1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер



жүктеу 242.26 Kb.
Дата21.12.2016
өлшемі242.26 Kb.
1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
Автокар іштен жанып қозғалтқышты өздігінен жүретін арба және төмен орналасқан жүкті платформалы.

Автоматизация – алу, өзгеру, беру және қуатты, материалдарды немесе ақпаратты қолдану процестерінде тікелей қатысудан адамды толық немесе жарым – жартылай босататын техникалық құралдарды пайдалану. Автоматталады: технологиялық, энергетикалық, көліктік және тағы басқа өндірістік процестер. Автоматизациялау мақсаты – еңбек өнімділігі мен тиімділіген жақсарту, өнім сапасын арттыру, жоспарлау мен басқаруды оптимизациялау. Автоматизация – ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

Автоматты линия – басты және қосалқы жабдықтар машиналарының жүйесі, өндіріс өнімін немесе оның бөлігін дайындау немесе қайта өңдеудің барлық процесін автоматты түрде орындайтын.

Автожүктиеуіш – тиеуге, түсіруге, салуға және жүкті ауыстыруға арналған ауысымды жұмыс жабдығы бар өздігінен жүретін көтеру – көлік машинасы (ожау ыдысты, шанышқылы ұстағышты және т.б.).

Іліп алу – қандайда бір жүкті көтеру немесе орынын ауыстыру мақсатында іліп алуға арналған қондырғы (құрал).

Конвейер (транспортер) – үзіліссіз жұмыс істейтін көліктік қондырғы немесе машина. Жүк көтеру элементтері бойынша конвейерлер мынадай болып келеді:

  • ленталы;

  • пластиналы;

  • роликті (рольгангалар);

  • қырғышты;

  • ожаулы;

  • винтті (шнектер).

Қызметі бойынша конвейерлер гравитациялы және қозғалтқышты болады (тартқышты және дірілдеткішті). Машиналарды жинау, тиеу-түсіру жұмыстары барысында топталған жүктердің орынын ауыстыру үшін қолданылады және т.б.

Контейнер – көліктің әр түрлі түрлерімен тарасыз жүкті тасу үшін қызмет ететін стандартты ыдыс. Контейнерлерді қолдану тиеу-түсіру жұмыстары механизациясын жеңілдетеді, көлік құралдарының айналымын жылдамдатады, жүктің сақталуын жақсартады, көліктік шығындарды азайтады.

Механизация – қол еңбегін машина және механизмдермен ауыстыру, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі. Жартылай және жинақтық механизацияны айырады.

Ұйымдастыруішкі тәртіп орнату, келісімдік, оның құрылысымен, ескертілген, көп немесе аз дифференцияланғандардың және бүтіннің автономды бөліктерінің өзара қатынасы; бүтіннің бөліктері арасындағы өзара байланысты жасау және дамытуға келтіретін процестер мен әрекеттер жиынтығы; бағдарламаны немесе мақсатты бірге жүзеге асыратын және белгіленген ережелер мен процедуралар негізінде жұмыс істейтін адамдар бірлестігі.

Пандус – ғимараттың цоколь үстінен орналасқан басты кіре беріске кіру үшін қызмет ететін еңісті алаң, автомобильдерді гаражға көтеруге арналған, кей-жағдайларда баспалдақты болып келеді.

Жүк көтергіш – жүкті тиеуге, түсіруге және штабельдеуге арналған өздігінен жүретін көтеру-көлік машинасы (дөңгелекті және шынжырлы).



Үзіліссіз әрекеттегі жүк көтергіштердің жүк жинау күрекшелері, роторлы немесе винтті қоректерімен берілетін, шынжырлы және қырғышты конвейерлері бар.

Циклдік әрекеттегі жүк көтергіштер шанышқылы іліп алулармен, ожаулармен және та5ы басқалармен жабдықталған.

Табаңдық – жүк көтеру механизмдері көмегі барысында құрылыс алаңдарынан немесе әр түрлі құрылыс материалдары объектісінен тыс тарасыз ауыстыруға арналған контейнерлердің бір түрі. Табандықтарды қолдану тиеу-түсіру жұмыстарының механизациясын жеңілдетеді, көлік құралдарының айналымын жылдамдатады, жүктің сақталуын жақсартады.

Көтергіш краны – көтеруге және ілінген жүкті үлкен емес арақашықтыққа горизонтальді ауыстыруға арналған циклдік әрекеттегі жүк көтеру машинасы. Көтергіш крандар төмендегідей болып ажыратылады:

  • көпірлі;

  • козелді;

  • мұнаралы;

  • консольді;

  • портальді;

  • велосипедті және басқа.

Платформа - әртүрлі жұмыстарды орындау қолайлылығына арналған көтерілген алаң.

Рампа – көлік құалдарына және қоймаларға тиеу-түсіру машиналарының кіруіне және шығуына арналған еңісті алаң.

Стапель – кемелерге арналған тіреулер орналасатын суға қиғаштап орналасқан бетонды алаң.

Траверс – вертикальді бағандарға сүйеліп тұрған горизонтальді балка, әр түрлі машиналар мен құрылыстар конструкциясының бөлігі (көбінде көлденең балка түрінде). Жылжымалы траверс жүк көтеру машиналарының арқандарына (шынжырларына) ілінеді.

Штабеллер - әртүрлі жүктерді белгілі бір тәртіпте және тегіс салуға арналған өздігінен жүретін немесе қолмен ауысатын қондырғы.

Элеватор – жүктердің вертикальді немесе үлкен бұрышпен жиекке ауысуға арналған конвейердің бір түрі.

Электророкла – қоймалардағы жүктерді ауыстыруға арналған және аккумулятормен қоректенетін, электродвигательден тартылыс алатын дөңгелекті арба.

Жұмысқа қабілеттілігі - техникалық құжаттардың талаптарымен бекітілген, берілген функцияларды параметрлерімен орындауға қабілетті автоматтандырылған ақпараттық жүйе жағдайы.

Жөндеуге жарамдылығы – нормативті-техникалық құжатта берілген, белгілі уақыт кезеңінде жүйенің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылу салдарын табу және жою мүмкіншілігі.

Жүйе – бүтіндікті, бірлікті, анықтықты жасайтын, бір-бірімен байланыста және қарым-қатынаста болатын, көптеген элементтер бөліктерінен құрылған бүтін.

Жүйе – өзара байланысқан элементтер топтары, олардың әрқайсысы басқа элементтермен тікелей немес жанама байланысқан, бұл көптіктің кез-келген екі көптігі жүйе бүтіндігін, бірлігін бұзбай тәуелсіз бола алмайды.

Орта (заттық тұрғыда) – жүйе шетіндегі заттық ортадағы бар заттар.

Структура (жүйенің) – оның бүтіндігін және бірлігін анықтайтын жүйе элементтерінің өзара әрекетінің тұрақты тәсілдері мен байланыстарының жиынтығы.

Техника - өндірістік процесстерді жүзеге асыру үшін жасалатын және қоғамның өндірістік емес қажеттіліктеріне қызмет көрсететін, адам қызметі құралдарының жиынтығы.

«Техника» термині адам қызметінің кез-келген сферасында қолданылатын, дағды мен тәсілдер жиынтығы ретінде түсініледі. Техникада қоғамдық өндірістің тарихи дамуы процесінде адаммен жинақталған білім мен тәжірибе енгізілген. Техниканық басты белгіленуі – адамның еңбек күшінің тиімділігін жеңілдету және жақсарту, еңбек қызметі процесінде оның физикалық мүмкіндіғін кеңейту, адамды денсаулығына қауіпті жағдайларда жұмыстан босату (жарым-жартылай немесе толық).

Техника құралдары материалды және мәдени құндылықтарды жасау барысында еңбек заттарына ықпал жасау үшін қолданылады:



  • қуатты беру және қайта жасауды алу үшін;

  • табиғат пен қоғамды дамыту заңдарын зерттеу;

  • ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және қайта өңдеу;

  • өндірістік процестерді басқару;

  • қорғаушылық қабілеттілігіне қызмет көрсету және қамтамасыз етудің, байланыстың жылжуы үшін.

Қазіргі кезең техникасы оны жаңалау мен автоматизациялаудың, үйлестірудің, стандарттаудың, энергетиканың, радиоэлектрониканың, химиялық технологияның, қарқынды дамуымен автоматика мен ЭЕМ кеңинен қолданудың және тағы басқалардың дамуының жоғарғы темпімен сипатталады.

Қазіргі кезең техникасының жетістігі фундаментальді ғылыми жаңылықтары мен зерттеулері негізінде базаланады, ғылыммен өзара байланыс және өзара қатынас – ғылымы-техникалық прогресс шартының және қоғамдық дамудың басты факторларының бірі.



Технология – (грек сөзі techne алынған, өнер, теберлік, жасай білу және … логия деген мағынада) дайын өнімді алу үшін өндіріс процесінде қолданылатын, ишкі зат формасын, материал немесе жартылай фабрикаттың қасиетінің жағдайын өзгерту, дайындау, өңдеу әдістерінің жиынтығы.

Технологиялық қауіпсіздік – автоматтандырылған ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін жұмыс істеуіне қасақана немесе қасақана емес қауіпі табуға және болдырмауға арналған әдістер мен құралдар жүйесі, сонымен қатар, бұл қауіптердің әсер етуін, сәйкес нормативті-техникалық құжаттармен анықталатын, жол берілген ең төменгі мүмкіндік деңгейіне дейін төмендету.

Әртүрлі өнеркәсіптік өндірістерде және ұйымдарда, құрылыс алаңдарында, қосымша өндірістерде әр түрдегі өнімдер тиеледі және түсіріледі: жиналмалы темір бетонды конструкциялар, ағаш, металл, цемент, рудалы емес және материалдар.

Бағыт бойынша жүкті жеткізудің басты құралы автомобиль көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы көлемде құрылыс жүктерінің 80 %-ын автомобиль көліктері тасымалдайды.

Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.

Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.

Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.

Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.

Материалды-техникалық қамтамасыз етудің мұндай әдісі құрылыс индустриясы өндірісінің, көлік ұйымдары мен құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстарын толық келісімге келтіруге себеп болады; бір технолгиялық ағымды жасайды; жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Аз көлемді және кіші даналы қаптау, бөлу, төбе жабу, өңдеу, сантехникалық және электротехникалық жұмыстарғы арналған материалдар мен бұйымдар базалардан пакеттелген түрде немесе контейнерлерде жеткізіледі.

Жалпақ және рулонды материалдар объектілерге тікелей оларды қолдану зоналарына шынылар кесіліп, линолеум пішіліп және бөлме өлшеміне кетіріліп, обойлыр жобалық өлшемдері бойынша бөлмелер мен пәтерлерге кетіріліп кесіліп жеткізіледі.

Сазды кірпіш, керамикалық, шлак бетонды блоктар құрылысқа табанындағы пакеттерімен жеткізіледі.

Зерттеу мәліметтері бойынша автокөлікпен пакетті жеткізуді ендіруден үнемдеу тасымалданатын өнімнің түріне байланысты 30-47 % құрайды. Кеңінен тарағаны кірпіштерді 520х1030мм өлшемді табанды көлденең брусактарда жеткізу. Ені 750 және ұзындығы 1050мм табандарды қолдануға жол беріледі.

Жылжымайтын контейнер. – көлемі(м3) 0,6; -габаритті өлшемі (мм) 960х860х900; -массасы (кг) 63) Мысалы, саз кірпіш құрылысқа табанға «елка» тәрізді салынып, өңдеу кірпіші, керамикалық және шлак бетонды тастар байланып жеткізіледі. Силикатты кірпіш темір жол бойынша табансыз пирамида тәрізді немесе инвентарлы бекітуі бар ағашметалды табандарда жартылау вагонда пакеттермен тасылады. Силикатты кірпішті автокөлікпен жеткізу үшін автомашина және прицептер кузовтағы пакеттерді бекітуге және жылжытуға арналған құралдармен жабдықталады. Кірпішті құрылыс алаңдарына жеткізуді алғы шептегі құрылыстарда артық жүктелуін болдырмау, автомобильден пакеттерді салынып жатқан ғимараттың тікелей көтерілімінде көтеру түрінде ұйымдастырады. Қызыл кірпіш пакетерін көтеру үшін жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, футлярлы іліп алуды қолданады. Силикатты кірпіш пакеттерін көтеру үшін көтермеде төрт жақты грейферлі типтегі футлярды қолданады.
Тиеу –түсіру жұмыстарын автомотизациялау
Жүктерді дайындаудың аз көлемді станцияларында, ірітоннажды контейнерлерде тасылатын (жөнелтілуі бойынша тәулігіне 30-35 жиырма тонналы контейнерлерге дейін), ірі тоннажды және орта тоннажды контейнерлер жасалатын біріккен контейнерлі пункттерді жабдықтау орынды. Мұндай жағдайда 30т-ға дейін жүк көтеретін крандар жүкті ілу қондырғысын тез ауыстыру немесе әртүрлі жүк ілу органдары бар екі жүк көтеру арбаларын кранға қондыру жолымен орта тоннажды және ірі тоннажды контейнерлердің артық жүктелуін қамтамасыз ететіндей етіп жабдықталуы керек. Мұндай контейнерлік пункттердің жолдық дамуы ірі тоннажды және орта тоннажды контейнерлі вагондарды тікелей беруді қаматамсыз етуі керек.

Жаңа технологияны енгізу тиеу-түсіру машиналарының өзін жетілдіру бойынша біршама жұмыстарды орындауды талап етеді. Оларға бірінші кезекте жататындар:



  1. контейнерлерді іліпалу, ілуден түсіру және бұру бойынша операцияларды автоматизациялау;

  2. берілген координация бойынша іліп алу органын қондырумен крандарды адрестеуді автомотизациялау;

  3. иілмелі арқанды ілгішпен жабдықталған, жүкті бұру және кранды ауыстыру барысында пайда болатын, айналдыру және маятникті тербелісті демпфирлеу;

  4. контейнерлердің номерін санауды автомотизациялауға арналған қондырғылармен крандарды жабдықтау.

Айтылып өткен міндетер арасындағы тиеу-түсіру машиналары жұмыстарының тиімділігі үшін ең маңыздысы контейнерлерді іліп көтеру, іліп түсіру және бұруды автомотизациялау болып табылады.

Ірі тоннажды контейнерлерге қатысты бұл міндет жоғарғы бұрыштық фитингтерінен контейнерлердің ілінуін қамтамасыз ететін, іліп алудың дүние жүзілік тәжірибесі жетістігі негізінде жасау жолымен шешілген.

Орта тоннажды контейнерлер үшін, әр түрдегі жүк көтеру құралдары бар, контейнерлер төбесіне қатысты әр түрлі қашықтықта орналасқан, бұл міндет қиынырақ шешіледі. Қазіргі уақытта әр түрлі ұымдардың бұл саласында бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін, рымдер түріндегі жүк көтеру қондырғыларымен жабдықталған, 2,5 (3) және 5т брутто массалы контейнерлерді іліп алу және босату операцияларын автоматтауға мүмкіндік туғызатын, іліп алуды кеңінен енгізу жүзеге асырылады.Іліп алу рамадан тұрады, соның бойымен винтті тартпа көмегімен қарама-қарсы бағытта жұмыс органдарымен кареткалар ауысатды. Әрбір жұмыс органы вертикальді бағытта ауысатын төрт пружиналанған ілмек орналасқан корпустан тұрады, олардың үшеуі 3 тонналы контейнерлердің рымдарын іліп алуға және біреуі 5 тонналыны іліп алуға арналған. Раманың ортаңғы бөлігінде екі шарнирлі маңдайшамен бекітілген, контейнерге қатысты іліп алуды ортаға дәл келтіру үшін қызмет ететін, жылжымалы штанга қондырылған. Штанга контейнерді арқандау өлшеміне байланысты екі белгіленген жағдайдан автоматты түрде бірін алады.

Іліп алу, егер оның рымдарының ең болмаса бірі ілінбеген немесе дұрыс ілінбеген болса, контейнердің көтерілуін болдырмайтын автоматты блоктаумен қамтамасыз етілген. Осы мақсатта әрбір ілмектің денесінде жылжымалы қуыс бұрғы болады, бұл контейнерді көтеру барысында ілмек жұтқыншағындағы рымның болуын тексереді. Егер рым болмаса немесе ілмектің ең шетінде болса, көтеру механизмдерімен басқару шынжыры ажыратылады және кран жүргізуші кабинасында сигнал лампасы жанады. Автоматты блоктау жүйесі көтерілген контейнер барысында жылжуына іліп алуды кетіруді қосуды болдырмайды.

Қармауыш кранға 2об/мин жиілілікте контейнер бұрылуын қамтамасыз ететін, бұру қондырғысы арқылы ілінеді. ГПД –5 типті бұру қондырғысы иілмелі арқанды ілмекте жүктік бұрылуы барысында пайда болатын оралып қалу тербелісін басудықамтамасыз ететін, гидравликалық демпфермен жабдықталған.

Қармау контейнерлердің ілініп алуын қол еңбегін қолданбай-ақ 8-12 с ішінде қамтамасыз етеді, контейнерге қармалуын 3-4 с ішінде келтіру уақытын есептегенде. Контейнерлер қақпағында қар қабатының 300 мм-ге дейін және 60 мм-ге дейін мұз қатуы болуы барысында сенімді жұмысістей алады. Кармау бұру қондырғысына орналастырылуы мүмкін және электрлік байланысқа арналған штепсельді разъемдарды болуы және байланыстың бірыңғайланған торабы арқасында 3-5 мин ішінде одан түсіріп алу. Алдағы уақытта барлық жаңа крандар, контейнерлік пункттерге түсетін, берілген жүйенің қармауларымен типтік жабдықтау түріеде жабдықталады.

Тиеу-түсіру машиналарының өндімділігін арттыру қажеттілігі, оларды комплексті автоматтандырылған жүйеге қосу, арқанға іліп берушілердің жоқтығына байланысты кран жүргізушілеріне қосымша функцияларды жүктеу қорытындысында жүктеменің артуы (автоматты қармауыштарды пайдалану барысында) және орындалып жатқан операциялар туралы хабарды ьеру бойынша талаптар – бұның барлығы кранды басқару процесін автоматтандыруды талап етеді.

Кранды басқарудың қолданыстағы жүйесінің талдауы төмендегідей жүйелер классификациясы өңделуі мүмкіндігін көрсетеді:



  • жеке операциялармен басқаруды біртіндеп автоматтандыру, мысалы екпінмен және тежеумен;

  • дистанциондық басқарумен;

  • автоматты адрестеумен;

  • бағдарламалық басқарумен.

ҒЗИ-ның жүргізген зерттеуі контейнерлік пункттің жұмысының жағдайы үшін аса келетін автоматты адрестеу жүйесі болып табылатындығын көрсетеді. Осының барысында адрес кран жүргізушісінің пультінен берілгендей, диспетчерлік пульттенде байланыстың каналдары мен сәйкес келетін қондырғыларының болуы барысында ЭЕМ командасы бойынша беріле алады. Кран операторына контейнерге қармауыш қондырғысын дәл келтіру функциясы ғана жатады.

Сорттау контейнерлері пункттеріне жұмыс істейтін крандарда автоматты адрестеу жүйесі ақпаратты автоматты салыстыру қондырғысы комплексінде қолданылады. Вагондарды беру мәліметтерін дайындау бойынша, ЭЕМ құрылған, кран жұмысының тиімді жоспары салыстыру қондырғысының касетасына салынады және операцияланып жүзеге асырылады, және келесі операцияға ауысу алдыңғының орындалғаны жөнінде кран жүргізушісінен сигнал алғанна кейін іске асырылады.

Қазіргі уақытта, диспетчердің қабылдау өткізушілерімен және кран жүргізушілерімен, сонымен қатар қабылдау өткізушілердің кран жүргізушілерімен байланысын енгізетін, контейнерлік пунктте байланыс аппаратурасы дайындалған. Осының барысында пункттегі жұмыс жағдайында, автоматтандырылған жүйеге қосылмаған, қабылдау-өткізуші кранда орналасқан арнайы кабинада болады, тоқтап қалуларды жоя отырып, контейнерлерді арта жүктеу бойынша котергиш жұмысын тікелей басқаруға мүмкіндік туғызады.

Тиеу-түсіру машиналарын автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізу әрбір контейнермен орындалған операциялар туралы ақпаратты қажеттілігіне әкеледі, және бұл ақпаратқа контейнер номеріне енеді.

Қазіргі уақытта контейнерлер номерлерін автоматты салыстыру жүйесін өңдеу міндеті маңызды болып келеді.

Бұл саладағы шетелдік тәжірибе бұл мақсатқа дайындалған автоматты салыстыру жүйесі (мысалы, АҚШ-ғы оптикалық) айтарлықтай күрделі және қымбат болып келетіедегін көрсетеді. Сонымен қатар, контейнерлермен жұмыстың технологиялық процестерінің талдауы салыстыру қондырғысын қармауыш қондырғысында орналастыру мақсатқа лайықты енендігін көрсетеді. Уақыттың айтарлықтай үлкен аралығында және орныққан жағдайында салыстыру процесі жүзеге асатын болғандықтан, олардың конструкциясын жеңілдету мен оларға қойылатын талаптарды төмендетуге әкеліп соңтырады.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді тәжірибелик шешу контейнерлік

пункттердегі операцияларды комплексті механизациялауға мүмкіндік туғызады және тиімді технологиялық процестер бойынша контейнерлік пункттердің жұмысын қамтамасыз ететін, автоматты басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

дәріс Ауырсалмақты жүктермен артып-түсіру жұмыстарының механизациясы
Ауырсалмақты жүктерге сипаттама
Ауырсалмақты жүктерге көлік, құрал-жабдықтар, қосымша бөлшектер, металдар және метиздер темірбетонды құралдар және басқалары сияқты массасы 0,5 т. асатын бір орындық бір даналық ыдыссыз жүктер жатады. Негізінде контейнерлерді де ауырсалмақты жүктерге жатқызуға болады.

Егер ауырсалмақты жүктердің (АЖ) ұзындығы 1680 мм. асатын болса, онда оларды ұзынөлшемді жүктерге жатқызады: олар – рельстер, металл прокаты, темірбетонды балкалар, колонналар жэәне т.с.с

Бұл жүктердің негізгі салмағы өнеркәсіп орындарының кірме жолдарына, құрылыс ұйымдарының жабдықтау базасына және теміржол станцияларының жүктер ауласына артып, түсіреді.

АЖ тасымалдау құралдары болып: ашық жылжымалы құрам (АЖҚ) (платформалар, жартылай вагондар) және автомобильдер (тіркемелер, жартылай тіркемелер) табылады. Мысалы: темірбетонды конструкцияларды ашық жылжымалы құрамдарда тасымалдайды және екі көлденең ағаш прокладкаларға жатқызады. Жартылай вагондарда подкладкалар шүберең көлденең балкаларда орналастырылады. Понельдер мен плиталарды 2-3 тігінен ұзындығы бойынша және біреуі мен одан көбі ені бойынша жүктеледі. Ұзындығы 5,9-6,4 м. Панельдермең мен плиталарды ашық дөңбек есіктері бар жартылай вагондарға жүктеледі.

Ауырсалмақты және ұзынөлшемді жүктерді сақтайтын қоймалар болып:


  • контейнерге ұқсайтын, төмен ашық алаңдар;

  • жабық қоймалар (атмосфералық жауын-шашындарға бейімсіз жүктер үшін) саналады.

Ауырсалмақты және ұзынөлшемді жүктердің сақтау тәсілі – тігінен немесе стеллажды (негізінде металл және ұзынөлшемді прокат).

Ауырсалмақты және ұзынөлшемді жүктерді қайта өңдеу құралы болып ешкілі немесе КДКК-10 және жүк көтергіштігі 10 тс. мостылы крандар, теміржол (жүрісіндегі) (стреловой) крандар және стреласымен Г-түрінде АП 10 тс. (4008

14028) жүк көтергіштігімен жабық қоймаларға, жабық вагондарда тасымалданатын АЖ түсіру үшін айырлы электртиеуштер және автотиеуштер қолданылады.

Ашық платформаларда немесе аула маңында АЖ түсіру кезінде блоксыз крандық стреласымен автотиеуштер қолданылады, қайта жүктеу және жабық қоймаларда ұзынөлшемді металдарды сақтау үшін мосты типтік және стеллаждық кран штабелері қолданылады. Көптеген темірбетонды бұйымдардың ұзындығы бар және олардың ұзындығы 30 м. болатын арнай жартылай прицептерде, трейлер-фермовоздарда панелевоз (панелтасушы) тасымалданады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарында стрелалы бұрылыс крандар темір жолдар, автокөлік және пневмо дөңгелекті жүрісте қолданыс табады. Олар әр түрлі жүктерді артып-түсіру үшін қолданатын кезде әсерлі, ал артып түсіру фронттары түрлі пунктарда орналасқан. Металл прокатты және ұзындығы 6 м-дан 11м-ге дейін басқа да ұзынөлшемді ауыр жүктерді тасымалдау үшін ЗИЛ-ММЗ-130В тягачқа жүк көтергіштігі 10,5 тс. бір осьті жартылай тіркеме – металлотасымалдаушы ұсынылған.

Ауырсалмақты және ұзынөлшемді жүктерді жүк ауласында немесе пунктерде көпірлік және жебелік (стрелалы) крандармен тасымалдау кезінде, жүкалушы (захват) құрал ретінде строптардың әр түрлі тұрпаттары (түрлері) қолданылуы керек: автоматты және жартылау автоматты қысқыш құрылғылар, грейфер-қысқыштар, траверстер, ірі габаритті жүктермен тракторларды қайта жүктеу үшін рым-стропты қысқыштао.

Бұл құралдар қайта жүктелген жүктердің салмағы мен пішініне сәйкес болуы керек. Оларды көліктерде көтеру үшін қайта жүктеуде строптардың ілгіштерін немесе күршектерін салуға күршекті қысқыш немесе рамалар қарастырылады. АЖ жүкті арқанға байлау мен ағыту уақытында 2-3 мин., ал кейбір кезде 5-6 мин. АЖ қайта өңдеу кезінде бригада, бір краншыдан (rмех =1), және екі, төрт сторпальщиктен тұрады.

Ауырсалмақты және ұзын өлшемді жүктерді арту кезінде, констуркциялардың зақымданбауы мен майысып қалмауына назар аудару керек. Сондақтан конструкцияның майысқан жерлерін жою және көтерілетін жүктердің консолінің ұзындығын кішірейту үшін, жүкті арқанға байлау екі жерден жасалады. Ілгіш арқанның жүктің шетімен түйіскен жерлерінде ілгіш арқан астына ағаштың, қапшықтың немесе арнайы металлды төсеніштің бөлігі салынады. АЖ көтеру және орнын ауыстыру кезінде оның бір жағын, бұрын қойылған жүкпен қақтығыс болмауына және жүк оған қарастырылған орнына түсуі керек, қадағалайтын арқанды ілгіш маманның қолында болатын арқанның тартыруыме ұстап тұрады. Барлық қолданылатын ілгіш түзетілу және жүккөтергіштігі көрсетілген белгісі болуы керек. Ілгіш арқандар, ереже бойынша, жылын екі рет екі есе жүккөтергіштікке тексеріледі. АЖ қайта өңдеу кезінде қарапайым құралдар қолданылады – темір және кендір арқаннан жасалатын, жүкті ілгі арқандар. Темір арқанды ілгіш арқандар бір жағында коуш, екінші жағында – ілгіш құрылғылары бар, бөлек кесек түрінде аяқ жақтарының тоқылуымен (өрілуімен) дайындалады. Кескінді прокатты қайта жүктеу үшін барлық жұмыс үсті бойынша дөңгелектерге қарағанда тең өлшемді күшті магнитті жиегі бар тік бұрышты электромагниттер қолданылады. Ұсақ сортты темір пакетінің өлшемі 300-350 мм., ал ұзындығы 9 м. Жартылай ілгіш арқанмен екі таврлық балкалардың төртбұрышты пакеттің өлшемі: 810-850 мм., ұзындығы 12 м., ал тікбұрышты пакеттің қиылысуы – 850х940 мм. балкалардың 12 м. ұзындығында, оның салмағы (массасы) 10 т.

Магнитті грейферлі кысқыштар траверске ілінген, екі тікбұрышты электромагниттен және ұстап тұратын арқандармен басқарылатын грейферлік кысқыштар тұрады. Тоқты өшірген кезде жүк арқандармен, грейферлік кысқыштармен құлауынан ұстанып тұрады.
Үлкен өлшемді құбырлар қайта жүктеуге, траверсінде бірнеше электромгнит ілінген, және сол траверске рычагты тетікпен басқарылатын, төрт буынды топса арқылы ұстану құралдар тіркелген, электромагниттік кысқыш қызметтеседі. Рычагты тетік өздігінен тоқтайтын тежегішпен қамтылған, және тоқты өшірген кезде жүк құралдары (ұстанады) ұсталып қалынады.

Парақты темірді траверстермен екі не үш магниттік немесе қарапайым кысқышпен жүктеледі.

Жұқа парақты темір пакеттерін артудағы кездер қатарында клештілік қысқыштар қолданылады. Парақты темір пакетінің өлшемдері: 2150х4000х280 мм. Парақты темір үшін қысқыштың жүк көтергіштігі – 10 тс.

Кішкентай диаметрлі құбырлар, траверстерге тіркелген арқанды немесе ленталы ілгіш арқанмен алынады .

Орташа және үлкен диаметрлі құбырлар арту және қатарлау үшін бойлық траверстер және оған ілінген, құбырлар жанынан іліп алу үшін күршектермен қатамасыз етілген, поперечный траверстерден тұратын, көп күршекті іліп алу (многокручковый захват) қолдану тиімді. Әр құбырды екі күршекпен іліп алады.

Үлкен диаметрлі ауыр құбырларды қайта жүктеу үшін, горизонтальді тіреулері бар, кранның вертикальды – бұрылыс құбырлармен қызметтеседі.

Бұлармен ол көтерілетін құбырларға жанасады . Жанында траверстер лапаларымен вертикальды тіркеулері бұрылатын жылжымалы жорғалаушы бағыттауыштарда бекітілген.

Магниттік емес материалдарды қайта жүктеу үшін ваккумдық (бос кеңістік) қысқыш құрылғылары қолданылады. Олармен штабельдерден парақты темір металлды бір-бірлеп көтеруге болады. (электромагниттерді қолдану кезінде болатын, оның магниттенбеуі алынып тасталады).

Вакуумдық жүкалушы (грузозахватные) құрылғылар бос кеңістік камерасында құру тәсіліне байланысты насосты, насоссыз және эжектрлі болып бөлінеді. Көбіне насосты вакуумдық захваттар таралған.

Темірбетонды бұйымдарды қайта жүктеу кезінде захваттар құралдар ретінде көп салалы ілгіш арқандар, ұзынөлшемді бұйымдар үшін көп тармақты (многоветвевые) ілгіш арқандар траверстер, (қысқышты , лапчатые, вакуумды захваттар мен басқа ) жүкалушы құралдар қолданылады.


АЖ қайта өңдеу технологиясы мен қоймалары
Қоймалар. Ауырсалмақты және ұзынөлшемді жүктерді, ережеге сәйкес, қатты асфальтбетонды жабқышымен, төмен (аласа), ашық аулаларда (алаңдарда) сақталады.сапасы ауа-райының қолайсыздығының (атмосферных осадков) әсерінен төмендеген (нашарлаған) жүктерді, күркелер астына, жабық қоймаларда, зауыттық корпустарда (пролет) орналастырады. АЖ үшін алаңдардың үлгі түрі

Жүк алаңдарындағы арнайы алаңдар тасымалдау және ауырсалмақты, ұзынөлшемді жүктерді сақтау үшін контейнерлік болып жасалады және оларды, ауырсалмақты жүктер мен контейнерлерді қайта жүктеу кезінде бір крандарды пайдалану мүмкіндігі үшін контейнерлік алаңдармен қатар орналастырады. Ауырсалмақты жүктерді қайта жүктеу үшін бір кранның жүк көтергіштігінен массасы жоғары болатын , және олардың жүйелік емес түрде түсуі олардың жалпы жүк көтергіштігінен аспайтын массасымен жүктерді көтеретін қосарланған крандар қолданылады.

Қосарланған крандарды бір машинистпен басқару мүмкін. АЖ арналған алаңдар жүктердің түрлері, келуі мен жөнелтілуі, тасымалдау бағыттары, жүк алушылар бойынша арнайы бағытталған. АЖ алаңға түсіруі кезінде 15-20 мм. қалындығымен төсемдерге орналастырылуы керек. Жүктер арасында қайта жүктеу кезінде жүкті арқанға байлау және қарау үшін ені 1 м-ден кем емес өткел болуы керек.

Құрамы темір бетонды бұйымдар және құралдарды ағаш (-тан жасалған) подкладкалар (төсемдер) мен прокладкаларда сақтайды. Прокладкалардың қалыңдығы жиналған ілмектердің биіктігінен және бұйымдардың шығып тұрған бөліктерінен кем болмауы керек

Бірнеше сатыға немесе қабат орналастырылған құралдарды тасымалдау кезінде, прокладкалар қатаң түрде тігінен жіп арқанның жанына қойған жөн (шекті ауытқулар 10 мм.-ден аспуы керек).

Қабырғалық панельдерді тігінен ағаш немесе металлды (темір) кассеталарда орналастырылады. Темір бетонды бұйымдар барлық жағдайда да (тасымалдау, сақтау жіне түсіру кезінде) құрылыстардағы күйінде болуы керек.

Темір бетонды бұйымдар қоймалары – қалың жабындысы бар алаңдар. Оларда дренаждар және атмосфералық құбылыстарын бұратын бағыттауышы бар. Қоймаларды мосттық, ешкілі болатын крандармен. Жүктелуші ауыспалы (стрелалы) крандармен жарақтандырады.

Ауырсалмақты және ұзынөлшемді жүктерді артып түсіру технологиясы

Ұзын өлшемді және ауырсалмақты жүктердің көлемді түскен станцияларда арнайы бағытталған жүк ұстаушы құралмен (АЖҚ) ешкілі крандармен жабдықталған. Ауырсалмақты және ұзын өлшемді жүктермен вагондардың тартылуы (беріліу) туралы ақпаратқа сәйкесінше қабылдау датчигінің (тапсыруы) жүктерді орналастыру үшін кран асты алаңындағы орынды анықтайды және комплексті бригаданың жұмыскерлерін жұмыс орындалу тәртібімен таныстырады.

Комплекстік бригада АЖҚ (строптар, грейферлер, ұстау клештер (тістеуіш шымшылар, қысқыштар), траверс, көтеріліс электромагниттер және т.б.) және басқа да крандық құрылғылардың дұрыс сақталуына (үсталуына) міндет жүктеледі. Сондай жүктерді жартылай вагондар мен платформалдарда түсіруге, жүк рамасын жүк күршектерімен немесе (клештілі қысқыштар) және с.с. жүктің (жіп арқан застропка) жеріне береді

Кран машинистіне стропалшик бұйрығы бойынша жүкті захваттарды көтеруге рұқсат етіледі, бұл іс стропалшиктердің қауіпсіз жерге кеткен кезде іске асырылады. Қысқыштар дұрыстығына және көтеру тросында жүктің орнықтылығына көзі жеткеннен кейін, істің алдында крановщик дыбыс белгі беруі керек және содан жүкті қойманың берілген участогына немесе автокөлік кузовына тасымалдауды және көтеруді жүзеге асырады. Жүктің үстіңгі жағын түсіру (труба және т.б.) «Қалпақ (Шапка)» деп аталатын, контур бойынша габариттің тарылған бөлігімен құрылған (салынған, жасалған), бір немесе бірнеше мезгілде (тәртіпте) іске асырылады. «Қалпақтың (Шапканың)» застропкасының 1 тәсілде түсіру кезінде жартылай қатты стропаның скобасында жүзеге асырылады және оған екі (торцах) (чалочные) стропалар келтіріледі. Ақырғы кезеңде (кезде) сымды буынды түйіп түсіргеннен кейін, жерде арнайы қайшылармен шешеді. Бірнеше тәртіпте түсіру кезінде сымды буынды міндетті түрде жартылай вагонда шешеді, бірақ алдын-ала сақтандыратын тіреулер орнатылуы керек. Тіреулер жартылай вагондардың борт арасындағы саңылауларына (зазоры) және жүктің тігінен 0,75 м. Тереңдікке, негізгі тіреулермен тығыз орналастырылады және ағаш (клиньямии) бекітіледі.

Ұзындығы бойынша сақтандыру тіреулері «Қалпақтың» үстіңгі жағынан 0,3 м. жоғары болуы керек. Содан стропальщиктер бір жағына қосымша трос бірліктер – (нуж-количество) мөлшерінің астына қабылдайды және кранның күршектеріне тростың бір жағын кіргізеді. Кейін (әрі қарай) стропальщиктер қауіпсіз жерге кетеді және жүк (пачкасының) астына негізгі (чалочные) стропаларды салу үшін крановщикке 0,5 м. жоғарыға көтеруге белгі береді. Белгі бойынша крановщик жүкті түсіреді, стропальщиктер қосымша тростарды шешіп, негізгі стропаларды кигізеді.

Застропкалардың дұрыстығын тексеріп, стропальщиктер қауіпсіз жерге кетеді және жүкті көтеру үшін белгі береді. Жүк 0,2-0,3 м. көтеріледі, және строптардың біркелкі (бір қалыпты) тартылғанын және дұрыс (сенімді) оралуын тексеріп, тасымалдау кезінде жүктердің бүлінуін жояды. Строптардың бір қалыпты тартылмағаны және сенімсіз оралғаны байқалған кезде жүк түсіріулі керек.

Жүк жолда кездесетін құралдардан 0,5 м. жоғары стропальщиктердің тікелей бақылауы бойынша тасымалданады. Алаңда жүк қорабы пакеттерде байланылуы керек және жақындауы құрылыс габариттерінің (өлшеулерінің) сақталуымен арнайы дайындалған төсемдерге қойылады. Пакеттендірілмеген жүктерді тігінен қою кезінде жүктер горизонталь тігінде прокладкалармен бөлінуі керек. Көтерілген жүктерді (ориентировка) үшін оны (күршекте айналдыру) қоймаға немесе автомобилькузовына кою кезінде стропальщик ұзындығы 3 м. кем болмайтын багрмен (багром) қолданылуы керек.



Автомобиль кузовында жүктер жүргізушінің нұсқауы және жүктің қабылдау көрсеткіштері бойынша қиылыстырады (үйлестіреді).


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет