1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



жүктеу 1.72 Mb.
бет1/10
Дата02.07.2017
өлшемі1.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 БӨЛІМ.

ГЛОССАРИЙ



Автотрофный — автотрофты — тек органикалык емес заттармен қоректенетін организмдер. Олардын, қатарына жасыл өсімдіктер және кейбір бактериялар жатады.

Альбумин — альбуминдер — суда еритін жай белок. Жұмыртканың ағында, қанда, сүтте болады.

Анатомия — анатомия — тірі организмнің кұрылысы, сондай-ақ оның дамуы жөніндегі ғылым; ол адамнын анатомиясы, жануарлардың анатомиясы және өсімдіктер анатомиясы болып бөлінеді.

Анафаза — анафаза — клетканың митозды бөлінуінің бір кезеңі. (үшінші кезең) Анафаза кезеңінде хромосомдар қарама-карсы полюстерге айрылады.

Амитоз — амитоз — клетканың тура бөлінуі; амитоз кезінде ядро екіге немесе бірнеше бөлікке бөлінеді (хромосом ерекшеленбейді) содан соң бірнеше жаңа клетка пайда болады.

Ассимиляция — ассимиляция — организмнің сыртқы ортадағы заттарды пайдалану, сіңіру процесі. Ол диссимиляциямен (заттардың организмде ыдырауы) бір тұтастықта организмде зат алмасуын камтамасыз етеді.

Атрофия — атрофия — жануарлар организмі мүшесінің немесе тканінің кішіреюі. Бұл кұбылыс мүше мен тканьге каннын келіп құйылуы азайғанда немесе мүше ұзак, уакыт бойы қимыл — әрекетсіз жағдайда болғанда, мүше мен тканьнің орталык нерв жүйесімен байланысы бұзылғанда кездеседі. Атрофияга ұшыраған мүшенін қызметі бәсенсиді.

Базофилы — базофилдер — лейкоциттердің, клетка цптоплазмасының бояғыш заттармен боялатын түйіршіктері бар бір түрі.

Бластомера — бластомерлер — жануарлар жұмырткасы клеткасынын майдаланғанында пайда болатын бөлектер.

Бластопор — бластопор — көп клеткалы жануарлар ұрығының гаструла дәуіріндегі қуысы, ұрық осы куыс арқылы сырткы ортамен байланыс жасайды.

Бластоцель — бластоцель — жануарлар ұрығынын бластула кезеңіндегі куысы.

Бластула — бластула — көп клеткалы жануарлар ұрығының даму кезендерінің бірі (әдетте, ол морула кезеңінен кейін келеді). Бұл кезенде организм бір қабатты үлдіреуіктеп түрады.

Вакуоли — Вакуольдар — жануарлар мен өсімдіктер клеткасындағы түрлі формалы, көлемі әр түрлі куыстар. Олар ас корытуға, ас қорыту нәтижесінде пайда болатын қалдык заттарды тысқа шығаруға катысады.

Гаструла— гаструла — көп клеткалы жануарлар организмінің дамуының бір кезеңі (бластуладан кейінгі); бұл кезенде ұрыктың екі кабат кабырғасы және қуысы (гастроцель) болады. Қуыс тыс ортамен тесік арқылы байланысады.

Гелиотаксис — гелиотаксис — жануар организмінін қайсыбір клеткаларынын сәуле түсіретін тітіркендіргіштін әсерінен қозғалыска келуі. Фототаксис дегеніміз да осы.

Гемоглобин —гемоглобин — қаннын белогы және бояғыш заты. Ол қанның кызыл түйіршігінде (эритроциттерде) болады. Кан дем алу органдарынан (өкпе, желбезек) өткенде от тітімек оңай косылады. От тегін тканьге тасушы кызметін аткарады.

Гемоцитобласт — гемоцитобласт—омыртқалы жануарлардын және адамның қан жасайтын органдарының клеткасы, бұл клеткалардан қанның клеткалық элементтері (эритроциттер және лейкоциттердің барлық түрлері) дамиды.

Гетеретрофный — гетеротрофты — әзір органикалық заттармен коректенетін организмдер. Олардың катарына барлық жануарлар мен адам және микроорганизмдердің басым көпшілігі, жоғары сатыдағы паразит өсімдіктер, саңырауқұлақтар жатады.

Гистология — гистология — көп клеткалы жануарлар мен адамдардың ткані жөніндегі ғылым. Оның негізгі міндеті тканьдердің құрылымын, дамуын және кызметін зерттейді.

Глобулин — глобулин — табиғатта көп таралған өсімдік текті белок.

Глюкоза — глюкоза — жүзім канты, моносахарндтер тобындағы углевод. Жануарлар мен өсімдіктер организмінде болады. Дәмі тәтті.

Дисперсный — дисперсті — бір заттың өте ұсақ бөлшектер күйінде баска затка араласып, онымен бірге болуы, мысалы тұман, түтін, каллоидты ерітінді (дисперсті фаза, дисперсті жүйе, дисперсті орта).

Зигота — зигота — жануарлар мен есімдіктер организмінде екі
ұрықтың (гаметтердің) қосылуы арқылы пайда болған клетка, зиготадан жаңа особь дамиды.

Липоиды — липоидтар — жануарлар және өсімдік текті органикалық май тектес заттар тобы. Суда ерімейді, бірақ органикалық ерітінділерде ериді.

Макрофаг — макрофаг — жануарлар және адам организміндегі организмге тән емес бөлшектерді, соның ішінде, микробтарды тұтып алатын және қорытып, сіңіретін дәнекер тканьнің клеткалары. И. И. Мечников бұл клетқаларды микрофагтардан айыру үшін макрофагтар деп атады.

Метафаза — метафаза — клетканың митозды бөлінуінің кезені (екінші кезең). Метафазада хромосомдар клетканың орталык аймағында орналасып, орталық пластинка түзеді.

Миозин — миозин — бұлшык ет тканін жиырылдырғыш заттар кұрамына кіретін белок. Бұлшык еттің баска бір белогы актинмен қосылып жиырылдырғыш белок — актиномиозинді кұрайды.

Миофибриллы — миофибрилдер — жиырылдырғыш заттын жінішке талшықтары, ол тегіс және көлденең салалы бұлшык ет цитоплазмасының өне бойына созылып жатады

Митоз — митоз — клетканың тікелей емес бөлінуі, баскаша айтқанда, кариокинез, жануар мен өсімдік клеткасы бөліну әдістерінің бірі.

Мицелла — мицелла — электрмен зарядталған коллоидты бөлшектер.

Митохондрий — митохондрий— клетка органоидтарының бір түрі. Ол хондриосом

деп те аталады.



Миэлоциты — миэлоциттер — сүйек миының клеткасы, олардан қанның ақ түйіршікті заттарының барлық түрлері дамиды.

Моноцит — моноцит — қанның түйіршіксіз ак клеткаларының (агранулоциттердіқ) бір түрі. Олар магрофогтық қызмет атқаруға бейімді келеді.

Нейрофибриллы — нейрофибрильдер — нерв клеткасындағы және оның сабақтарындағы жіңішке талшықтар; нерв жүйесі бойьшен импульс өткізуге катысады

Нуклеопротеиды — нуклеопротеидтер — нуклеин қышқылдарының қарапайым белоктармен қосылуы арқылы алынған күрделі белоктар. Қлетка ядросының негізгі бөліктерінің бірі.

Овогенез — овогенез — аналық жыныс клеткасының даму процесі.

Овуляция — овуляция — аналық жыныс клеткасының аналық жыныс безінен

шығуы.


Органоиды — органоидтар — жануарлар жэне өсімдік клеткаларының тіршілігінде белгілі бір қызмет атқаратын тұрақты бөлегі. (хондриосомдар, центросомдар, пластидтер).

Партеногенез — партеногенез — жыныстық көбеюдің бір түрі. Партеногенез жағдайында аналық жыныс клеткасы ұрықтанбастан дамиды. Табиғи партеногенез көптеген омыртқасыз жәндіктердің дамуына тән.

Пигменты — пигменттер — жануарлар мен өсімдіктер тканьдерінде болатын

бояғыш заттар.



Протеиды — протеидтер — белокты заттардың (протеиндердің) белокты емес заттармен, мысалы углеводпен, липоидпен қосылуы аркылы алынған күрделі белоктар.

Реактивная функция — реактивті функция — организмнің сыртқы ортанық әсеріне берген жауап әрекеті.

Секреты — секреттер — жануар мен адам организмінің сыртқы секреция бездері жасайтын және бөліп шығаратын заты (қарын сөлі, түкірік, шек сөлі т. б.)

Синцитий — синцитий — жануарлар мен өсімдіктер тканьдері құрылымының бір типі. Бұл типте клеткалардың шек арасы жойылады, протоплазманың оңашаланған бөлігі ядромен протоплазмалық қосқыш арқылы байланыста болады.

Суспензия — суспензия — екі немесе бірнеше заттың өзара араласуы, оның біреуі (қатты зат) екіншісінде өте ұсақ бөлшектер күйінде жүзіп жүреді.

Телофаза — телофаза — клетканың митозды бөлінуінің бір кезеңі (соңғы, төртінші кезен). Бұл кезеңде жаңа ядролар пайда болады, хромосомдар жойылып кетеді, клетка денесі бөлініп, екі клетка пайда болады.

Тонофибриллы — тонофибрилдер — жануарлардың кейбір клеткасының белок текті жіңішке тіреуіш талшығы. Ол клетка формасынын сақталуын қамтамасыз етеді

Тромбокиназа —тромбокнназа— ткань сөлінде және қан пластинкаларында кездесетін зат, ол каңнын үюын тездетеді.

Тромбоциты — тромбоциттер — омырткалы жануарлар (сүт коректілерден баска) канының элементі, ол каннын ұюына қатысады.

Трофика — трофика — нерв жүйсінің организмдер тканіндегі зат алмасу процесіне тікелей әсер етуі.

Тургор — тургор — ішіне зат толу (ісіну).

Фагоциты — фагоциттер — организмге түскен тыс заттарды жутып алып, сіңіріп жіберетін клеткалар (қанның ак туйіршіктерінің және дәнекер ткань клеткаларының кейбір түрлері).

Ферменты — ферменттер — жануар және өсімдік организміндегі белок текті күрделі органикалық заттар. Олар организмдегі химиялық процестерді миллиондаған есе жылдамдатады. Ас корытуда өте маңызды роль аткарады.

Фибриллы — фибрилдер — жануарлар организмінің клеткасы ішіндегі немесе клетка аралық заттағы жіңішке талшыктар, мысалы неврофибрилдер, миофибрилдер.

Фотосинтез — фотосинтез—жасыл өсімдіктердің сәулелі жарық энергияның көмегімен органикалық емес заттардан (көмір кышкылы, су) күрделі органикалық заттарды түзу процесі.

Хемотаксис— хемотаксис — организмдердің негізінен бір клеткалы организмдердің және қалқып жүретін клеткалардың (сперматозоидтардың, лейкоциттердің) химиялық тітіркендіргіштердің әсерінен қозғалыска келуі.

Холестерин — холестерин — органикалық қосынды, жануарлар тканьдерінде болатын стериндер тобындағы зат.

Хондриосомы — хондриосомдар — барлық жануарлар мен өсімдіктер клеткасының органоидтары, хондриосом белокты-липоидты комплекстер, клеткада белоктың синтезделу процесіне катысады.

Хлорофилл — хлорофилл — бояғыш зат.

Целлюлоза — целлюлоза — өсімдіктер клеткасы қабығының негізгі құрамды бөлегі.

Центриоли — центриоли — клетканың орталығы, барлык, жануарлардың және кейбір өсімдіктер клеткасының тұрақты органоиды; клетканын митозды бөлінуі процесіне қатысады.

Цитология — цитология — жануарлар мен өсімдіктер клеткасының құрылымын, дамуын және қызметін зерттейтін ғылым.

Цитоплазма— цитоплазма — жануарлар мен өсімдіктер клеткасының ядросына кірмейтін протоплазманың бір бөлегі.

Шизогония — шизогония — кейбір карапайым организмдердің (споровиктер, тамыр аяқтылар) жыныссыз жолмен көбеюі; шизогония кезінде ядро бірнеше рет бөлінеді, содан сон организм ядролардың санына қарай особьтарға бөлініп кетеді.

Экскреты — экскреттер — организмнің тыска шығарып отыратын ас қорытудың калдык заттары
2 БӨЛІМ.

Дәрістердің қысқаша конспектісі:

1 -2 Дәрістер. Кіріспе.



Дәрістің мақсаты: Гистология – биологиялық ғылым есебінде. Гистология ғылымына жалпы түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Эмбриология — ұрыктың дамуын зерттейтін ғылым. Эмбриологияның зерттейтін маңызы мен міндетгері. Эмбриологиянын гистологиямен тығыз байланысы.

  2. Онтогенез. Ұрыктың даму кезендерінің ең алғашқы эмбриондық деп аталады да, келесі кезеңі постэмбриондык. Филогенез. Дамудың диалектикалық материалистік түсінігі. Эмбриология тарихынан кыскаша мэліметтер. Эмбриологиядағы материализімнің идеализімге карсы күресі. Преформациялык теория мен эпигенез теориясы.

  3. Эмбриологияның негізін салушылар К.Ф.Вольф, Х.М.Паңдер, К.М.Бэр, О.А.
    Ковалевский, И.И.Мечников. К.М.Бэрдің ұрыктык ұқсастык заңы. Мюллер мен Генкелвдің биогенетикалык заңы. А.Н.Северцовтың еңбегі. Хордалы жануарлардын эмбриондық дамуының алғашқы кезеңдерінің салыстырмалы сипаттамасы

1.Гистология — организмдердің негізін құрайтын клетка мен клеткасыз түзілістердің құрылысын, тіршілік әрекеттерін, шығу тегін және дамуын зерттейді. Гистология деген сөз гректің hitos — ткань, logos — білім деген сөзінен шыққан. Бірақ мұндай анықтама бұл білімнің терең мәнін толық көрсете алмайды. Өйткені, гистология клетканы және ол жөніндегі біздің біліміміздің тарихын да зерттейді.

Гистология_үш негізгі бөлімнен тұрады: бірінші, клетка туралы ілім — цитология, kytos — клетка, logos — білім. Екінші, ткань тұралы ілім немесе жалпы гистология. Үшінші, органдық гистология немесе микроскоптық анатомия. Цитология — клетканың жалпы қасиетін, протоплазманың және ядроның құрылысын, жалпы гистология — тканьнің қызметін, құрылысын және оның даму жолдарын, микроскоптық анатомия органдардың құрылысын зерттейді.

Гистологияның осы соңғы бөлімі ерте кезден-ақ дәрігерлер мен анатомдардың, физиологтар мен зоотехниктердің назарын аударды. Ол организмдегі жеке органдардың сау немесе ауру кезеңдеріндегі құбылысын, табиғатын аиықтауға мүмкіндік береді.

Гистологияның осылай үшке бөлінуі шартты түрде ғана. Өйткені клетка тканьсіз, ткань органсыз, ал органдар бүтін организмнен тыс жерде өмір сүре алмайды. Клетка, ткань және органдар — бүтін организмнің бөліктері. Сыртқы ортамен байланыстағы организм ғана органикалық бір тұтастықта болады.

Тіршіліктің негізі — зат алмасу процесі, организм соған байланысты өмір сүреді және сыртқы ортамен байланыста болады. Сондықтан организмнің қызметі, құрылысы, биохимиялық процестері бір-бірімен ұштасып жатады. Оларды биологиялық ғылымдар — эмбриология, анатомия, физиология, патологиялық физиология, гисто-логия зерттейді.

Көп уақыт бойы гистология организмнің қарапайым бөлшектерін зерттейтін ілім ретінде анатомияның кұрамында қала берді. Ал гистологияның дербес ілімге айналуы микроскоп жасалып, онымен алғашқы зерттеулер жүргізілуіне тікелей байланысты. Алғашқы микроскопты 1590 жылы Голландияның оптигі 3. Янсен, кейін 1612 жылы Галилей жасады.

1659 жылы ағылшын физигі Гюйгенс микроскопка окуляр жасады. Оның отандасы физик Гук сол микроскопты пайдаланып, 1665 жылы пробканың жұқа кесіндісінің құрылысын зерттеді. Пробканың кесінділерін зерттей отырып, Гук бірінен-бірі кабырғалар арқылы бөлінген тор тәрізді ұсақ қуыстарды тауып, оны клетка деп атады. Сөйтіп ол өсімдік клеткасын микроскоппен зерттеудің бастамасын жасады. Осыдан кейінгі аз ғана уақыттың ішінде өсімдіктердің құрылысы жөнінде көп материал жинақталды.

Өсімдік клеткасының ашылуы жануарлар мен адам органдары құрылысын микроскоппен зерттеуге құштарлық тудырды. Алайда жануарлар ткані клеткаларының ұсақтығына және қабықтарының анық керінбейтініне, клеткалардың тығыз орналасуына, олардың бірінен-біріп ажыратудың оңай еместігіне байланысты зерттеушілер көп қиындыққа душар болды.

Жануарлар тканін алғашқы зерттеуші — Италия ғалымы М. Мальпиги (1628—1694 жж.) Қейбір анатомиялық атаулардың (эпидермистің мальпиги қабаты, насекомдардың мальпиги түтіктері т. б.) өмірге келуі оның есімімен байланысты. Ал канның қызыл түйіршіктерін, аталық жыныс клеткаларын, кейбір қарапайым жануарларды ашқан Голландия оптигі Ван Левенгук (1632— 1732) болды.

Левенгук үлкейткіш әйнекті тегістеуге машықтанып, микроскоп құрастырды, онымен табиғат тіршілігін бақы-лады. Бұл істе Левенгук ез алдына белгілі бір мақсат коймады және ол ғалым еместі. Солай бола тұрғанмен, Левенгуктың ашқан жаңалықтары гистологияның даму жолында елеулі роль атқарды.



2. Эмбриология негіздері. Адамдар мен жануарлардың организмдері мен тканьдерінің тіршілік әрекетін және құрылысын дұрыс түсіну үшін олардың шығуы мен дамуын білу қажет. Бұл процесті эмбриология зерттейді. Эмбриология организмнің жеке дамуы жөніндегі ілім.

3. 18 ғасырдағы микроскоптық зерттеулерге Каспар-Фридрих Вольфтың (1733—1774) еңбектері жатады. Бұл ғалымның тауык жұмыртқасының ұрық орнының дамуы жөніндегі еңбегі эмбриологияның тарихына енді. Микроскоптық бақылауға сүйене отырып, Вольф: «организм жыныс клеткасына даяр салынады, оның өсуі ғана дамуға жатады» деген гистофизикалық көзқарасқа қарсы шықты.

Орыс биологы И. М. Тереховскийдің (1740—1796) микроскоптық зерттеулері назар аударарлық. Ол сол кезде биологиялық жағынан алғанда маңызы бар мәселе — қарапайым организмдер ездігінен қалай жаратылады — деген мәселені шешуді алдына міндет етіп қойды. Ұсақ инфузориялардың тіршілік ету жағдайларын зерттеп, олардың дамуын жүйелі түрде көрсетті. Инфузорияны «шаң-тозаңнан кездейсоқ пайда болады» деген сол кезде үстемдік еткен кезқарасты біржолата жоққа шығарды. Бүл еңбек орыс ғалымдарының XVIII ғасыр-дағы микроскоптық зерттеулерінің тамаша үлгісі болды. Осы арқылы М. М. Тереховский — табиғат қүбылыста-рын топшылап шешушілердің келіспес жауына айналды.

XVIII ғасырдың аяғында Россияда есімдіктерді микроскоптың көмегімен зерттеу туралы еңбектер жарык көре бастады. Дәрігер А. М. Шумлянскийдің (1748—1795)
микроскопты пайдалана отырып бүйректің құрылысын зерттеген гистологиялық еңбегі де сол кездегі жаңалыктардың бірі болатын. Ол бүйректің «Боумен капсуласы»
деп аталатын микроскоптык, кұрылысын зерттеп, бұл жөнінде арнайы еңбек жазған. Мальпиги тамырлары мен бүйректің зәр түтіктері арасындағы байланысты бірінші
болып дұрыс шешкен Шумлянский екенін кезінде Боуменнің езі мойындаған еді. А.. М. Шумлянскийдің ғылымға енгізген жаңалығьі ғалымдар тарапынан жоғары
баға алды.

Сол кездегі микроскоптық еңбектер қатарына Д. Самойловичтің обаның қоздырғышы жөніндегі еңбегі де қосылады.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бергі кезде медициналық оқу орындарында анатомия, физиология пәндерін оқытуда микроскоп пайдаланыла бастады. Сөйтіп
микроскоп жануарлар мен адам органдарын зерттейтін кұралға айналды. Осы кезде физика оқулықтарында микроскоптың оптикалық кұрал екендігі баяндалды. Сөйтіп XVIII ғасырдың бірінші жартысы Россияда микроскоппен танысу дәуірі болды.

Аристотель организмде ұқсас, біркелкі және әр түрлі бөлшектер болатындығы туралы қорытындыға келді. XVIII ғасырға дейін Аристотельдін, осы тұжырымына айта қаларлықтай ешбір жаңалық қосылған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде ткань туралы ғылми көзқарасты алғаш ұсынған француз ғалымы Биша болды. Биша мацерал органдарды анатомиялық жағынан зерттей оты-рып, органдардың қарапайым тканьдерден құралатынын және әр түрлі органның біркелкі, ұқсас тканьдерден тұ-ратынын анықтады. Бұл арада Бишаның жіберген қате-лігі органдарды 21 тканьнен құралады, деп кесіп айтқан-дығы еді.

XIX ғасырдың бас кезінде (1825) тауық жұмыртқасы клеткасынан ядро табылып, ол ұрық орны деп аталды. Ол 1831 жылы өсімдік клеткасынан да табылды.

Онан кейін (1839—1840 жылдарда) клетканың ядро-дан басқа белігінің атауы ретінде «протоплазма» термині алынды.

Микроскоптық анатомия саласында да зор жетістіктерге қол жетті. Кейбір органдардың құрылысы сол кездің өзінде мейлінше дәл баяндалғандықтан осы кезге дейін маңызын жоймай келеді.

М. Шлейденнің 1878 жылғы еңбегінде өсімдік организмі клеткалык агрегат деген пайымдау бар. Шлейден клетканың ерекшеленбеген клеткасыз заттан түзілетіндігін дәлелдеп, бүл процесте ядроның маңызды екендігіне назар аударды. Ол клетканың қүрылуы тек ядролық затка байланысты екендігін көрсетті. . Шлсііденнің осы тұжырымын зоолог Г. Шванн..хайу-анаттар организмін зерттеу кезінде басшылыққа алды. Хорда және шеміршек тканьдерін зерттей отырып, клетка гүзілу процесінде ядроның атқаратын қызметінің өсім-діктер мен хайуанаттарда біркелкі екендігін анықтады. Соңғы зерттеулеріне сүйене отырып Г. Шванн жануар-лар тқанінің өсімдіктердсгі сиякты клеткадан түратын-дығын көрсетті. Онын 1839 жылы жануарлар мен есім-діктердің клеткалық құрылысының бірлестігін дәлелдей-тін «Өсімдіктер мен жануарлардың дамуы және олардың қүрылысының үқсастығы туралы микроскоптық зерттеу-лер» деген еңбегі жарияланды.

Келешекте биологиялық жағынан алғанда маңызы зор болған клеткалық теория осылайша қалыптасты.

Клеткалық теорияның емірге келуі XVIII ғасырда басталған микроскоптық зерттеулердің өріс алуына, өза-ра байланысты пәндердің — патологиялық анатомияның, эмбриологияның дүрыс бағытта дамуына жол ашты. Ор-ганизмнің клеткалық қүрылысы белгілі болысымен-ақ клетка жөніндегі түсінік кеңейді. Клетканың сыртқы қа-бығын негізгі қүрылысы деп есептеу тоқтатылып, клетка протоплазмадан қүралған, ішінде ядросы бар тірі дененің бөлігі екені, клетканың бөлінетіндігі анықталды. Алғашыңда бұл процесті ядро мен протоплазманың жай екіге бөліне салуы деп түсінушілік болгандығын айта кет-кен орьшды



Бақылау сұрақтар:

  1. Гистология ө ұлпалар туралы ілім.

  2. Эмбриолоогия ө ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.

  3. Онтогенезге жалпы түсінік берініз.

  4. Эмбриологияның негізгі салушылары.

  5. Микроскопты шығарған ғалымдар.


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  2. З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.

  3. А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

3-4 Дәрістер. Жыныс клеткалары.



Дәрістің мақсаты: Жыныс ктелкаларына жалпы түсінік беру..

Негізгі сұрақтар:

  1. Аталық жэне аналык жыныс клеткаларының микроскопиялык және
    ультраструктуралық кұрылысы, генетикалық функционалдық ерекшелігі. Омыртқалы жануарлардын эмбриогенездік дамуыңдағы ерекшеліктеріне байланысты жүмыртқа клеткасынын типтері. Эмбриогенездің стадиялары. Жьныс клеткаларының дамуы. Сперматогенез. Өрбу дэуірі. Өсу дөуірі. Қалыптасу дэуірі. Овогенез. Өрбу кезі. Өсу дәуірі. Аталык жыныс безі. Аналык жыныс безі.

  2. Урықтану, оның биологиялық маңызы. Бір клеткалы үрык -зигота. Партогенез.
    Бөлшектену. Болшектенудің типтері. Морула. Бласгула. Гаструляция. Гартруляция
    типтері. Үрықтық жапырақшалардың жіктелуі жэне олардын пайда болуы. Ұрыктык жапыракшалардың теориясы жэне оның жануарлардың ата-тегінің бір екенін дәлелдеу үшін маңызы. Білікті органдардыц калыптасуы, үрыктан тыс бөлімдсрдің түзілуі. Мезенхима.

  3. Гистогенез бен органогснез. Амниотгардың эмбриогенезінің негізгі белгілсрі.
    Ланцетниктің дамуы. Жүмыртка күрылысы. Үрықтану. Бөлшсктену. Гаструляция.
    Білікті органдардың пайда болуы. Органогенез. Амфибийдін даму ерекшелігі.
    Бөлшектену мен гаструляцияның ерекшелігі. Амниотгардың эмбриогенезінің негізгі белгілері. Рептилий мен күхтың дамуының ерекшелігі. Жүмырткалардың күрылысы. Бөлшектену мен гаструляцияның ерекшеліктері.


ЖЫНЫС КЛЕТКАЛАРЫ

Аталық және аналық жыныс клеткаларының құрылысы. Организмдердің жеке дамуын зерттеу олардың жыныс клеткаларының құрылысы мен дамуын зерттеуден басталады. Көптеген өсімдіктер, барлық жануарлар жынысты өніп өседі.Жынысты жолмен көбею арнаулы жіктелінген жыныс клеткалары — аталық жыныс клеткасы (сперматозоид) және жүмыртқа аркылы жүзеге асырылады. Бұл клеткалар жыныс бездерінде дамып, маманданғанша бірнеше күрделі өзгерістерден өтеді.

Сперматозоид — өте кіші, жылжымалы клетка. Сперматозоидта да барлық клеткаларға тән ядро, протоплазма және органоидтар болады. Әр түрлі жануарлардың сперматозоидтары түрліше болып келеді. Сперматозоидтардың неғұрлым көп тараған түрі — шыбыртқы тәріз дісі болып келетіндер.

Шыбыртқы тәрізді сперматозоидтар негізінен төрт бөлімнен тұрады. Бас, мойын, аралық бөлім, құйрық (1 сурет). Сперматозоидтың алдыңғы бөлімінде яғни басында, оның кеңейген жерінде жұка цитоплазмамен қапталған ядро болады. Басының алдыңғы жағы тығыздалып, тескіш (перфораторий) түзеді. Ол жұмыртканың қабығын тесуді, спермотозоидтың жүмыртқаның ішіне енуін жеңілдетеді. Мойын, бас пен аралық белімді жалғастырады. Сперматозоидтың денесін оның басынан құйрығына дейінгі жіпше тәрізді өзегі бекітіп тұрады.

Сперматозоидтардың түрі оның басының тескішінің мойнының мөлшеріне, туріне және құйрығындағы протоплазманың ерекшелігіне байланысты. Сперматозоидтар, жыныс жолында шығатын сұйықпен қосылып, жылжымалы болады. Оны спермия дейді. Бір текше миллилитр спермияда 60 миллионға дейін сперматозоид болады. Адамның сперматозоиды мінутына 3—3,5 мм козғалады. Көлемі 60—70 микрон. Аналық жыныс жолында 5 10 күнге дейін өмір сүреді. Қоянның сперматозоиды 8 - 12 сағатқа дейін, бұқаның сперматозоиды сиырдың жыныс жолында 25—30 сағатқа дейін өмір сүре алады. Сперматозоидтардың өмір сүруіне кышқылды орта колайлы. Жарғанаттардың шағылысуы күзде, ұрықтануы, көктемде өтіп, спермасы ұзақ өмір сүреді. Ал, насекомдар, аралар тұқым қабылдаушысында жиналған сперматозоидты бірнеше жылга жеткізеді.



Эпителий тканінің маңызы және жалпы сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты:
Серпімді шеміршек.
Дәрістің мақсаты
Нейрофибрилдер.
Бақылау сұрақтар:

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет