Қ. А. Асқарбаева, З. Ж. Сейдахметова эмоциялық стресс әсері кезіндегі егеуқҰйрықтардың Қанындағы с витаминінің МӨлшері



жүктеу 81.08 Kb.
Дата14.07.2017
өлшемі81.08 Kb.
ӘӨЖ 612.014.46+547. 616.664
Қ.А.Асқарбаева, З.Ж.Сейдахметова

ЭМОЦИЯЛЫҚ СТРЕСС ӘСЕРІ КЕЗІНДЕГІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ҚАНЫНДАҒЫ С ВИТАМИНІНІҢ МӨЛШЕРІ
1 Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы

2 ҚР БҒМ Адам және жануарлар физиологиясы, Алматы

kura13@mail.ru


Аскорбин қышқылы немесе С витаминiнің антиоксиданттық қасиетiнiң ерекшелiгi тотығу процесiне қарсы тұру қабiлетiне байланысты болады. Ол бос радикалдарды тежеу реакцияларында қолданылатын сутегінің екі атомын оңай бере алады. Сонымен қатар, С витаминiнің жоғары концентрациясы ісік, диабет, атеросклероз, т.б. көптеген аурулардың туындауына негіз болатын оттегінің бос радикалдарын жояды. Организмнiң клеткалық деңгейiнде тiршiлiктегi маңызы зор құрылымдарды зақымданудан химиялық белсендiлiгi аса жоғары антиоксиданттардың қорғауы, оларды қолданудың тиiмдiлiлiгiн айқындай түседi [1].

С витамині бос радикалдарды бейтараптауда, рак және цинга ауруларын алдын алуда және де басқа физиологиялық қызметтерде ерекше рөл ойнайды. Егеуқұйрықтарда С витамині бауырындағы глюкозадан L-гулоно-оксидаза фермент көмегімен синтезделеді [2]. Адамдарда осы ферменттің жоқ болуынан, тағы да басқа D-глюкуроно редуктаза деген ферменттің болмауынан С витамині мүлдем синтезделмейді. Кандайда уақытта болсада егеуқұйрықтардың организмінде С витамині 20-30 мг болады, бұл ересек адамдарға баламалағанда 7,5 г болады.


С витамині стресс гормондарынан пайда болған майды оңай сіңімді түріне айналуына жағдай туғызады [3,4]. Ол дәнекер ұлпаларын шымыр болуына, тамыр қабырғаларын қатайтуға, әжімдер мен қыртыстарды болдырмауға, организмде қанның ұюына, ұлпалардың қалпына келуіне көмектеседі. Осыған байланысты, адамның эмоциональдық жағдайында, экстремальды уақыттарда оптимальды және рациональды шешім қабылдауына келгенде ерекше рөл ойнайды. Бұл дегеніміз норадреналиннің өндірісінде С витаминнің қатысуымен болады, яғни ол организмге тітіркендіргіш болып қана қоймай, ойды түйіндеуге мүмкіндік жасайды. Кейбір жағдайларда стрестік факторларға қарсы организмнің эндогенді антиоксидантық қорғанысы жеткіліксіз болып жатады. Осыған орай, жұмысымыз организмнің төзімділігін жоғарылатуға арналған өзекті мәселе болып табылады.

Біздің жұмыста жүктілік кезеңінде стреске шалдыққан организмнің биологиялық мембраналарының төзімділігіне С витаминінің әсерін зерттеу мақсат етілді.

ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДIСТЕРI

Зерттеу жұмыстары Адам және жануарлар физиологиясы институтының лактация зертханасында жасалды.

Қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибеде in vivo жағдайында салмақтары 180-250 г болатын зертханалық ұрғашы ақ егеуқұйрықтардың сүт безінің секреторлы клетка мембраналарының физиологиялық қасиеттері мен антиоксиданттық жүйесінің күйі зерттелді

Егеуқұйрықтарға эмоциялық стрестің 2 түрі қолданылды: 1) сүт түзуші егеуқұйрықтар үшін – бір апта бойы тәулігіне 5 сағатқа енесі балаларынан күніне мөлдір тосқауылмен ажыратылып қойылды; 2) буаз егеуқұйрықтар үшін - Е.А. Юматов және т.б. ұсынған эмоциялық стрестің физиологиялық адекватты моделі пайдаланылды [5].



Е және С витаминдерін анықтау әдістері. Егеуқұйрықтардың қан плазмасы құрамындағы Е витаминінің мөлшерін спектрофлюориметрлық әдісімен «ФЛЮОРАТ» анализаторда анықтадық [6] .

С витаминінің мөлшерін спектрофлюориметрлық әдісімен «ФЛЮОРАТ» анализаторда анықтадық [7].

Алынған нәтижелердің статистикалық өңделуі. Алынған нәтижелердің арифметикалық ортақ көрсеткіші, ортақ квадраттық ауытқуы, ортақ арифметикалық қатесі есептелініп, Microsoft Excel бағдарламасымен өңделдi. Фишер-Стьюденттiң критерийi ескерiлiп, параметрлер өзгерiсi р 0.05 болған кезде дұрыс деп ұйғарылды.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ

С витамині немесе аскорбин қышқылы және де Е және К витаминдері де табиғи суда еритін антиоксиданттар болып табылады, клетка сыртындағы антиоксиданттық жүйеде доминантты орын алады және токоферолмен өте тығыз байланыста болып, антитотықтырғыш қасиетіне келгенде, SH–глутатионға қарағанда да айтарлықтай басып озады. Антиоксиданттық жүйеде С витаминінің рөлі өте жоғары, сондықтанда психоэмоциялық стресс кезіндегі эндогенді витаминнің мөлшерін зерттедік .



Абцисс өсі: жануарлар тобы; ординат өсі: С витаминнің мөлшері, мг/мл; * - р≤0,05.

Сурет 1 - Эмоциялық стресс кезіндегі буаз егеқұйрықтардың

қанындағы С витаминнің мөлшері

Аскорбин қышқылы барлық жануарлардың организмінде синтезделеді, теңіз шошқаларын, примат және адамдарды санамағанда. Егеуқұйрықтарда С витамині бауырында глюкозадан L-гулоно-оксидаза деген ферменттің көмегімен синтезделеді [8].

Абцисс өсі: жануарлар тобы; ординат өсі: С витаминнің мөлшері, мг/мл;

* - р≤0,05.

Сурет 2- Эмоциялық стресс кезіндегі емізуші егеқұйрықтардың

қанындағы С витаминнің мөлшері

Суреттерде көрініп тұрғандай психоэмоциялық стресс кезінде С витаминінің мөлшеріне айтарлықтай әсерін тигізген. Бақылау тобындағы буаз егеуқұйрықтардың С витаминінің мөлшері 0,068 мг/мл болса, ал психоэмоциялық стресс әсері кезінде 0,023 мг/мл-ге дейін түскен. Бақылау егеуқұрықтарда лактация процесінің пайда болуымен С витаминінің денгейі төмендеген, бұл, сірә лактогенез кезеңінде синтетикалық процестердің қарқындылығымен байланысты болады. Сондықтанда стресс кезінде С витаминін жеткілікті ұстау үшін, биологиялық белсенді заттарды қолдана отыру керек.Сонымен, эмоциялық стресс кезінде сүт түзуші жануарларда С витаминінің мөлшері бақылау топпен салыстырғанда 0,032 мг/мл-ге дейін төмендеді.



ҚОРТЫНДЫ

Стрестік әсер кезінде С витаминдерінің мөлшері төмендегені байқалды. Тотығу стресі кезінде белсенді оттегінің өнімдерінің шектен көп шығындалуынан антиоксиданттық әсер көрсететін С витаминдерінің де жұмысалуы себебі болып табылады.

Біздің зерттеулерімізде, эмоциялық стресс буаз және сүт түзуші жануарлар организмінің антиоксиданттық жүйесіне де жағымсыз әсер ете отырып, қан құрамындағы витаминдер мөлшерінің төмендеуіне алып келді. Эмоциялық күйзеліс буаз және емізуші жануарлардың қан құрамындағы С витаминдерінің мөлшерін төмендетті.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Трубников Г.А., Журавлев Ю.И. Антиоксиданты в комплексной терапии больных хроническим бронхитом //Российский медицинский журнал.   – 1998. - № 2. – С. 38–41.

2.Johnson L.J., Meacham S.L., Kruskall L.J. The antioxidants - vitamin C, vitamin E, selenium, and carotenoids //J Agromedicine. – 2003. – Vоl. 9(1). – P. 65-82.

3. Kleczkowski M., Klucinski W., Sikora J., Zdanowicz M., Dziekan P. Role of the antioxidants in the protection against oxidative stress in cattle - nonenzymatic mechanisms (Part 2) //Pol J Vet Sci. – 2003. - № 6(4). – Р. 301-8.

4. Мельник А.И., Юлиш Е.И., Борисова Т.П. и др. Иммунокорригирующая и антиоксидантная терапия в лечении и профилактике рецидивов хронического гепатита у детей //Научно-медицинские будни. – 2000. – С. 15-19.

5.Юматов Е.А., Певцова Е.И., Мезенцева Л.К. Физиологически адекватная экспериментальная модель агрессии и эмоционального стресса //Высшая нервная деятельность. – 1988. - Т. 38, № 2. - С. 350-353.

6.Taylor S.L., Landem M.R., Tappel A.K. Sensitive fluormetik methol for tissue tokoferol analisis //Lipids. – 1976. – Vol.11. - №7. – Р. 530-538.

7. Методика выполнения измерения массовой доли витамина С в пробах флюорометрическим методом на анализаторе жидкости «ФЛЮОРАТ» //Методика М 04-07-2005, «ЛЮМЕКС».

8.Guaiquil V.H., Vera J.C., Golde D.W. Mechanism of vitamin C inhibition of cell death induced by oxidative stress in glutathion- depleted HL-60 cells //J. Biol. Chem. - 2001. - Vol. 276(44). - P. 40955-61
Резюме
Зерттеу нәтижесі жануарлардың буаз және лактация кезеңінде организмде С витаминінің тапшылығы жоғарылап және оған қосымша эмоциялық стресс, яғни енесінің балаларын мөлдір тосқауыл арқылы бөлу әсері кезінде организмдегі антиоксиданттық қорғаныс жағдайының тұрақтылығың бұзылуына әкелетіндігі анықталған. Жұмыстың нәтижелері жеткілікті материалдардан алынып, статистикалық жағынан өңделген.

Резюме

Выяснено, что нехватка витамина С во время лактации и беременности вызывает эмоциональный стресс. Разделение детёнышей и матери приводит к нарушению устойчивой защиты организма детёныша. В результате проведения исследований собрано необходимое количество материала и проведена статистическая обработка.



Abstract

Shortage of vitamin C during the periods of lactation and pregnancy was revealed to cause an emotional stress. Separation of cubs and mother led to disturbance of steady protection of cub organism. As a result of carrying out researches the necessary amount of material was collected and statistical processing was carried out.


Қ.А. Асқарбаева, З.Ж.Сейдахметова

«Эмоциялық стресс әсері кезіндегі егеуқұйрықтардың қанындағы С витаминінің мөлшері» атты мақаласына

ПІКІР
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты буаздық пен лактация кезеңдерінде жануарлардың қанындағы С витаминінің мөлшеріне эмоциялық стрестің әсерін анықтау.

Қазіргі уақытта адам мен жануарларда С-авитаминоздың пайда болуы өз кезегінде клеткалардың физика-химиялық қасиеттері мен қызметінің өзгеруімен байланысты мембраналардың ультарақұрылымының бұзылуынан туындайтыны күмән туғызбайды. С витамині стресс гормондарынан пайда болған майды оңай сіңімді түріне айналуына жағдай туғызады. Ол дәнекер ұлпаларын шымыр болуына, тамыр қабырғаларын қатайтуға, әжімдер мен қыртыстарды болдырмауға, ағзада қанның ұюына, ұлпалардың қалпына келуіне көмектеседі. Адам үшін С витаминінің тұрақты мөлшері жайлы ортақ пікір жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша әйелдер үшін С витамині күніне 8 мг және еркектер үшін - күніне 10 мг.

С витаминін әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданады. С витаминiнің жоғары концентрациясы ісік, диабет, атеросклероз, т.б. көптеген аурулардың туындауына негіз болатын оттегінің бос радикалдарын жояды. Организмнiң клеткалық деңгейiнде тiршiлiктегi маңызы зор құрылымдарды зақымданудан химиялық белсендiлiгi аса жоғары антиоксиданттардың қорғауы, оларды қолданудың тиiмдiлiлiгiн айқындай түседi

Бұл жұмыста буаз және сүт түзуші егеуқұйрықтардың қан плазмасындағы С витаминінің мөлшерін анықтаған. Зерттеу нәтижесі жануарлардың буаз және лактация кезеңінде организмде С витаминінің тапшылығы жоғарылап және оған қосымша эмоциялық стресс, яғни енесінің балаларын мөлдір тосқауыл арқылы бөлу әсері кезінде организмдегі антиоксиданттық қорғаныс жағдайының тұрақтылығың бұзылуына әкелетіндігі анықталған. Жұмыстың нәтижелері жеткілікті материалдардан алынып, статистикалық жағынан өңделген.



Зерттеу жұмысына қазіргі жаңа әдістер қолданылған. Бұл сұрақтың өзектілігіне күмән тудырмайды. Мақала қазіргі талаптарға сай және жұмыстың нәтижелерін баспадан шығаруға ұсынылады.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет