1 Ақуыздардың жалпы сипаттамасы >ІІ. Негізгі бөлім



жүктеу 73.13 Kb.
Дата23.04.2017
өлшемі73.13 Kb.
Жоспар:
І. Кіріспе

1.1. Ақуыздардың жалпы сипаттамасы

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ақуыздардың физикалық және химиялық қасиеттері

2.2. Ақуыздарды бөлу және тазалау әдістері

2.3. Амин қышқылдары – ақуыз гидролизінің негізгі өнімдері, олардың қасиеттері

2.4. Белок молекуласындағы химиялық байланыстар

2.5. Ақуыздардың жіктелуі, сипаты

2.6. Ақуыздардың биологиялық бағалылығы

2.7. Ақуыздардың сіңірілуі

2.8. Ақуыздардың биологиялық түзілуі және оның сатылары

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе


    1. Ақуыздардың жалпы сипаттамасы

Тіршілік – материя қозғалысының ерекше, күрделі формасы. Оның маңызды белгілері – тітіркену, өсіп - өну, көбею. Материяның ең жоғарғы формасы – ойлау. Бұлардың барлығының негізінде зат алмасу жатады. Тіршіліктің мәнін құрайтын да – осы зат алмасу. Зат алмасуақуыздармен және нуклеин қышқылдарымен тығыз байланысты. Ақуыздар – тіршіліктің негізгі нышаны. Ақуыздар жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ақуыздар өмірдің материалдық негізі болып есептелінеді.

Ақуыз деген ат ең алғаш құс жұмыртқасының ақ затына берілген. Ол қыздырғанда ерімейтін ақ затқа айналып ұйып қалады. Кейіннен дәл сондай заттар жануарлар мен өсімдіктердің организмінен де бөліп алынады.

1839 жылы голландия ғалымы Мульдер бұл заттың тіршіліктегі аса маңызына көңіл аударып Ақуызды «протеин» (грек. Protos – ең басты, ең маңызды) деп атауды ұсынды.

Ақуыздар немесе протеиндер деп молекуласы α – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қосылыстарды айтады.

Ақуыздар – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55% көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5 % сутек, 0,3-2,5 % күкірт,1-2 % фосфор болады.

Кейбір ақуыздарда өте аз мөлшерде (0,3-0,00001 %) темір, мыс, йод, марганец, бром, кальций, мырыш және т.б. кездеседі.

Организмде ақуыз алуан түрлі қызмет атқарады. Ақуыздың ең басты қызметі – жеделдету (катализаторлық). Себебі, барлық тірі организмдерде зат алмасу реакциялары ферменттердің барлығы ақуыздардан құралған.

Көпшілік гормандар Ақуыздар болып келеді. Мысалы, оған жататындар : ұйқы безінің гормоны – инсулин, қалқанша безінің гормоны – тироксин, бүйрек үсті безінің гормондары – адреналин, ми қабатының гормондары – соматотропин, окситоцин, вазопрессин және т.б.

Заттарды тасымалдауда да ақуыздың маңызы зор. Заттардың клетка мен органоидтар ішінде қозғалуын ақуыз реттеп отырады, яғни оларды активті түрде тасымалдайды. Соңғы кезде клетка мембранасының құрамында түрлі тасымалдаушы ақуыздардың (АЦБ) болатыны анықталды.

Ақуыздар қорғаныштық қызмет атқарады. Ол организмнің иммундық (ауруға төтеп беру) қасиеттерін жүзеге асырады.

Қанның ұюы да ақуыздың қорғаныстық қасиетіне мысал бола алады. Қанның сарысуындағы фибриноген белогы фибринге өзгеріп, ақыры – фибрин шөгіп ұйыққа айналады. Сөйтіп, жарақаттанған қан тамыры түтігін бітеп, организмнің қансырауына жол бермейді.

Гемоглобин және миоглобин ақуыздардың арқасында өкпедегі және тканьдегі газалмасу, яғни тыныс алу және тыныс шығару жүзеге асырылады.

Ақуыздар– энергияның көзі. 1 г ақуыз тотыққанда 17,2 кДж (4,1 ккал) энергия босап шығады. Сонымен бірге ақуыз тың тағы бір маңызды қызметінің бірі – оның құрылыс материалдары ретінде пайдаланылуы. Олар тіреу, бұлшықет және жабын тканьдерінің (сүйек, шеміршек, сіңір, тері) негізін құрайды.



ІІ. Негізгі бөлім

    1. Ақуыздардың физикалық және химиялық қасиеттері

Ақуыздардың физикалық және химиялық қасиеттері организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды.

Ақуыздар – жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Табиғатына байланысты ақуызтардың молекулалық массасы барынша өзгере алады. Кең таралған ақуызтардың молекулалық массасын мына сандармен межелеуге болады: инсулин – 35000, пепсин – 39000, гемоглобин – 68000, жұмыртқа альбумині – 40500.

Ақуызтар ерітіндісі коллоидтық сипатта болады. Көп ақуызтар суда, тұз ерітіндісінде және қышқылдарда ериді. Ақуыздардың барлығы дерлік сілтілерде жаксы ериді, ал органикалық еріткіштерде ерімейді. Ақуыдар лиофильды (грек. лио – ерітінді, филио- сүйемін) коллоидтық ерітінді құрады.

Коллоидты ерітінділерге молекулярлы – кинетикалық, оптикалық, электрлі кинетикалық қасиеттер тән.

Молекулярлы – кинетикалық қасиеттері коллоидты бөлшектердің мөлшеріне, ерітіндінің рН мәніне, сыртқы температураға және т.б. байланысты. Белоктардың коллоидтық ерітінділері ең төмен (диффузия коэффициентіне, төмен осмос қысымына 0,273 – 0,364 Па), бірақ жоғары салыстырмалы тұтқырлық пен ісіну дәрежесіне ие болып келеді. Организмдегі судың 80 – 90 % -і ақуыздармен байланыста болады.

Коллоидты ерітінділерді алудың негізгі екі жолы болады:


  1. ірі бөлшектерді ұнтақтау, немесе дисперстеу әдісі. Дисперстеу әдістері: механикалық, электрлік, ультра дыбыспен дисперстеу және пептизация әдістері болып төртке бөлінеді.

  2. атомдарды немесе молекулаларды агрегациялау, яғни өзара біріктіріп, ірілендіру жолы. Бұл әдісті конденсациялау деп атайды.

Конденсация әдісімен коллоидты жүйелерді алудың мынадай жолдары бар: дисперсионды ортаны алмастыру әдісі немесе конденсациялау және химиялық әдіс.

Белоктардың коллоидтық ерітінділерінің электрлі – кинетикалық қасиеті олардың бөлшектеріндегі қос электрлік зарядымен анықталады. Коллоидты бөлшегі ядродан, адсорбциялық және диффузиялық қабаттан тұрады. Ядро және адсорбциялық қабатты гранула, ал бүтін бір бөлшекті мицелла деп атайды.

Адсорбциялық және диффузиялық қабаттағы қарсы иондардың арасында дзета – потенциал нольге тең болса, ақуыз молекуласы электр өрісінде қозғалмайды. Ақуыз зарядын жоғалтады. Ақуыздың бұл күйін изоэлектрлік күйі дейді. Ал, ақуыз изоэлектрлік күйге рН – тың белгілі бір мәнінде түседі: жұмыртқа ақуызы 4,8, гемоглобин 6,7, лизин 5 т.т. Оң және теріс зарядтар теңесетін реакциялық ортаны, яғни изоэлектрлік күйге түсетін әр ақуыздың өзіне тән белгілі рН мөлшерін изоэлектр нүктесі деп атайды. Ақуызтардың изоэлектрлік нүктесінің нәтижесі (рН) олардың құрамындағы амин қышқылдарына байланысты.

Коллоидты ерітінділердегі бөлшектердің өзара бірігіп іріленуін коагуляция (ұю) деп атайды. Ұю басталғанда жүйе әуелі лайланады. Іріленген бөлшектер ауырлық (салмақ) күшінің әсерінен тұнбаға түседі, яғни сидементация процесі жүреді, шөгінді пайда болады.

Коагуляция қайтымды және қайтымсыз болып екі түрге бөлінеді. Егер коллоидты бөлшектің тек сольватты (гидратты) қабаты ғана бұзылса, онда оны қайтымды коагуляция дейді. Ал, ақуыз құрылымының өзгеріп, ерімейтін күйге айналуын қайтымсыз коагуляция, немесе денатурация деп атайды.

Белгілі жағдайда ақуыз молекулуласын гидраттаудан гельдер пайда болады. «Су – желатина» жүйесі мысал бола алады.

Ақуыздар амин қышқылдары сияқты амфотерлік қасиетке ие. Құрамында карбоксил тобымен қатар, амин тобы болғандықтан, олар қышқыл немесе негіз сияқты диссоциацияланады. Белоктар судағы ерітіндісінде ионданған түріне өтеді.

R CH COOH R CH COO-

NH2 NH3+
Белоктардың ерітіндісі қышқылдық ортада оң зарядталады да, реакцияға катион ретінде қатысады :
R CH COO- +H+ R CH COOH

NH3+ NH3+

Сілтілік (негіздік) ортада теріс зарядталады да, реакцияға анион ретінде қатысады:

R CH COO-+OH- R CH COO-+H2O

NH3+ NH2
Белок еріткіштің реакциясына байланысты қышқыл секілді (сілті ерітіндісінде), немесе сілті сияқты (қышқыл ерітіндісінде) диссоциацияланады. Осыған орай ақуыз ерітіндісі арқылы электр тоғын жіберетін болсақ, онда сілті ерітіндісінде ақуыз молекуласы анодқа, ал қышқылда катодқа қарай жылжиды. ақуыздардың осы бір қасиеті, оларды электрофорез әдісімен бөлуге мүмкіндік береді. Электр өрісі әсерінен дисперсті фаза бөлшектерінің катодқа, немесе анодқа бағытталып қозғалуын электрофорез деп атайды.

Ақуыздарды анықтауда бір қатар түрлі – түсті реакциялар бар.

Биурет реакциясы. Мыс тұздарымен, жеке сілтілермен ақуыз күлгін түске боялады. Бұл реакция пептидті байланысы бар заттарға тән.

Ксантопротеин реакциясы. Азот қышқылымен ақуыздар сары түске боялады, оған аммиакпен әсер еткенде қызғылт сары түске өтеді. Бұл реакция кезінде ароматты амин қышқылы ақуыздарда болатын ароматты сақинаны нитрлеу жүреді.

Миллон реакциясы. Азот қышқылындағы сынап нитратының ерітіндісімен ақуыздар қызыл түске боялады. Бұл реакция фенол тобының барлығына байланысты.

Сульфгидрилді. Натрий плюмбитімен ақуызды қыздырғанда, қара түсті қорғасын сульфиді тұнбаға түседі. Бұл реакция сульфгидрилді топтың (-SH) барлығын көрсетеді.



Нингидрин реакциясы. α – амин қышқылдары және полипептидтер нингидрин ерітіндісімен қыздырғанда көк түс пайда болады. Бұл қасиетті амин қышқылдарын хроматография әдісімен анықтағанда қолданады.
: uploads -> doc -> 111b
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
111b -> Сабақтың тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың хромасомалық теориясы Т. Морган заңы Сабақтың мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет