.Әуезов.

D) С.Көбеев.

E) М.Сералин.



21. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

A) «Боранда».

B) «Ананың анасы».

C) «Боранды түнде».

D) «Кездеспей кеткен бір бейне».

E) «Этнографиялық әңгіме.»



22. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.

A) Ырғақ.

B) Синтаксистік параллелизм.

C) Саз.


D) Теңеу.

E) Интонация.



23. Дағыстан халқының ақынын табыңыз.

A) Н.Фазылов.

B) Ғ.Ибрагимов.

C) Р.Ғамзатов.

D) С.Құдаш.

E) М.Жәлел.



24. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат…» шығармасы прозаның қай түріне жататынын табыңыз.

A) Эссе.


B) Әңгіме.

C) Эпопея.

D) Повесть.

E) Роман.



25. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.

A) Сегіз.

B) Алты.

C) Төрт.


D) Үш.

E) Бес.


26. "Әй, Махамбет жолдасым" деген өлеңді шығарған кім екенін анықтаңыз.

A) Исатай.

B) Дулат.

C) Ақтамберді.

D) Махамбет.

E) Ығылман.



27. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Сүйемін».

B) «Елім-ай».

C) «Ақжайлау мен Сандықтас».

D) «Тағдыр».

E) «Жаздыгүні шілде болғанда».



28. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.

A) «Әсемпаз болма әрнеге», «Жаз».

B) «Үш қиян», «Өлім».

C) «Замана», «Насихат».

D) «Сырым», «Елім-ай».

E) «Анама хат», «Қазақ қалпы».



29. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.

A) Гипербола.

B) Теңеу.

C) Эпитетті метонимия.

D) Антитеза.

E) Метафора.



30. "Ақ Жайық" романының авторын табыңыз.

A) Т.Ахтанов.

B) Ғ.Қайырбеков.

C) Х.Есенжанов.

D) І.Есенберлин.

E) Ә.Сәрсенбаев.








Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет